ішкі және сыртқы істері мен қатынастарындағы саяси тәуелсіздігі және елді
басқаруда,
шешімдер қабылдауда, жоғарғы билік жүргізудегі еркіндігін
айтады. Егемендіктің саяси, экономикалық, құқықтық жақтары болады.
Демократия –халық билігін,заңдылықты мойындап,
азаматтардың
теңдігін, құқықтары мен бостандықтарын қадірлеуге негізделген
мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы
халықтың
бақылауында болуын, сайлау құқығы бәріне тең болуын,
адамдардың экономикалық және саяси қорғалуын,
шешім қабылдағанда
азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі
еске алынуын және т.б. қалайтын қоғамның
саяси және экономикалық
құрылыс түрі. Бұл – тарихи ұғым. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай
оның принциптері өзгеріп, байып отырады.
Демократиялық партиялар –басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен
қарайтын, пікір алалығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық
факторға онша мән бермейді.
Билеуші партиялар –қолдарына
мемлекеттік билік тиген, қоғам дамуының
басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік алған партиялар.
Билік –1) адамдардың іс-әрекетіне,
қызметіне, тағдырына белгілі бір
адамдардың (бедел, жігер, құқық, зорлықтың) көмегімен әсер ету
мүмкіншілігі; 2) адамдарға саяси билік жүргізу; 3)
мемлекеттік
органдардың жүйесі; 4) мемлекеттік және әкімшілік өкілеттілігі бар қызмет
адамдары, органдары.
Достарыңызбен бөлісу: