Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)



Pdf көрінісі
бет28/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

 
 


44 
АЛМАТЫ – ОҢТҮСТІК АСТАНА 
 
Алматы – Алатаудың баурайында орналасқан, көшелері жасыл 
жапырақты биік ағаштармен безендірілген, зәулім ғимараттары 
көп, сәнді қала.
1997 жылдың 16 желтоқсанына дейін Алматы Республика-
мыздың астанасы болды, қазір оны халық оңтүстік астана дейді.
Алматы – Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Ғылыми, білім 
беру, мәдени, тарихи, экономикалық, қаржылық, банктік және 
елдің индустриялық орталығы болып табылады. Қаланың аты, 
Алматы, «алма қаласы» деп аударылады. 
Алматы – республикадағы ең көрікті қала. Қала архитекту-
расында ұлттық ерекшеліктің элементтері бар. Алматыда әр ғи-
марат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инженерлік-архитекту-
ралық шешімімен көзге түседі. Қаладағы Республикалық алаң 
кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика 
сарайы, Қазақстанның Ғылым академиясының және Ұлттық 
кітапхана ғимараттары, Қазақ драма театры, «Қазақстан», «Оты-
рар», «Рахат-Палас», «Анкара», «Достық» қонақ үйлері, Сту-
денттер сарайы, Спорт сарайы, Медеу спорт кешені, республи-
калық Орталық мұражай т.б. көптеген мәдени, ғылыми және 
қала тұрғындарына арналып салынған ғимараттар бой көтерді. 
Қазіргі таңда Алматы қаласында 18 театр, 45 мұражай мен 
сурет галереясы бар. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы, Ор-
талық Азия географиялық қоғамы, «Каменское плато» обсерва-
ториясы, сондай-ақ көптеген жетекші университеттер мен ғы-
лыми-зерттеу институттары бар. 
Алматы – ірі ғылым, мәдениет және білім орталығы. Ал-
ғашқы жоғары оқу орны Алматыда 1928 жылы ашылған Қазақ 
мемлекеттік педагогикалық институты болды. 
1929 жылы – Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік инсти-
туты, 1930 жылы – Қазақ ауылшаруашылығы институты, 1931 
жылы – Қазақ медициналық институты, ал 1934 жылы Қазақ 
мемлекеттік университеті ашылды. Бұл алғашқы ашылған жо-
ғары оқу орындары қазақ интеллигенциясының жетілуіне зор 
ықпал жасады. Одан кейінгі жылдары Алматыда әр саладағы, әр 
бағыттағы ондаған жоғары оқу орындары ашылды. Алматыда 


45 
1946 жылы Қазақстан ҒА-сы құрылды. Оның тұңғыш прези-
денті болып академик Қ. Сәтбаев сайланды. Алматыда қазақ 
драма театры, орыс драма театры, балалар мен жасөспірімдер 
театры, опера және балет театры, ұйғыр және корей музыкалық 
театрлары, Қазақ мемлекеттік филармониясы, орталық концерт 
залы сияқты танымал мәдени орталықтар бар. 
Қаланың шетінде Медеу және Шымбұлақ тау шаңғысы ор-
талығы секілді көптеген спорт кешендері, альпинистік, туристік 
лагерьлер, шипажайлар, демалыс орталықтары және кемпингі-
лер салынған. 
1994-96 жылдары Алматыда Тәуелсіздік монументі, әл-Фа-
рабидің, Райымбек батырдың, Жамбылдың, Ә.Молдағұлова мен 
М.Мәметованың ескерткіш-мүсіндері ашылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет