Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады



Pdf көрінісі
бет1/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva







Қазақстан 
республикасының 
Білім 
және 
Ғылым 
министрлігінің ―Білім беру‖ мамандығы бойынша оқулықтар мен 
оқу-әдістемелік әдебиеттерді дайындайтын конкурстық комиссиясы 
жоғары оқу орындарының студенттеріне оқу құралы ретінде 
ұсынған.
Пікір жазғандар: 
З.Бейсембаева, Қазақ мемлекеттік қыздар институтының доценті, 
филология ғылымдарының кандидаты; К.Жақсылықова, Қаныш 
Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 
доценті, педагогика ғылымдарының докторы. 
Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С. 
Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы.-Алматы:
Print-S, 2005.-120 б. 
Бұл еңбек қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша теориялық 
мәліметтер мен практикалық тапсырмаларды қамтиды. Оқу 
құралында семинар сабақтарының тақырыптары берілген. 
Студенттердің 
ӛздік және оқытушымен бірлескен ӛздік 
жұмыстарының тапсырмалары, курстық жұмыстың тақырыптары 
қамтылған. Студенттерге кӛмекші құрал ретінде кейбір 
сабақтардың үлгілері ұсынылған. Қазақ тілін оқыту әдістемесі 
курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында 
тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп 
мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады. 
 
 
© Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С., 2005 
Алғы сӛз 



 
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні – филология 
факультетінің ″Қазақ тілі мен әдебиеті″ мамандығы 
бӛлімінде оқылатын негізгі пәндердің бірі. Аталған пән 
болашақ қазақ мұғалімдеріне қажетті кәсіптік теориялық 
білім берумен қатар тиісті практикалық машық-дағдыларды 
қалыптастыруға 
кӛмектеседі. 
Студенттердің 
мұғалім 
мамандығына 
деген 
сүйіспеншілігі 
мен 
тұрақты 
қызығушылығын 
арттыруға 
басты 
назар 
аударады. 
Мектептегі оқу тәрбие жұмысының негізгі міндеттерімен 
таныстырады. 
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні білім беру 
философиясының, 
логиканың, 
лингвистиканың, 
психологияның, физиологияның т.б. ғылым салаларының 
жетістіктеріне сүйене отырып, әдіскерлер мен мектеп 
мұғалімдерінің тәжірибелерін талдап тану арқылы тиімді 
әдістер мен тәсілдер жүйесін зерделеп, оны студенттерге 
меңгертуді кӛздейді. 
Қазақ тілін оқыту әдістемесі қазақ тілінің мектептерде 
оқытылу барысының ӛткенін талдау мен оған баға беруге, 
әдістеме саласы бойынша жарық кӛрген еңбектерді саралай 
білуге, оқыту әдістемесінің қазіргі күйін танып білуге, 
болашақтағы даму жолдарының алғышарттарын анықтай 
білуге студенттерді үйретеді. 
Келешек маман теориялық білімі терең, практикалық 
іскерлік қасиеті жоғары, шығармашылық белсенділігі 
дамыған жан бола білуі тиіс. Қазіргі студенттің кез келген 
жағдайдан шығуға жол табатын тиімді әдіс-тәсілді меңгерген, 
ойлай білу мәдениеті жоғары адам болып шығуы үшін білім 
беру жүйесін жаңаша құру (модернизациялау) мәселесі 
кӛтеріліп отыр. 
―Қазақ тілін оқыту әдістемесі‖ пәнін оқыту процесінде 
жақсы нәтижеге жетудің жолы – тілден берілетін теориялық 
материалды жаңа технология үлгілерін пайдалана отырып 
беру. Әдістеме ғылымы мен оқыту технологиясы бір-бірімен 
тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы нені оқыту керек, не 
үшін оқыту қажет, қалай оқытқан дұрыс деген сұрақтарға 
жауап іздесе, оқыту технологиясы қалай нәтижелі болады 



деген сұрақтың жауабын шешуге тырысады. Студент 
ӛз 
бетімен тырысып, кейбір мәселелердің шешімін ӛзі табуға 
тырысуы қажет. Осы міндетті шешу мақсатында оқу 
құралында қазақ тілі әдістемесі пәні бойынша қысқаша 
теориялық мәліметтер, семинар сабақтары мен студенттердің 
ӛздік жұмыстарының, курстық жұмыстардың тақырыптары, 
тапсырмалар берілді. Бұған қоса кейбір сабақтар мен
студенттердің 
аталған 
пәннен 
алған 
білімдерін 
қорытындылау, сараптау үшін тест тапсырмаларының үлгісі 
ұсынылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет