Сөйлеу
әрекеттерінің
теориясы
Тілдік пәндерді оқу өзінің спецификасы
мен сипаттамасы бар сөйлеу
әркеттерінің түрлері бойынша жүзеге
асырылады. Сөйлеу әрекеттерінің
түрлері мынадай дағдыларды қамтиды:
ақпаратты есте сақтау (айтылым мен
жазылым) және қабылдау (тыңдалым
және айтылым).
Сөйлеу әрекеттерін бағалау барлық
сөйлеу әрекеттерінің өзара байланысы
мен олардың сипаттамалары арқылы
жүзеге асырылады. Бағалау
критерийлері 4 сөйлеу әрекеттері
түрлеріне дифференцияланған:
тыңдалым; айтылым; оқылым;
жазылым.
Жақын даму
аймағы
Баланың қойылған міндеттерді өз
бетінше шешу қабілеті анықталатын
дамудың нақты деңгейлері арасындағы
аймақты және үлкендердің немесе
қабілетті құрдасының көмегімен күрделі
тапсырманы шеше алу қабілеті
анықталатын нақты даму деңгейлері
арасындағы аймақ [Выготский, 1978].
Қалыптастырушы бағалаудың
тәжірибесі мен құрылымы
өзекті
болады.
Рәсімдер мен бағалау нәтижелерінің
анықтығы, қолжетімділігі,
объективтілігі оқушылардың жеке
траекториясын құрауға ықпал етеді.
Қалыптастырушы бағалаудың
құралдары мен әдістерінің әртүрлілігі,
толықтығы, сапасы, оларды қолдану
дифференциациясы
оқушылардың
мақсаттылығын, жауапкершілігін
дамытады, өз бетінше оқуға
дағдыландырады.
Скаффолдинг
теориясы
Оқушыларға қойылған мақсаттарға жету
үшін қажетті көмек көрсету мақсатында
оқу мен бағалау үдерісі кезінде қолдау
көрсету [Bruner J.S., 1976].
Қалыптастырушы
бағалау теориясы
Бағалау негіздері «оқушы өз оқуында
неге талпынады?», «оқушы оқудың қай
сатысында?» және «олардың нәтижеге
жетуіне көмектесу үшін не істеу қажет?»
сұрақтарынан тұрады.
Білімді толық
меңгеру теориясы
Оқушылардың жетістігіндегі
айырмашылықтарды үш фактор арқылы
қысқартуға болады:
1.
Оқушылардың қажеттілігіне қарай
білім беру үдерісін бейімдеу мен
бастапқы айырмашылығын
диагностикалау;
2.
Оқушылардың алғашқы сәтсіздіктен
көңілін қалдырмау арқылы
ынталандыруын, қолдау;
3.
Марапаттау және жеке тәсілдер.
Қалыптастырушы бағалау
оқушылардың қажеттіліктерін, оқу
үдерісін жетілдіруді анықтауға ықпал
етеді.
Оқушылар бағасының 50%
тоқсан
барысында бөлім бойынша жиынтық
бағалау нәтижесінде
жинақтайды, 50%
-
тоқсандық жиынтық жұмыстар
нәтижелерінен жинақталады.
Жиынтық жұмыстары балл
салмағының түрлі болуы
ынталандыруды қолдап , тоқсанды
аяқтауға дейінгі қорытынды бағаны
жетілдіру мүмкіндігін сақтайды.
Тапсырмаларды орындау барысында
әр қадамды тіркеу арқылы «жинақтау»
әдісі оқушылардың оқуға деген
қызығушылығына жағдай жасауға
мүмкіндік береді,
олардың дамуының
болашағын анықтайды .
24