Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады



Pdf көрінісі
бет40/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

іші, орманға шейін, таңға жуық, келе жатыр, таныс еді, 
жолдас болатын) сӛз тіркесінің қатарына жатпайды, бұлар 
осы тобымен сӛз тіркесінің белгілі бір сыңары ретінде ғана 
жұмсалады; 
3. Сӛз тіркесі құрамындағы сӛздер бір-бірімен тең дәрежеде 
байланыспай, бірі екіншісіне иек арта, бағына байланысады. 
Бағына байланысу қасиеті, сӛз тіркесіне тән ең басты 
қасиеттердің бірі, осы тұрғыдан әке мен бала, сабырлы да 
байсалды тәрізді салаласа байланысқан тіркестер сӛз 
тіркесінің қатарына енбейді;
4. Сӛз тіркесі құрамындағы сӛздердің байланысынан басқа 
бір лексикалық мағына пайда болмайды, жаңа бір
грамматикалық мағына туындайды, демек, ӛзара тіркесіп 
келіп, 
ӛзге 
бір 
лексикалық 
мағынаны 
білдіретін 
фразеологиялық тіркестер (қас қаққанша - тез, лезде; қаны 
қайнау - ызалану; ержүрек - батыл т.б) сӛз тіркесі бола 
алмайды; 
5. Ӛзіне тән бастапқы мағыналары солғындап, 
лексикаланып, синтаксистік қатынасы бұзылып, бір заттың 


111 
атауына айналып бара жатқан немесе толық айналған, проф. 
С.Исаевтың термині бойынша, ―атаулық тіркестер‖, 
проф.М.Балақаевтың 
термині 
бойынша 
―номинативті 
тіркестер‖ (ашық хат, еңбек кітапшасы, мал қора, бас 
бармақ, балалар бақшасы) сӛз тіркесі бола алмайды; 
6. Қиыса байланысқан тіркестер (Мен келдім. Ол барды.) сӛз 
тіркесіне тән қатынасты емес, предикативтік қатынасты, яғни 
бастауыш пен баяндауыштың байланысынан тұратын 
қатынасты білдіретіндіктен, сӛз тіркесінің емес, сӛйлемнің 
нысанасында қаралады. 
Мектеп бағдарламасында қазақ тілінің синтаксис саласын 
ӛткенде алдымен, сӛз тіркесін, оның зерттеу нысанасын, ішкі 
құрылысын, ерекшеліктерін талдап, онан соң байланысу 
тәсілдері мен формаларын қарастыру керек. Сӛз тіркесі 
саласында қарастырылатын әрбір тақырып бірінен-бірі 
туындап, бірінен-бірі ӛрбіп жатуы қажет. Әр тақырып ӛзара 
тығыз байланыста түсіндірілсе, оқушыларға синтаксис 
саласын толық меңгеру, дұрыс түсіну, ұғыну оңайға соғады. 
Біздің пікірімізше, сӛз тіркесін оқыту мынадай бағытта 
жүргізілсе дұрыс болар еді: 
1. Сӛз тіркесі туралы түсінік 
2. Сӛз тіркесінің құрылысы 
3. Сӛз тіркесінің байланысу тәсілдері 
4. Сӛз тіркесінің байланысу формалары 
5. Сӛз тіркесін топтастыру туралы 
6. Сӛз тіркесінің лексика-грамматикалық мағынасы 
7. Сӛз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар. 
Оқушыларға сӛз тіркесі туралы жалпы мағлұмат 
бергеннен кейін, оның айрықша белгілеріне, зерттеу 
нысанасына тоқталып, тілдегі негізгі қызметіне талдау жасау 
қажет. Келесі тақырып - сӛз тіркесінің құрылысы. Оқулықта 
бұл тақырып ―…сӛз тіркесінің құрылысы сӛздердің 
байланысу түрлеріне қарай анықталады‖ деп басталады да, 
одан әрі сӛздердің байланысу формаларына мысалдар 
келтіреді, соңында ―демек, матасу, қабысу және жанасу — 
сӛз тіркесі құрылысының байланыс түрлері болады‖ деп 
қорытады. Осы екі-ақ жол сӛйлеммен сӛз тіркесінің 
құрылысы түсіндірілген. Біздің пікірімізше, бұл тақырыпты 


112 
ӛткен кезде сӛз тіркесінің синтаксистік бірлік ретінде ӛзіне 
тән құрылысы болатындығын, сол арқылы ол жеке сӛзден де, 
сӛйлемнен де ажыратылып тұратынын теориялық жағынан 
кеңірек түсіндіріп, мысалдар арқылы дәлелдеп, сӛз тіркесінің 
құрылысы екі сӛзден де немесе одан да кӛп сӛзден де жасала 
беретіндігін айтып, оған мысалдар келтіру керек. Үш-тӛрт 
сӛзден тұратын сӛз тіркесінің құрылысының екі сӛзден 
тұратын сӛз тіркесінен айырмашылығы сатылай, жарыса 
байланысатындығында 
екендігін 
мысалдар 
арқылы 
түсіндірсе, сонда ғана оқушылар бұл тақырыпты тез игереді. 
Сӛз тіркесінің құрылысын түсіндірген кезде оның негізгі 
белгілерін ғана айтып, осы тіркескен екі сӛздің байланысу 
ерекшеліктеріне қарай бес түрге бӛлінетінін келесі сабаққа 
қалдырса, оқушылар бұл тақырыпты тез меңгереді. Сӛздердің 
байланысу формаларын алдыңғы сабақта ӛткен сӛз тіркесінің 
құрылысынан ӛрбітіп, дамытып, ӛзара байланыстыра 
түсіндіруге болады. Сӛз тіркесінің байланысу формаларын 
ӛтпес бұрын оның құрылысына мән беруіміз керек. Сабақ 
ӛтер алдында оқушыларға мұғалім сӛз тіркесі қанша сӛзден 
тұрады? Жай тіркес пе, әлде күрделі тіркес пе? Күрделі 
тіркес болса, сӛз ӛзара қалай байланысқан? Сатылай ма, әлде 
жарыса байланысқан ба? деген сияқты сауалдар қойып, 
жауап алуға тырысады. Сӛз тіркесінің құрылысын түсінген 
оқушылар қойылған сауалдарға дұрыс жауап берері хақ. 
Мұғалім сӛздердің байланысу формаларының ішінде 
қайсысын бірінші ӛтерін алдын-ала жоспарлап алады да, сол 
жоспары бойынша мысалдар келтіре бастайды. Әдетте 
сӛздердің байланысу формаларын ӛткенде мектепте болсын, 
жоғары оқу орындарының оқулықтарында болсын алдымен, 
қиысуды ӛтеді. Одан кейін меңгеру, матасу, қабысу, ең 
соңында жанасуды ӛтеді. Сабақты сӛз тіркесі құрылысының 
негізінде ӛрбітер болса, алдымен матасуды, одан кейін 
меңгеру, қабысу, жанасу ең соңында қиысуды ӛту дұрыс деп 
ойлаймыз.
Сӛздердің байланысу формаларын ӛткенде, екі 
мүшесі де қосымша арқылы жасалған сӛз тіркесін алдымен 
ӛтіп алсақ, ал бірінші мүшесі қосымшасыз я болмаса бірінші 
мүшесі септеулік шылаулар арқылы жасалатын, екінші 
мүшесі қосымшасыз да, қосымша арқылы да жасалатын сӛз 


113 
тіркесін келесі кезекте ӛтсек, ол сол сабақты оқушының тез 
әрі дұрыс меңгерулеріне оңай тиер еді деген ой. Ал қиысуды 
ең соңынан түсіндірсек, себебі, тіл ғылымында қиысуды сӛз 
тіркесі аясында қарау керек пе, не сӛйлем ретінде қарастыру 
керек пе деген сұрақ тӛңірегінде айтыс-тартыс кӛп. Бір 
ғалымдар оны сӛйлем аясында қарастырған жӛн десе, енді 
біреулері оны сӛз тіркесі аясында қарастыру керек деген 
тұжырымдар айтуда.
Мәселен, профессор С.Исаев — 
―қиысу сӛз байланысудың негізгі бір түрі болса да, ондай сӛз 
тіркесі жоқ, яғни қиысу сӛз тіркесінің шеңберіне енбейді, 
сӛйлем деп анықталады. 
… қиысу сӛз байланысының бір жолы (тәсілі) болып 
табылады. Осы жағынан қиысу сабақтаса (бір сыңары 
екіншісіне бағына) байланысудан да, салаласа (бір-біріне 
бағынбай тең дәрежеде, бірыңғай) байланысудан да ӛзгеше. 
Сондықтан қиыса байланысқан сӛздер тобы сӛз тіркесі емес, 
сӛйлем 
құрайды, 
байланысқа 
түскен 
сыңарлары 
грамматикалық 
меншіктілік, 
қатынастық, 
объектілік, 
мекендік, 
мезгілдік, 
себеп-мақсаттық 
т.б. 
сияқты 
синтаксистік қатынастарды білдірмей, сӛз тіркесінің 
шеңберіне енбейтін субъектілік-предикаттық (бастауыштық-
баяндауыштық) қатынасты білдіреді. Сӛйтіп, коммуникативті 
қызмет атқарады‖- дейді [52.36-41]. 
Сӛздердің байланысу формаларының ішінде алдымен 
матасуды ӛту керек дейтін себебіміз, біріншіден, екі мүшесі 
де қосымша арқылы жасалатындықтан, екіншіден, сӛз 
тіркесінің бірінші мүшесі ілік септігінде тұрғандықтан. 
Мұғалім оқушыларға матасуды ӛтпес бұрын ӛткен 
сабақты пысықтап алғаны жӛн. Ол үшін тақтаға бір-екі сӛз 
тіркесін жазады. Мысалы, Жарастың досы, ауыл жастары. 
Содан кейін сұрақ қойса: бірінші мысалды талдаған кезде, 
сӛз қанша мүшеден тұрады? Жай тіркес пе, күрделі тіркес пе? 
Сӛз тіркесінің әр мүшесінде қосымша бар ма, жоқ па? т.с.с. 
Оқушылар бірден жай тіркес екенін айырады, оның 
себебін айтады (тек екі мүшеден тұрғандықтан), сонан кейін 
мұғалім әрбір мүшенің түбірін, оған жалғанған қосымшаны 
сұрайды. Септік жалғауларын білетін оқушылар бірінші 
мүшенің ілік септігі арқылы екінші мүшемен байланысып 


114 
тұрғандығын айтады, екінші мүшенің де түбірін, оған 
жалғанған қосымшасын кӛрсетеді. Екінші мысалды талдаған 
кезде де мұғалім осы тәртіппен сұрақ қою керек. Сӛз 
тіркесінің бірінші мүшесі екінші мүшемен қосымшасыз 
байланысып тұрғандығына оқушылардың назарын аударады. 
Неліктен бірінші мүше қосымшасыз тұр, ал екінші мүше 
қосымша арқылы жасалған? Оны оқушылардың есіне салып 
түсіндіреді, яғни, кей жағдайда сӛз тіркестерінде бірінші 
мүшенің ілік септігі жасырын түрде де келетіндігін, ал екінші 
мүшеге тәуелдік жалғауының ІІІ-жағы міндетті түрде 
жалғанып келетіндігін ескертеді. Кейбір жағдайда керісінше, 
бірінші мүшеге, ілік септігіне жалғанып, екінші мүше еш 
қосымшасыз 
байланысатын 
сӛз 
тіркестерінің 
де 
кездесетіндігін мысал келтіру арқылы кӛрсетеді.
Матаса байланысқан сӛз тіркесінің басқа байланысу 
формаларынан бір ерекшелігі — мұнда сӛз тіркесінің екі 
мүшесі бірінсіз-бірі ӛмір сүре алмайтындығы, екеуі де септік 
жалғауында тұрғандығы, анық қатынаста жұмсалатындығы, 
екі жақты байланыста болатындығы. Екінші бір ерекшелігі — 
оның 
екі 
мүшесі 
де 
жақ 
жағынан 
түрленіп 
байланысатындығында. Міне, осы ерекшеліктерге оқушы 
назарын аудару қажет. 
Матасудан кейінгі байланыс түрі — меңгеру. Меңгеріле 
байланысқан сӛз тіркесінің бірінші мүшесіне септік 
жалғаулары 
жалғанатындықтан, 
алдымен, 
септік 
жалғауларын қайталап, оқушылардың естеріне түсіріп, содан 
кейін іліктен кейінгі барыс, табыс, жатыс, шығыс, кӛмектес 
септік жалғауларының сӛз бен сӛзді байланыстыратын 
қызметін нақты мысалдар арқылы дәлелдеу керек. Оқушы 
назарын сӛз тіркесінің әр мүшесіне, яғни, бағыныңқы, 
басыңқы сыңарына қандай қосымшалардың жалғанатынына 
назар аудару кӛзделеді. Мұғалім меңгеріле байланысқан сӛз 
тіркесіне алдын ала дайындалған сызбаларын тақтаға іліп 
қойып, сабақты сол бойынша түсіндіруіне болады. Сӛз 
тіркесінің бағыныңқы сыңарының соңындағы септік 
жалғаулары қызыл сиямен жазылса, бұл оқушының назарын 
тез аударады, ал мысалдардың қай септікте тұрғанын 
оқушылардың кӛмегімен түсіндірген дұрыс, сонда сабаққа 


115 
оқушылар түгел қатысады, әрі олардың қызығушылықтарын 
туғызады. 
Сӛз тіркесінің басыңқы сыңары үнемі етістіктен бола ма, 
жоқ әлде басқа да сӛз таптарынан жасала ма деген сұрақтарға 
жауап беріледі. Ол үшін мынадай мысалдарды ала отырып 
түсіндірген жӛн. Мысалы, оқуға ынталы /зат есім мен сын 
есімнің тіркесі/, қаладан қашық /зат есім мен сын есімнің 
тіркесі/. 
Сӛздердің байланысу формаларының келесі бір түрі — 
қабыса байланысқан сӛз тіркесі. Біз жоғарыда сӛз тіркесінің 
байланысу формаларын шартты түрде екі топқа бӛлгенбіз, 
яғни бағыныңқы сыңары қосымша арқылы жасалғандарын 
бір топқа, бағыныңқы сыңары қосымшасыз тұрғандарын 
екінші топқа жатқызғанбыз. 
Қабысу — сол екінші топқа жататын байланысу түрі, 
яғни, оның бірінші мүшесі де, екінші мүшесі де еш 
қосымшасыз, қатар тұру арқылы жасалады. Оқушыға 
қабысудан түсінік бермес бұрын, сӛз таптарын, олардың 
ішінде сын есім, сан есім, есімдіктердің зат есіммен 
байланысын қайталап алған жӛн. Ол үшін тақтаға бірнеше 
мысал жазып, бірінші, екінші сыңарлардың қай сӛз табынан 
екеніне назар аудартамыз. Қай сӛз табынан жасалып 
тұрғанын оқушылардан сұрап, сұрақтарға дұрыс жауап 
алынғаннан кейін мұндай байланысу формасы қабысу деп 
аталатындығы түсіндіріледі.
Мысалы, 1. Күшті кісі - құт кӛзі (Ю.Баласағұни. 2. Екі жігіт 
суыт жүріп отырып, уәделескен жерге айдың жарығымен 
келіп жетті (М.Жолдасбек). Күшті кісі, екі жігіт, уәделескен 
жерге сӛз тіркестеріндегі әр сӛзге сұрақ қойып, алдымен қай 
сӛз табына жататынын анықтап алады да, содан кейін сӛз 
тіркесін құрап тұрған сыңарларда қосымша бар ма, жоқ па 
соған назар аударады. Егер екі сӛз еш қосымшасыз, орын 
тәртібі арқылы байланысса, мұндай тіркестің қабысу 
болатынына түрлі-түрлі мысалдар келтіру арқылы оқушы 
түйсігіне жеткізу керек. Қабыса байланысқан сӛз тіркесінің 
бірінші сыңары сӛйлемде қандай? деген сұраққа жауап беріп, 
анықтауыш қызметін атқаратындығын кӛрсету қажет. 
Мысалы: Бұл ӛңір ұлы күйші - Құрманғазының сүйегі 


116 
жатқанымен де жүрекке ӛте-мӛте ыстық (Р.Жұлдызбек). 
Мұндағы ұлы күйші тіркесі қабыса байланысқан тіркес, ұлы 
сӛзі сӛйлемде анықтауыш қызметін атқарып тұр. 
Сӛз тіркесінің байланысу формасының тағы бір түрі – 
жанасу. Мектеп оқулығында: ―Сӛз бен сӛздің ешбір 
жалғаусыз, бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысқан 
түрі‖ деп берілген. 
Тіл ғылымында жанаса байланысқан сӛз тіркестері 
туралы екі түрлі пікір бар. Тілшілердің бір тобы жанасуды 
сӛз тіркесінің байланысу формасының бірі деп жеке 
қарастыратын болса, екінші бір топтағы ғалымдар жанасуды 
қабысудың бір түрі деп қана қарастырады, яғни арасына сӛз 
салуға келсе жанасу, келмесе қабысу деп қарастырады. Біз де 
осы соңғы пікірге қосыламыз. Ал мектепте жанасу мен 
қабысуды бір-бірінен ажырата түсіндіру үшін, олардың 
бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңарының қай сӛз 
табынан жасалып тұрғанына кӛңіл аударту қажет. Қабысу 
байланысындағы сӛздердің бірінші мүшесі сын есім, сан 
есім, сілтеу есімдіктерінен болады да, екінші мүшесі зат 
есімнен тұрады және арасына сӛз салуға болмайды. Ал 
жанасу байланысындағы сӛз тіркесінің бірінші сыңары 
кӛбіне үстеуден, кейде септеулік шылаулар арқылы 
жасалады. Мысалы: Қасақана айтты, шапшаң қимылдады, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет