М. А. Галимжанова п.ғ. к., Халықаралық ақпараттандыру академиясының Академигі, «Өрлеу»



Pdf көрінісі
бет41/50
Дата17.11.2023
өлшемі2.35 Mb.
#483515
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50
Dauletova-N.-1-PIZA

 
КЕСТЕ ЖӘНЕ МАУСЫМДАР 
Саяхаттау үшін ең жақсы айлар: сәуір, мамыр, маусым немесе қыркүйек, 
қазан, қараша.
Климаты: Дракенсбергте жаз өте ыстық және өте ылғал болуы мүмкін. 
Қыс кезеңдері құрғақ болады, бірақ әрдайым жауын-шашын түсу 
мүмкіндігі бар болады, олар жоғары аймақтарда қар түрінде болуы 
мүмкін. Көктемде және күзде температура тамаша (60
o
F/15
o
C пен 
70
o
F/20
o
C аралығында), алайда түнде ол қатып қалу нүктесінен төмен 
төмендейді.
 
 
Температура және жауын-шашындар 
 
Орташа тәуліктік ең жоғарғы температура 
(
o
F) 
72 
70 
70 
66 
63 
60 
60 
63 
66 
68 
70 
70 
(
o
C) 
22 
21 
21 
19 
17 
15 
15 
17 
19 
20 
21 
21 
Орташа тәуліктік ең төменгі температура 
(
o
F) 
55 
55 
54 
48 
46 
41 
41 
43 
46 
48 
52 
54 
(
o
C) 
13 
13 
12 







11 
12 
Орташа ай сайынғы жауын-шашын саны 
(В 
дюймах)
9,3 
8,5 
7,7 
3,1 
1,1 
0,6 
0,5 
1,3 
2,4 
4,0 
6,5 
7,9 
В (мм) 
237 
216 
196 
78 
29 
14 
12 
33 
62 
101 
165 
201 
Қаң-
тар 
Ақ-
пан 
Нау-
рыз 
Сә-
уір 
Ма-
мыр 
Мау-
сым 
Шіл-
де 
Та-
мыз 
Қыр-
кү-
йек 
Қа-
зан 
Қара-
ша 
Жел-
тоқсан


61 
Алдыңғы беттердегі «Африкаға саяхат» мәтініндегі көрсетілген 
ақпараттарды (кесте, суреттерді) төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін 
пайдаланыңыздар. 
Сұрақ 86: АФРИКАҒА САЯХАТ
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес сіз саяхаттаудың екінші күні қай жерге 
тоқтайтын едіңіз? 
A. Сентинель паркингінде. 
B. Ифиди үңгірінде. 
C. Рваноа үңгірінде. 
D. Мпонуване үңгірінде. 
E. Твинс үңгірінде. 
F. Касидрал Пик қонақ үйінде. 
Сұрақ 87: АФРИКАҒА САЯХАТ
Сіздің ойыңызша, саяхаттаудың қай күні ең ауыры болады? Ұсынылған 
ақпаратты өз жауабыңызды негіздеу үшін пайдаланыңыз. 
 


62 
Сұрақ 88: АФРИКАҒА САЯХАТ
Шолуда айтылған күннің шыққан кезін саяхаттаудың қай күні сіз көруші 
едіңіз? 
A. 1-күні 
B. 2-күні 
C. 3-күні 
D. 4-күні 
E. 5-күні 
№27-МӘТІН. СЫЙЛЫҚ
 


10 
15 
20 
Жағажайдың шайылуын ұлғайтқан суық коңыр түсті судан көз 
алмай, ол қанша күн отырды екенмін деп ойлады. Ол оңтүстіктен бастап 
саз батпақ арқылы келе жатқан және оның үйінің шатырын соққан 
жаңбырдың басталуын ғана есіне түсірді. Содан кейін өзендегі судың 
деңгейі, алдымен баяу, сосын бірте-бірте көтеріле бастады. Сағат өткен 
сайын ол жыралар мен арықтарды шайып өтіп, ойыс жерлерге тола 
түсті. Әйел ұйықтап жатқанда, түнде басталған жауын бар жолды басып 
кетті, енді міне, су оны қоршап алды, оның қайығы ағынмен жүзіп кетті. 
Ал су шайырмен майланған тіректердің жиектемелеріне жетті. Ол әлі де 
болса көтеріле беретін секілді.
Су ағаштардың бастарына дейін көтерілді. ал өзен құдды бір 
теңізге айналғандай. Астыңғы жағы қайық түрінде жасалған оның үйі 
осындай су тасқыны кезінде пайдалану үшін арнайы салынған болатын, 
бірақ қазір ол ескіріп бітті. Мүмкін, үйдің іргесіндегі тақтайлар 
жартылай шіріп кеткен шығар. Мүмкін, үйді үлкен тастай қатып түрған 
еменге байлап қойған арқан шешіліп кеткен шығар, ол қайығы сияқты 
ағын бойымен төмен қарай жүзетін шығар.
Қазір ешкім келе алмайды. Ол айқаламақ болды, бірақ оның қажеті 
жоқ деп шешті, өйткені оны бәрібір ешкім естімейді ғой. Су батпақтың 
шетінен асқан кезде басқалар қолындағы барды, тіптен өз өмірлерін 
құтқару үшін күресіп жатты. Ол жанынан бір үйдің қалай жүзіп бара 
жатқандығын көрді. Ол осы үйді көргенде, оның кімдікі екендігін 
танығысы келді. Бірақ үй дұрыс көрінбеді, баяу жүзіп бара жатты, ол 
үйдің иелері ендігі уақытта аяқты нық басатын жерге шығып үлгерген 
шығар деп ойлады. Кейінірек, жаңбыр күшейіп, қараңғылық батқан 
кезде, ол өзеннің төменгі ағысы жақтан ілбісіннің ақырған дауысын 
естіді.
Оған үй бір тірі жан сияқты дірілдегендей көрінді. Ол үстел 
үстіндегі шам қисайып құлап кетпесін деп қолына алып, оны өзінің 


63 
25 
30 
35 
40 
45 
50 
55 
аяқтарының арасына қойды. Сол сәтте сықырлап, ыңыранып оның үйі 
балшықтан босатылып, жол бойы тығыншық сияқты секіріп, баяу 
айналып, өзеннің ағысына көніп, еркін жүзіп кетті. Ол керуеттің 
шетінен ұстап қалды. Бір жағынан екінші жағына қарай теңселіп, үй 
өзінің айлағынан жылжып бара жатты. Соққы мен ескі ағаштың 
сықырлағаны естілді, содан кейін бәрі тыныштала қалды. Ағын оны 
баяу қозғап, тұраған орнынан сүйрей жөнелді, кейін жүзуге мүмкіндік 
берді. Әйел демін шығармай, баяу теңселген қимылдарды бақылап, ұзақ 
отырды. Қараңғылық үздіксіз жауған жаңбыр арқылы өтіп жатты, ол 
қолын басына қойып, керуетті ұстап жатқан күйі, ұйықтап кетті.
Түнде ол айқайлаған дыбыстан шошынып оянды, орнынан ұшып 
түре келді. Қараңғыда абайламай керуетке шалынып құлады. Дыбыс сол 
жақтан, өзеннен шығып жатты. Ол сол кезде бір нәрсенің, осы бір 
қорқынышты, дыбысты шығаратын бір үлкен нәрсенің қозғалып 
жақындап келе жатқандығын байқады. Әйел бұл үй шығар деп ойлады. 
Сол сәтте бір нәрсе оның үйіне соғылды, бетпе бет емес, оның үйінің 
бүйірінен сырғи соғып өтті. Ол бұталар мен жапырақтардың сыбдырын 
естіді. Олардың соңында тек жаңбыр мен тасыған судың шалпылы, 
тыныштықтың бір бөлігі сияқты болып қала берді.
Төсектің үстінде бұйығып жатып, қайтадан ұйықтап кетіп еді, 
басқа бір айқай естілді, осы жолы сол дыбыс өте жақын, тіпті бөлмеден 
шыққандай болын тым жақыннан естілді. Қараңғыға үңілді, қолы 
мылтықтың суық оқпанына тигенде, төсекке арқасын сүйеп отыра кетті. 
Содан кейін, жастыққа таянып отырып, мылтықты тізесімен қысып 
алды. «Кім бар бұл жерде?» - деп сұрады.
Жауап ретінде қайтадан айқай естілді, алайда одан да ащы, 
шаршаған дауыс естіліп, соңы тыныштыққа ұласты. Ол төсектен 
алыстай түсті. Бұл не болса да, ол оның кіре берісте қалай қозғалып 
жүргендігін естіп отырды. Жақтаулар сықырлап жатты, ол соғып 
жатқан заттардың дыбыстарын ажырата бастады. Қабырғаны тырнаған 
дыбыс, өзіне бір жол іздегенін аңғартқандай, тырнап ашуға тырысып 
жатқандай естілді. Енді ол оның өзінің жанынан жүзіп өткен тамырлары 
жұлынған ағаштан құтқаруын тапқан үлкен мысық екендігін білді. Ол 
мына тасыған сумен бірге келген сыйлық.
Ол қолдарымен бетін басты. Мылтығы оның тізесінің арасында 
қатып қалды. Бұрын өз өмірінде ол ешқашан ілбісінді көрмеген еді. Ол 
туралы басқалардан естіген, олардың жабырқаңқы айқайларын да 
алыстан естіген. Мысық қабырғаны тырнап жатты, есікті, терезені 
соқты. Оны әзірше терезе қорғап тұр, әзірше оған қауіп төнбейді. 


64 
60 
65 
70 
75 
80 
85 
Сырттағы жануар өзінің тырнақтарымен тот басқан сыртқы торды 
тықырлатқанын қойды. бірақ ол қыңсылау мен ақырғандығын қоймады.
Жаңбыр басылып, жарық түсе бастаған кезде, ол төсектен тұрмай, 
отыра берді. Оның өзенде есіп үйренген қолдары мылтықты 
қозғалыссыз ұстап отырғаннан ауырсынып кетті. Ол өзіне қозғалуға 
мүмкіндік қана берді, өйткені кез келген дыбыс мысықты күшті ете 
түсуі мүмкін деп қорықты. Қозғалмай отырған ол үйдің қозғалысымен 
бірге тербеліп отырды. Жаңбыр болса әлі де жауып тұрды, ол ешқашан 
бітпейтіндей көрінді. Ақыры, сұрғылт жарық арқылы ол судың беті мен 
алыстағы суға батқан ағаштардың ұштарының тұманды кескінін көре 
алды. Қазір мысық қозғалмай отыр. Мүмкін, ол кетіп қалған шығар. 
Мылтығын кейін қойып, ол төсектен сырғып, ешбір дыбыс 
шығармастан, терезеге қарай келді. Әйел табалдырықтың шетінде 
бүрісіп, тас еменге, оның үйінің айлағына қарап тұрды, тіпті оған иіліп 
тұрған бұтақпен шығып кету мүмкіндігін есептеп тұрғандай болды. 
Қазір ол көріп тұрғанындай, мысық сондай қорыққан сияқты емес 
көрінді, оның қатты терісі домалақ болып ұйысып қалыпты, оның 
бүйірлері жабысып, қабырғалары көрініп қалыпты. Отырған кезде, оны 
осы жерде атып тастау оңай еді, оның ұзын құйрығы бір жақтан екінші 
жаққа шайқалып тұрды. Ол мылтықты алу үшін артқа қарай жылжыды. 
Сол сәтте ілбісін ескертусіз, ешбір иілмей және бұлшық еттерін 
ширықтырмай-ақ, терезеге қарай секірді, әйнекті күл етіп сындырды. 
Әйел артқа қарай шалқайды, айқай салып, мылтықты терезеге қарай 
бұрып атып жіберді. Ол ілбісінді көре алмады, бірақ оның оғы тимеген 
секілді. Ол қайтадан табандап жақындай бастады. Терезе жанынан 
өткен кезде оның басы мен иілген арқасын көріп қалды.
Әйел дірілдей отырып, төсекке созылып, жата кетті. Өзен мен 
жаңбырдың әлдилеткен тұрақты дыбысы, өткір салқындық оны 
мақсатынан бұрып әкетті. Ол терезені бақылап, мылтығын дайын ұстап 
тұрды. Ұзақ күтуден кейін ол көру үшін қайтадан қозғалды. Ілбісін 
басын аяқтарына қойып, үйдің мысығы сияқты ұйықтап қалыпты. Әйел 
жаңбыр жауған кезден бастап бірінші рет өзіне бола, барлық адамдарға 
бола, су тасқынына бола – бәріне, бәріне жылағысы келді.
Керуеттен сырғып түсіп ол көрпені иығына жапты. Оның 
мүмкіндігі болып тұрғанда, жолдардың барлығы ашық болғанда, немесе 
оның қайығын шайып кетпей тұрғанда кетіп қалуы керек еді. Үймен 
бірге ол арлы-берлі тербеліп отырғанда, асқазанындағы қатты ауырсыну 
сезімі оның әлі нәр татпағанын есіне салды. Қанша уақыт екендігі оның 
есінде жоқ. Сол мысық сияқты ол да қарны ашып отырды. Ас үйге кіріп, 
ол қалған ағаш кесектерінен от жақты. Егер тасқын су жалғасатын 


65 
90 
95 
100 
105 
110 
115 
болса, оның орындықты, тіпті үстелді жағуына тура келеді. Төбедегі 
қақталған сан еттің қалдықтарын алып, ол қызғылт-қоңыр түсті етті 
қалың тілімдерге кесті де, оларды ұзын тұтқасы бар табаға салды. 
Қуырылып жатқан еттің иісінен оның басы айналып кетті. Ол соңғы рет 
тамақ дайындаған кезден бері кеуіп қалған бисквиттер қалған еді және 
ол біраз кофе де дайындай алады. Су жеткілікті болды.
Ол өзіне тамақ дайындап болғанша, мысық қыңсылағанша, ол 
туралы ұмытып кеткендей болды. Ол да аш еді. «Мен тамақтанып 
алайын» деп айқай салды оған, «Содан кейін мен саған да бірдеңе іздеп 
табармын». Ол кеудесінен шыққан күлкімен жауап қайтарды. Ол қалған 
еттің қалдығын шегеге іліп қойғанда, мысық терең қырыл дауыс 
шығарды, сол дыбыс оның басын селкілдете кетті.
Ол тамақ ішіп болғаннан кейін қайтадан төсегіне қайтып барды да, 
мылтығын алды. Үйдің биік көтерілгендігі соншалық, ол жағаға ілініп, 
оны тырнамады. Тамақ оның бойын жылытты. Ол жаңбырдың арасында 
жарық көрінгенше, мысықтан құтыла алатын еді. Ол ақырын басып, 
терезеге жақындады. Ол әлі де осы жерде еді, мияулап табалдырықтың 
үстінен қозғала бастады. Қорқынышты сезінбей, ол оған қарап тұрды. 
Содан кейін, өзінің не істеп жатқандығы туралы ойламай, ол мылтығын 
қойды да, төсектің жанынан өтіп, ас үйге барды. Оның артындағы 
мысық қозғалып, қабырғаны тырнап жатты. Еттен қалған кесекті шешіп 
алып, сынған терезе жақтауынан етті лақтырып жіберді. Ар жағында аш 
ақырған дауыс естілді, ол токқа ұқсас бір сезімнің жануардан оның 
бойына қарай өткенін сезді. Өзінің не істегеніне таң қалған ол төсекке 
қарай ұмтылды. Ол етті жұлқылап жеп жатқан ілбісін дауысын ести 
алды. Үй тербеліп тұрды.
Келесі жолы, ол оянған кезде барлығы өзгергендігін түсінді. 
Жаңбыр тоқтады. Ол үйдің қозғалуын сезінуге тырысты, бірақ еден 
бұдан былай тербелмеді. Есікті ашқаннан кейін ол жарылған тордан 
басқа әлемді көрді. Үйі бұрын тұрған жағалауда тұр. Өзен әлі де болса 
өзінің ағысы бойынша ағып жатты, бірақ бірнеше фут төмендеген. 
Мысық та кетіп қалған. Табалдырықтан тас еменге қарай және одан әрі 
батпаққа қарай бара жатқан іздер көрінді, анық емес және де жұмсақ 
сазға кірген сайын олар жоғала бастады. Ал табалдырықта әбден 
ағарғанша мүжілген қақталған еттің қалдығы жатты.
Дереккөз: Dollarhide, Louis, “The Gift”, in Mississippi Writers: Reflections of Childhood and 
Youth, Volume 1, edited by Dorothy Abbot, University Press of Mississippi, 1985. 


66 
Алдыңғы беттердегі «Сыйлық» әңгімесін төмендегі сұрақтарға жауап 
беру үшін пайдаланыңыздар. (Әңгімедегі жолдардың нөмірлері сіздерге 
сұрақтарда айтылатын бөліктерді табуға көмектесу үшін көрсетілген). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет