Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме – библиография бөлімі



Pdf көрінісі
бет5/27
Дата14.11.2023
өлшемі0.6 Mb.
#483209
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
«Алаш» партиясы 
«Алаш» партиясы съезінің қаулысы 
 
20 ғасырдағы қазақ тарихында 
терең із қалдырған «Алаш» партиясы – 
қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық 
партиясы (1917-20). Алаш партиясының 
өмірге келуі, біріншіден, қазақ елінің 
қоғамдық дамуының жаңа экономикалық 
саяси және рухани негізде қайта құру 
қажеттілігінің 
пісіп 
жетілгендігін, 
екіншіден Ресей империясының Қазақстанда орнатқан отарлық басқару 
жүйесінің дағдарысқа ұшырағандығын көрсетті. Қазақ зиялылары қоғамдық 
сұранысқа сай партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында 
(1905-07) қолға алды. ХІХ ғасырда патша өкіметі қазақ жерін бөлшектеп 
дүркін-дүркін әскери-саяси реформалар жасап, бір-тұтас қазақ халқын бір-
бірінен әкімшілік территориялық бөлінісіне қарай бөліп жіберді. Қазақ жері 
Орынбор, Дала, Түркістан генерал-губернаторлығына және Астрахан, Томск, 
Закаспий болып бөлініп басқарылды. Осы тұста 1917-1919 жылдары Алашорда 
үкіметінің көсемдері автономия жариялай отырып әр тұсқа шашырап кеткен 
қазақ халқының басын біртұтас мемлекетінің туы астына біріктіруге күш 
салып, Алашорда үкіметі құрды. Алаш партиясы - казақ халқының тұңғыш 
ұлттық-демократиялық партиясы (1917-1920 жж.). Алаш партиясын кұру 
жөніндегі мәселе 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында I 
Жалпықазақ съезінде талқыланды. Алдымен Ә.Бөкейхановтың жетекшілік 
етуімен Партияның облыстық ұйымдары кұрылды. 1917 жылдың қазан айында 
Семейде (төрағасы - Халел Ғаббасов), Омбыда (төрағасы - Айдархан 
Тұрлыбаев), ал қараша айында Орынборда (төрағасы - Әлихан Бөкейханов) 
облыстық партия комитеттері ұйымдастырылды. 
Жаңадан құрылған партия «Алаш» деген атқа ие болды. Бүкілресейлік 
мұсылмандар кеңесіне сьезд шешімімен Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев, 
Семейден Әбікей Сәтбаев, Торғайдан Әлжан Байғарин, Оралдан Жаһанша 
Досмұхамбетов, Бөкейден Уәлихан Таңашев, Жетісудан Базарбай Мәметов
Сырдариядан Мұстафа Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланды. 
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов сияқты қазақтың либералды-
демократиялық интелегенциясының көсемдері басқарған Алаш партиясының 


10 
құрамына әуел бастан-ақ қазақтың ғылыми және шығармашылық 
зиялыларының 
белгілі 
өкілдері 
– 
М.Тынышбаев, 
М.Жұмабаев, 
Ш.Құдайбердиев, 
Ғ.Қарашев, 
С.Торайғыров, 
Х.Ғаббасов, 
Ә.Ермеков, 
Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов, т.б. кірді.
«Алаш» партиясының басшылары, 1917, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет