Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» акционерлік қОҒамының филиалы атырау облысы бойынша педагогикалық


жүрек» – балауса шақ, «Жаз-жігер»



Pdf көрінісі
бет31/70
Дата11.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#483011
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70
«Өзін-өзі-тану»-пәні-бойынша-көмекші

жүрек» – балауса шақ«Жаз-жігер»–нағыз қамал алып, орда бұзар кезең, «Күз-
ақыл»–ата атанып, бәйгеге қосқан жүйрігіңнің тізгінін тартар тұс. Соның 
бәрінен сүрініп жүріп те сергек өткен адам үшін немере сүйіп, ұрпақ қызығына 
ағыл-тегіл шаттанатын және оларға ақ батаңмен ақжол тілейтін мәуелі маусым–
«Қыс-парыздың» да орны ерекше-ау! Бірақ, Көктемің–жырлы, Жазың– 
бәйгелі, Күзің–сырлы, ал Қысың – сабырлы болсын десең, сол есею кезеңдерінің 
алмасқан сәттерін дер кезінде жазбай аңдап, соған лайық мінез таныта білсек, 
қандай! Жалғанның оп-оңай жазым етер алдамшы «қызығына» босқа малданып, 
текке арамтер болмай,өзіңнің жас пен жасамыс, егде мен еңкейген 


40 
жылдарыңның әрқайсысының бағасын біліп, қадір-қасиетіңді жоғалтпау ләзім 
шығар. 
«Атысу, аңдысу мен таласудың
Санасу, табысу мен жарасудың, 
Мінезін мынау адам баласының 
Білсем деп құпиясын аласұрдым…» (М. Мақатаев, ). 
Тірліктің тәтті ұйқы мен ашкөз қомағайлықтан, яғни өзіңді-өзің еркін 
меңгеріп, ерік-жігеріңді билей алмаудан асқынатын әсіре «қызылы» мен әзәзіл 
ләззатына салынып, көрсеқызарлық, құмарлық, мансапқорлық, дүниеқоңыздық 
сияқты сырқатына шалдықсаң-ақ, шектен көп шекер де «У» - ға айналып, тірідей 
«жерлеп» тынады. Сондықтан адам рухы асқақ болып, тән оның құлы ретінде 
қызмет етсе, шіркін!Керісінше жағдайда, пенденің хайуаннан айырмасы, фәниде 
мән-мағынасы жоқ.Кемеңгер Шәкәрім қажы айтпақшы: «Тән–терезе, ой қожасы; 
оймен анық байқасаң» немесе «жан қожа тәнге, тән құлы;еріксіз айдап жүр 
демек». 
Жан адамды жүрек арқылы билейді. Жүрек аса сезімтал:көреді, естиді, 
сөйлейді және талдайды,зерделейді,түйіндейді, шешім қабылдайды. Жүрек сезім 
пернесі арқылы тыныстайды және өз әмірін тағы да сол сезім құдіреті 
арқылы жеткізеді.Ал, сезімнің дүр қасиетін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін 
бе?! Көк жүзінен себезгілеген сәуледей жарқын, самал сүйген гүлдей нәзік, 
телегей теңіздей тұңғиық, кеңістіктей шексіз де шетсіз ол… нәзік, мөлдір, терең, 
сыршыл, жүйрік, намысшыл және мейірімді, қатал, аса кешірімшіл. Себебі, ол 
алғыр, адал, сабырлы, жанашыр, батыр, зерделі, аса әділетті. 
Жүректен туса солай, жүректерге жетеді. Қуантады, ренжітеді, толғантады, 
тебірентеді. Маңдайыңды, тіпті тасқа ұрғыза отырып та үйретеді, үлгі етеді. 
Сезім сөлін сезіне алсаң, көгінде шарықтап, тереңінде тебірене алсаң, «өмір» 
деп, лүпіл қаққан жүрек тілін түсіне алсаң, адам деген атты ардақтай алсаң, 
үкілеп, үміт артады. Алға мақсат қоясың, арман қанатында қалықтап, шыныға 
түсесің, адам боп өтуді аңсайсың. Егер сезім селкеу тартса, сөзде салмақ, істе 
қадір, тірлікте мағына қалмайды. Адамға тән асыл қасиеттерді азырқанып
оларды нағыздандырмақ болып нағыз адам, жаңа адам, нағыз батыр, нағыз 
ғалым, нағыз туыс, тіпті мөлдір махаббат, т.с.с. іздеп әлекке түсетініміз де сол 
адами құндылықтардың сұйылған татымсыз сиқы ғана. Шындығында, адам мен 
оған тән адами қасиеттер–ешқандай қосымшасыз-ақ асқақ. 
Сезім–қатал.Шынайы болған соң солай.Найзағайдай жарқылдайды, 
жаныңды шүберекке түйесің.Жүректен туған соң солай. Сене тұрып, сүйе тұрып 
алдансаң. Аянбайды ол. Небір қатыгез қару-жарақ та, зәрлі зілзала да оның 
жанында түкке тұрмайды. Ештеңені бүйім көрмейді.Сезім наласы жойқын. 
Назаланған жүрекке де, жазаланған жүрекке де – жантәсілім.Жарады, жарылады. 
Жалын жүрек күрт суынса-күлпарша.Жүректегі жарылысқа тең келетін 
ешқандай қуат жоқ. 
Сезім – сабыр екен… сарыуайымға салынбай, сабыр табу да рухқа тәуелді-
ау! Сабыр… сұлу сезімнен салиқалы ой, сындарлы пікір туса керек. 


41 
Сезім… ән мейірім екен. Неткен ғажап, еріксіз таңданасың.. Ән– сезім, дара 
туып, дүйім жұртты дүр сілкіндіретін сезім және сезім болғанда да топта талай 
сыналған сұлу да сырлы дүр сезім емес пе?! 
Сезім ақ пен қараны ажыратуға үйретеді екен. Сөйтіп, өзіңше, яғни өзгеше 
пікір түюге түрткі болады.Сөйлейсің, сезіп, білгеніңді сыртқа шығарып, 
бөлісесің, ұстанымыңды айқындайсың, 
өмірге 
араласасың, 
қайралып, 
қайраттанасың. Сөз саптауың бірте-бірте түзеліп, шаруаң шымырлана түседі. 
Сөйлейсің… есейесің.. 
Сезімнің төресі туған елге деген махаббат, оның еңсесі Эверестей асқақ, 
мәртебесі мәңгі болса деген Арман! Аспандай асқар, теңіздей терең де телегей
кеңістіктей кеңбайтақ, алмастай өткір алты алаштың талай ақ иық ұлдарының 
аманаты бұл.
Сезім… сенім–ерекше сезім. Мөлдір сезім жүректен туады, жүрекке жетеді. 
Жүрек сенеді, кейде тым аңғал-ақ. Оған, бірақ не дерсің? Адам болған соң, 
өмірге сену, замандасқа адалдық табиғи сезім. Онсыз мынау қатал тірлікте бақас 
күйбеңнен басқа не мән қалады?! 
Сенім–терең 
адами,ерекше 
қасиет.Ең 
әуелі, Жаратқанға, 
оның 
жалғыздығына сенім.Сосын тағы да өзің сияқты Құдай сана берген 
замандастарыңа сену. Басқаша болуы, тіпті де мүмкін бе?! 
Сезім–сағыныш.Ол сөйлемейді, өз шуағына бөлейді. Бұл жерде оған ең 
соңғы жетістік дейтін техникаң да, көктегі спутнигің де тең келмейді. Олар 
ұшқыр да алғыр сезімнің, мәртебелі мәдениеттің жемісі ғана ғой. 
Сезім 
аса кешірімшіл, 
пернесін 
тап бассаң шапағаты 
мол. 
Шынайы болған соң солай.Өкпесін ұмытады, елжірейді, аялайды.Жүректен 
туған соң солай.Түсінуге тырысады,жақсысын жадында 
тірілтеді,тағы 
да 
жүрекке жүгінеді. Мұзды ерітіп, тасты жібітеді. Кешірмейтін не бар бұл тірлікте. 
Кешіре білу–ұлы сезім. 
Сезім–сәйгүлік, тіпті уақытқа да шаң қаптырады.Шынайы болған соң солай. 
Ол алдын-ала ойланады, алаңдап, қамқор болады. Жүректен туған соң солай. 
Бауырдың басы ауырса, бүйіріңе батып, жақын-жуық қысылса, жаның бірге 
сыздайды. Ұрпағыңның болашағын ойлайсың, армандайсың. Бұл уақ сәйгүлік 
сезім небір тұмсығымен құс ілген тұлпарыңа да қарасын көрсетпейді. 
Сезім… ол адамның жанын да, тәнін де билейді.Өзіндік бір күретамыр 
іспетті:бүлк-бүлк 
соғып,ерік-жігеріңді 
басқарады,мінез-құлқыңнан, 
іс- 
әрекетіңнен көрінеді. Жаны сұлудың өмірі–өнеге. 
Сезім–арман,жақсылыққа құштар жүректің арманы, фәнидегі сенімді серігі, 
адастырмас жарық жұлдызы. Ол әр кез жасындай жарқ ете түсіп, жер-
желмаясындағы 
жолаушының 
жанын 
сезім 
сәулесімен 
нұрландырып, замандасқа ғашық етеді, оның өмірі мен айтар өнегесі де сол 
Арман! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет