Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» акционерлік қОҒамының филиалы атырау облысы бойынша педагогикалық



Pdf көрінісі
бет29/70
Дата11.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#483011
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   70
«Өзін-өзі-тану»-пәні-бойынша-көмекші

Еріктің үш түрі:
Бес сезім мүшелерінен шығатын тілектің орындау еркі
Қиялдаудан шығатын тілектің орындалу еркі (билік, статус)
Жоғары ақылдан шығатын тілектің орындалу еркі (адамгершілік, игі істер 
жасау).
-Адамның мұрат-мақсаты неде?–Бақытында.
- Бақытқа қалай қол жеткізуге болады? 
- Білім мен мінез-құлық арқылы. 
- Білім қандай болуы керек? 
-Білім–ол барлық жан атаулыны білу және оны жаратушыны да. Бұл-
қайырымды мінез-құлықтан.


37 
-Бұл білімді қалай ұғамыз? 
-Оны зерттеу, тәрбиелеу өнері, оқу арқылы ұғындыруға болады. Бақыт-
әрбір адам ұмтылатын мақсат.
Жүсіп Баласағұн (1017–1075 ж.) ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері 
Баққан ұлдан сәл талса, назарың – 
Түбі соның тарттым дей бер азабын.
Тәрбиесіз бала білім ұғар ма? – 
Олай болса, уысыңнан шығарма.
Қатты тәртіп көрсе, бала күнінде, 
Өнерімен қуантады түбінде.
Соңыра күн қалмау үшін табаға, 
Жөнге салып, ие болғын балаға.
Қатал ұста, бос жүрмесін сандалып, 
Тәртіп болса, өсер бала сомдалып.
Ұл, қыздан да жаман мінез шығады, 
Қырсық қылық тек әкеден жұғады. 
Өмірде бәрі ұмытылады, бірақ «ізгі іс» пен «даналық сөз» өшпес із 
қалдырады. 
1.Адам баласының қадір-қасиеті – білім мен ақылда. Ол адам кемелденуінің 
алғашқы жолы. Ғылым іздеу – мұсылманның бір парызы;
2.Тілдің пайдасы мен зияны бірдей; 
3.Ізгілік – адамзат үшін ең қажетті қасиет; 
4.Даңқ пен дәулетке мастанба, ол бір орнында тұрмайды;
5.Әділеттің жолын қу, шыншыл бол;
6.Сараңдық пен ашкөздіктен аулақ бол 
7.Бек кісіге–керек ұят, ақыл, ар, 
Зұлмат күш жоқ, ақыл – арды жапырар. 
Ұяты бар адамдар пәк, момын да, 
Ұятты іске тигізбейді қолын да. 
Кімге тәңір берсе ұят, намысты, 
Оған қоса бергені құт, даңқты!  
Махмұт Қашқари (1029-1101)түркі ғалымы 
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, 
М.Қашқаридің 
тәлім-тәрбиелік 
идеяларының 
тұжырымдамалық 
негізі 
анықталса, онда педагогика ғылымының теориясы мен тәжірибесін жетілдіруге 
мүмкіндік туады, өйткенi аталған ғұламалардың еңбектері қазақ педагогика 
ғылымының дамуына жаңа бағыт беріп, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудың 
тиімділігін арттыратын құнды идеяларды ұсынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет