Бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет9/29
Дата20.11.2023
өлшемі3.81 Mb.
#483852
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
httpdev-s.balatili.kzuploadsbooks140f0a4dede76679a4419f86067fc9abАлтынсарин20ОӘҚ2020бастауыш.pdf

Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып 
табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. 
Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім 
алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы 
бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. 
Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, 
оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге 
мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға 
ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, 
баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта 
білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі.
Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін 
анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалімдер оқу 
үдерісін жоспарлау, рефлексия жасау (1-қосымша), өзінің оқыту тәжірибесін 
жетілдіру үшін қолданады. 


13
4.1 Қалыптастырушы бағалау үдерісі
Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы 
кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей 
әсер ететін үдеріс болып табылады.
Тиімді оқыту мақсатында білім алушылардың оқу үдерісіндегі ілгерілеуін, 
ағымдағы түсінік деңгейін қадағалау қажет. Қалыптастырушы бағалаудың 
міндеттері: 
• оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, білім алушыларға 
ұсыну;
• білім алушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен 
(коллаборативті) оқытуға арналған орта құру;
• білім алушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті) 
кері байланысты қамтамасыз ету;
• білім алушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде 
қатыстыру;
• білім алушыларға өзінің оқуын «құрушылар/жасаушылар» ретінде 
жағдай жасау болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болуы тиіс, ол 
қосымша жаттығу немесе тестілеу жұмысы ретінде қарастырылмайды. Оқу 
бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін 
нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. 
Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни 
әр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесі арқылы 
анықтай алады, оның нәтижесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына 
алады. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі 
кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:
• қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
• қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;
• қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;
• кері байланыс беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет