"назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы оқушылардың ОҚу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің Əдіснамасы


Оқудың әлеуметтік-конструктивистік теориясы



Pdf көрінісі
бет12/29
Дата28.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#484728
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
критериалды бағалау

Оқудың әлеуметтік-конструктивистік теориясы 
Критериалды бағалау жүйесі оқудың әлеуметтік-конструктивистік 
көзқарасына сүйенеді. Оқытудың әлеуметтік-конструктивистік теориясы 
жеке-тұлғалық, ұжымдық, топтық оқыту үдерісінде әлеуметтік 
құрылымдардың пайда болуына ерекше назар аударады.
Дэвис және Херштің (1981) ойынша, оқуға конструктивистік көзқарасы 
бар мұғалім оқу мен бағалау білім мен дағдыны дамытуға бағытталғандығын 
түсінеді. Білім мен дағды танымның келісілген саласы ретінде 
17 


қарастырылады, яғни, оқушы сылбыр білім алушы және бағалану нысанасы 
болуды тоқтатып, аталған үдерісті «құраушы/жасаушыға» айналады.
[Davis, Hersh, 1981]. 
Пиаженің (1967) конструктивистік теориясына сәйкес, оқушылар нені 
таныды, нені жасауға үйренді, қандай дағдыларды меңгерді деген негізде өз 
түсінігін құрушы адам ретінде қарастырылады [Piaget, 1967]. Яғни, оқуды 
жаңа ақпаратты түсіну және оқушының тәжірибесін трансформациялау үшін 
қолдану қажет [Выготский, 1966]. Бұл оқушылардың өз дағдыларын 
дамытуға, оларды болашақта рефлексия арқылы негізгі қағидаттарды 
абстракциялау көмегімен қолдануға мүмкіндік береді [Darling-Hammond, 
Wentworth, 2010]. 
Оқудың әлеуметтік-конструктивистік теориясына сәйкес оқушылардың 
ойлауын дамыту әлеуметпен (социуммен) өзара үйлесімді қарым-қатынас 
жасау есебінен қамтамасыз етіледі, яғни, «бар» білім әртүрлі 
дереккөздерінен (мұғалім, құрдасы, оқу ресурстары) «алынған» біліммен 
өзара әрекеттесіп «абсалютті жаңа» білім құрайды. Оқытудың әлеуметтік-
конструктивистік теориясының идеясына негізделген бағалау, көптеген 
елдерде түрлі деңгейде кеңінен қолданылатын, қалыптастырушы бағалау 
тәжірибесін өзектілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Оқу мақсаттарының таксономиясы 
Оқу мақсаттары оқушылардың ілгерілеуін көрсету үшін тиімді 
пайдаланылуына болады. Критериалды бағалау жүйесінде оқу мақсаттары 
ерекше маңызды, өйткені олар критерийлерді түсінікті анық және жеңіл 
формада құрастыруға мүмкіндік береді. 
Әр оқу бағдарламасында оқу мақсаттары оқушылардың пәнді меңгеруде 
дамытуы қажет білім мен дағдыларын анықтайды. Осы дамытуды бақылау 
және күтілетін нәтижелерді анықтау үшін Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында Б.Блумның 
таксономиясы қолданылады. Б.Блум таксономиясы оқу бағдарламаларында 
негізгі бағыт болып табылады. 
Оқу мақсаттарының таксономиясы [Bloom, 1956] ойлау дағдыларының 
алты деңгейін болжайды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет