Бастауыш сынып


Бөлімше Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер Оқу мақсаты



Pdf көрінісі
бет11/29
Дата20.11.2023
өлшемі3.81 Mb.
#483852
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
httpdev-s.balatili.kzuploadsbooks140f0a4dede76679a4419f86067fc9abАлтынсарин20ОӘҚ2020бастауыш.pdf

Бөлімше
Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
Оқу мақсаты
Санаудың ірі бірлігі - ондықты құрастыру; 100-ге 
дейін ондықтармен санау, жазу және салыстыру
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Бағалау критерийі
Санаудың жаңа бірлігі – ондықты құрастырады.
100-ге дейін ондықтармен санайды және жазады. 
Ондықтарды салыстырады. 
1-тапсырма.
Санды жазыңыз.


15
2-тапсырма.
Сандарды өсу ретімен жазыңыз. 100, 70, 20,50, 10, 30, 60, 80, 40, 90.
3-тапсырма. 
Тиісті санды және таңбаны қойыңыз.
50 30
80 
<
Бағалау критерийі
Дескриптор
Білім алушы
Санаудың жаңа бірлігі – ондықты 
құрастырады
- он санын құрастырады;
- ондық пен бірліктің қатынасын анықтайды; 
100-ге дейін ондықтармен санайды 
және жазады
- ондықтармен санайды және жазады;
Толық ондықтарды салыстырады
- ондықтарды салыстырады; 
- 80-нен артық екітаңбалы ондық санды жазады. 
Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру бойынша 
дағдыларды жетілдіру үшін мұғалім: 
• тапсырмаларды қолдана отырып, қалыптастырушы бағалауды қолдану
тәсілдерінің санын, сапасын арттыруы;
• кері байланыс берудің тиімді формаларын қолдануы;
• қалыптастырушы бағалауды қолдану үдерісін көрсететін сабақ жоспарын
құруы;
• тәжірибені жетілдіру мен рефлексия үшін (білім алушылар жұмысының
сапасы; бағалау құралдарының сапасы; білім алушылардың, ұжымның
кері байланысы; ата-аналармен әңгімелесу және т.б.) сабаққа талдау
жүргізу қажет.
Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін
өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: 
«Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау 
парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш 
минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б. 
Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін оқу әрекеттерін
ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырма орындау
білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады. 
Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық 
жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет