Құю әдісі арқылы, басқа тәсілдермен жасауға болмайтын күрделі


 Арнаулы тәсілдермен құю



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата28.11.2023
өлшемі0.84 Mb.
#484644
1   2   3   4   5
ҚҰЮ ӨНДІРІСІ

15.5
 Арнаулы тәсілдермен құю 
Арнаулы тәсілдермен құю кезінде құймалардың беті сапалы және дәл 
өлшемдікпен алуға болады. Мұндай тәсіл металдарды үнемдеп, механикалық 
өңдеуді жеңілдетеді; құймалардың механикалық қаситеттерін арттырады, 
ысырапқа түсуін төмендетеді; қорама дайындауға жұмсалатын артық 
материалдарды азайтады немесе болдырмайды; өндірістік ауданы 
қысқарады; санитарлық-гигиеналық жағдайлары жақсарады және еңбек 
өнімділігі артады.
 
15.5.1 Темірқорамға (кокильге) құю 
Темірқорам деп тұтас немесе ажырамалы шойын немесе болаттан 
жасалған металл қорамасы аталады. Оның мәніне сұйық балқытпаның өте 
жылдам кристалдануын қамтамасыз ететін, бір қорамада он данадан бірнеше 
мың данаға дейін өнім алынатын көптеген рет қайталанып қолданылатын 
металл қорамасына еркін құю әдісімен сұйық балқытпадан құйма алу 
жатады.
 Темірқорам түрлері:

сілкімелі (ажырамайтын) – құрама пішіндері күрделі емес 
құймалар. 

тік ажырамалы – сырт бетінің аздаған шығыңқылары және 
ойымдары бар күрделі емес құймалар. 



көлденең ажырамалы – құрама пішіндері күрделі емес ірі 
құймалар жасауда. 
 
15.5- сурет. Темірқорамдар (кокильдер) 
15.6- сурет. Темірқорам қондырғысы және осы темірқорамда алынған
құймалар: а) ажырамайтын құм-балшық өзек енгізілген; 1- қақпақтар;
2- корпус; 3- өзек; 4- итергіш; 5- өзек пен құйма;
б) металл өзек енгізілген ажырамалы; 1 және 4 – темірқорам 
жартылары; 2 және 3 – бүйірлік өзектер; 5- центрлік құрамалы өзек; 6- құйма 
 
Артықшылығы. Темірқорамда құю әдіпке және булануға жұмсалатын 
материалдарды үнемдейді, құймалардың беті сапалы болады және дәл 


өлшемдікпен алынады, физикалық-механикалық қасиеттері, еңбек өнімділігі 
артады.
Кемшілігі. Шапшаң суыған металдан күрделі пішінді жұқа қабатты 
құймалар өндіру қиыншылығы;
- темірқорам дайындаудың қымбаттылығы, күрделілігі және 
еңбексиымдылығының жоғары болуы; 
- қолдану мерзімі шектеулі; 
- темірқорам мен өзегінің икемсіздігі құйманың шінде кернеулер 
тудырады және кейбір кезде жарықшалар туындауына жол береді.
15.5.2 Қысыммен құю 
Бұл тәсілдің мәніне балқытылған қорытпаны жоғарғы қысыммен (30 
дан 100Мпа дейін) металл қорамаға толтыру жатады. Балқытпадағы соңғы 
қысымның мөлшері 490Мпа жетуі мүмкін.
Қысыммен құю дәлдікпен фасонды құйманы түсті металдардан алудың 
өнімді тәсілдерінің біріне жатады.
Қысым беру тәсілі бойынша поршеньді, газды, вакууммен сорғыш
сұйықтай қалыптау болып ажыратылады. Қысыммен құюға арналған 
машиналардың сығымдағыштық және поршеньдік әрекеттегі қысым 
камералары болады.
 
15.7- сурет. Ыстық камералы машинада қысыммен құйма алу схемасы. 
Қысыммен құюға арналған қорытпалардың сұйықтай аққыштығы 
жеткілікті, кристалдану температурасы мен уақыттық аралығы аз және 
баспаққалып жасалған материалмен әрекеттеспеуі керек. Осы тәсілмен 
құймаларды алу үшін тез балқитын мырыш, магний, алюминий, алюминий 
қорытпалары және мыс негізді қорытпалар (жез) пайдаланылады.
Келтірілген 15.7- суретте құйманы поршеньді машинамен (салқын тік
сығымдағыштық камералы) алу көрсетілген. Балқытылған металл мөлшерлеп 


баспақтық тік камераға 2 беріледі. Поршень1 төмен түскенде табанды 4 
төмен түсіріп металды қысады, сол кезде коректендіргіш канал 3 ашылып 
металл баспаққалыптағы 5 қуысқа өтеді. Баспаққалып толтырылып 3...30 с 
арасында ұстағаннан кейін поршень мен табан көтеріледі, бұл кезде табан 
құюжолды кесіп баспаққалдығын 6 итеріп шығарады. Баспаққалыптың 
қозғалатын бөлімі 8 оңға қарай жылжиды да құйма 7 жеңіл шығарылып 
алынады.
Артықшылығы. Күрделі жұқақабырғалы, өлшемдік дәлдігі жоғары, 
ұсақ түйіршікті құймалар алынады. Бетінің кедір-бұдырлығы төмен, 
механикалық өңделуі 90-95% төмендейді.
Кемшілігі. Баспаққалыптың құны жоғары, қымбат, дайындауы күрделі. 
Газдыауалы кеуектілігі. Өлшемі және массасы бойынша атаутізімдері 
шектеулі.
 
15.5.3 Құймаларды центрден тепкіш құюмен дайындау 
Центрден тепкіш құюды айналу денелері пішіндес (төлке, 
қозғалтқыштар поршеньдерінің сақиналары, құбырлар ж.б.) және басқа 
бұйымдарды түсті және теміркөміртегі қорытпадарынан жасау үшін 
қолданады. Бұл тәсілдің мәніне айналып тұрған металл немесе қыш 
қорамасына сұйық металды құю жатады. Сұйық металл центрден тепкіш күш 
арқылы қораманың қабырғасына ығысып, соның бойымен тарала ағып 
қатайады.
Центрден тепкіш құюды айналу осіне байланысты көлденең және тік 
осьті деп ажыратады. Көлденең осьті машиналарда ұзын құбырлар және 
гильзалар, ал тік осьті машиналарда қысқа төлкелер, үлкен диаметрлі тәж 
құйылады. Қорамалар – құмды, металдық, балқытылатын үлгілермен құю, 
қабықшалы болады.
Балқыған металды құю алдында қорамаларды жылыту керек және 
қорғауыш жабындармен сылау керек. Сұйық металл құйылған соң кейбір 
кезде қорамаларды аса ысыудан сақтау үшін және машинаның өнімділігін 
арттыру үшін су сепкішімен суытады.  


15.8- сурет. Центрдентепкіш тәсілмен құйма дайындау схемасы: а- 
көлденең осьті айналумен; б- тік осьті айналумен. 
Артықшылығы: Өнімділігі жоғары, құм-балшықтық тәсілімен 
салыстырғанда қарапайым процесті, құйманың сапасы көтеріңкі, жарамды 
құймаларды дайындау 20...60% артады.
Кемшілігі: Қорамалар қымбат бағалы, дайындау өнімдерінің 
атаутізімдері шектеулі.
15.5.4 Балқытылатын үлгілермен құю 
Металды жеңіл балқитын үлгілік құрамнан үлгі бойынша жасалған бір 
реттік жұқалтаң қыш қорамаға құяды. Мұндай тәсілмен қандайда болмасын
қорытпалардан массасы бірнеше граммнан 100кг дейінгі механикалық 
өңдеуді қажет етпейтін өлшемі мен бетінің тазалығы жоғары дәлдіктегі 
құйма дайындалады.
Балқытылатын үлгілермен құйма дайындау технологиясы келесі 
кезеңдерден тұрады: үлгі үшін баспаққалыпты дайындау; үлгілік құрамды
баспаққалыпқа тығыздау арқылы балауыздан үлгі жасалады; үлгі блоктары 
ортақ коректендіргішке жиналады; бір реттік үлгінің немесе блоктың бетіне
отқа төзімді жабын жалатылады; отқа төзімді (қышты) қабықшалы 
қорамалардан үлгілер ыстық бумен немесе ыстық сумен балқытылып 
алынады; қорамаларды теседі; ыстық қорамаларға металл құйылады.
Ыстық қорамаларға металды құю арқылы оның сұйықтайаққыштығын 
көтереді және жұқа қабатты күрделі құймалар алуға мүмкіндік туады.
Құйманы суытқаннан кейін қолмен немесе пневмодірілдеткішпен 
соғып отқа төзімді жабындық қабаттан тазартады Қуыстар мен тесіктердегі 
қораманың қалдықтары ащы натрдың қайнаған ерітіндісінде сілтіден айыру 
арқылы жойылады, артынан құйманы сода қосылған жылы сумен жуады. 
Балқытылатын үлгілермен автотракторжасауға, аспапжасауға арналған 
әртүрлі күрделі құймаларды, ұшақтың тетіктерін, турбиналардың 
қапалақтарын, кескіш және өлшеуіш құралдарды дайындайды.


15.9- сурет. Балқытылатын үлгілермен құю 
15.5.5 Құймаларды қабықшалы қорамаларда дайындау 
Массасы 100 кг дейін шойыннан, болаттан және түсті металдардан 
құймалар дайындалады. Көбінесе ірісериялы және жаппай өндірісте жауапты 
ұсақ және орташа құймаларды дайындауға қолданылады. Жұқа қабатты 
(қалыңдығы 6...10 мм) қабықшалы жартыланған қорамалар құм-шайырлы 
қоспалардан 
(ұсақтүйіршікті 
кварцты 
құммен 
термореактивті 
фенолформальдегидті 
шайырдан, 
3...7%) 
жасалады. 
Қабықшалы 
қорамаларда дайындалған құймалардың дәлдігі мен беттік тазалығы жоғары 
болғандықтан 
құймалардың 
массалары 
20...40% 
кішірейеді 
және 
механикалық өңдеудегі еңбексиымдылығы 40...60% төмендейді. Осы 
тәсілмен машинаның жауапты тетіктері – иінді және жұдырықшалы біліктер, 
бұлғақтар, кедір-бұдырлы цилиндрлер ж.б. дайындалады. Қабықшаларды 
жасау процесі жеңіл автоматтандырылады. Қабықшалы қорамаларда 
дайындалған құймалар көбінесе темір негізді қорытпалардан (шойын, 
көміртекті және таттанбайтын болаттар), сонымен қатар мыс негізді және 
арнаулы қорытпалардан тетіктер дайындауда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет