Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет46/66
Дата15.11.2023
өлшемі0.73 Mb.
#483348
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66
Дәрістер

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


30 
10-тақырып. Ас қорыту жүйесі, оның жас ерекшеліктері 
Ас қорыту жүйесінің құрылысы, маңызы. Тіршілік процестерінің негізі организмде үздіксіз 
жүріп отыратын және оның тіршілігіне қажет энергияның бөлінуіне әкеліп соғатын заттардың алмасуы. 
Заттардың алмасуы үшін организм құрамында күрделі органикалық заттар - белок, май, көмірсу 
және минералды тұздар мен витаминдер, су бар қоректік заттарды үнемі қабылдап отыру керек. 
Бірақ органикалық заттар ағзаға түскеннен кейін қорытылып, дененің ұлпаларын жасауға қажетті 
қарапайым заттарға бөлінеді. Астың қорытылуы деп олардың физикалық және химиялық процестерге 
ұшырап, мономер түрінде қан мен лимфаға сіңуін айтады. Органикалық заттардың ағзада ыдырауы
(қорытылуы) ферменттер арқылы іске асады.
Асқорыту жүйесіне: асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері жатады. Асқорыту мүшелері - ауыз 
қуысы, жұтқыншақ, өңеш, ас қазан, ащы ішек (үшке бөлінеді – ұлтабар немесе он екі елі ішек, аш және 
мықын ішек), тоқ ішек, ал асқорыту бездеріне үш жұп сілекей бездері, бауыр және қарын асты (немесе 
ұйқы) безі жатады. Асты қорыту «конвейер негізінде» жүреді: ас қорыту жолдарының әр бөлігінде 
жеген тамақтың біразы ғана қорытылады. 
Асқорыту мүшелерінің қабырғасы 3 қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы, сыртқы. Ішкі қабаты - 
сілемейлі (шырышты), ортаңғы қабаты – бұлшық етті (бірыңғай салалы бұлшық етті), сыртқы қабаты – 
сірі қабат деп аталады. Бұлшық етті қабаты екі түрлі жиырылады: маятник тәрізді және 
перистальтикалық (бүлкілдеп). Маятник тәрізді жиырылғанда ас сөлмен араласады, ал 
перистальтикалық жиырылғанда ас асқорыту жүйесінің бір мүшесінен екіншісіне жылжиды. 
Ауыздағы асқорыту және оның жас ерекшеліктері. Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап 
қорытылады. Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақталады, сілекеймен араласып 
ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі.
Тамақты шайнап, ұстау – ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы тістер, тіл және 
ұрт қатысады. 
Нәрестеде тіс болмайды. 4-6 айда баланың сүт тістері шыға бастайды да 3 жаста 20 сүт тісі толық 
шығып бітеді. 5 жастан аса баланың сүт тістері біртіндеп түсіп, орнына тұрақты тістер шыға бастайды. 
Тұрақты тістердің саны – 32, 15-16 жаста - 28 тіс, ең соңғы 4 ақыл тіс 20-25 жаста шығады, кей 
адамдарда одан да кеш шығуы мүмкін. 
Ауыз қуысына үш жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады: шықшыт, жақ асты, тіл асты. 
Бұлардан басқа ауыз қуысының кілегей қабатында ұсақ бездер болады. Олар муцинге бай сілекей бөліп 
шығарады. Муцин астың жұтқыншаққа, өңешке одан қарынға жылжуына ыңғайлы етеді. Ересек адамда 
тәулігіне 1-1,5 л сілекей бөлінеді. Бұл сілекейдің құрамында амилаза, лизоцим деген ферменттер болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет