мүмкіндік жасайды [Shepard, 2000; Pellegrino, Chudowsky, Glaser, 2001;
Heritage, 2010; Wiliam, 2009].
Ең алдымен бұған мұғалім мен оқушылардың
сабақ бойы
сандық көрсеткіштерге емес, өздерінің білімдік қызметтерін
сапалық талдауды бағдарға алуы арқылы қол жеткізіледі.
Блэк пен Уильям қалыптастырушы бағалау бес негізгі стратегиядан
тұратынын анықтайды:
•
күтілетін нәтижелер мен бағалау критерийлерін түсіндіру;
•
оқушының түсінгенін көрсететін сыныптағы
өзара әрекеттестік және
тиімді талқылауды қалыптастыру;
•
оқушылардың жетістіктерге жетуін ынталандыратын кері байланысты
беру;
•
оқушыларды өзара оқытудың дереккөздері және ресурстары ретінде
тарту;
•
оқушының өз білімінің «құрушысы» ретінде қалыптасуы [Black,
Wiliam, 2009].
Қалыптастырушы бағалау теориясы аясында оқушыларды қолдау
үдерісінің негізі төмендегідей үш сұрақтан тұруы қажет: «оқушылар оқудың
қай сатысында тұр?», «өз оқуында олар қайда ұмтылады?» және «соған жету
үшін оларға қандай көмек көрсету қажет?» бұл сұрақтар оқудағы үш
қатысушымен тікелей байланысады (мұғалім, сыныптас және оқушы), бұл 1-
кестеде көрсетілген [Wiliam, Thompson, 2007].
1-кесте. Қалыптастырушы бағалаудың аспектілері
Агенттер
Оқушы білім алуда неге
талпынады?
Оқушы оқытудың қай
сатысында?
Оқушы қойылған
мақсатқа қалай
жетеді?
Мұғалім
Күтілетін нәтижелер
мен бағалау
критерийлерін түсіндіру
Күтілетін нәтижелер
мен бағалау
критерийлері туралы
ортақ түсінігін
қалыптастыру
Күтілетін нәтижелер
мен бағалау
критерийлері туралы
түсінігін қалыптастыру
Оқушылардың түсінігін
айғағы ретінде қызмет
ететін
сынып ішіндегі
пікірталасты және басқа оқу
міндеттерін тиімді
қалыптастыру
Оқушыларды алға
ұмтылуға
ынталандыратын
кері байланыс беру
Құрдас
Оқушыларды өзара оқыту құралдары және
ресурстары ретінде пайдалану
Оқушылар
Оқушылардың өз білімінің «жасаушылары»
ретінде қалыптасуы
21
Сыныптағы қалыптастырушы бағалаудың мәдениеті мен тәжірибесін
дағдыландыру бағалау жүйесін реформалау үрдісіндегі әрекеттердің күрделі
бағыттарының бірі болып табылады. Мұғалім санасының философиясында
туындаған
асимметриямен байланысты, санада қабылданатын объект
бұрынғы қалыптасқан пікірі мен артықшылықтарына сәйкес емес жағдайда
туындайды. Сана философиясына сәйкес асимметрияның
болуының жақсы
жақтары да бар: нысананы қабылдауда объективтілікті арттырады, ол
асимметрияны тудырады және оның дамуына әкеледі. Демек,
қалыптастырушы бағалауға сыни және күмәнмен қараған мұғалімдер
қалыптастырушы бағалаудың негізінде алынған
нәтижелерді бұдан әрі
объективті түрде бағалауы мүмкін. Өз кезегінде бұл педагогикалық қоғамда
ынталандыратын және қолдайтын кәсіби орта қызмет жасайды деген
шартпен мұғалімге өз тәжірибесінде шынайы өзгерістер мен жақсы
нәтижелерді алуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: