Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет15/79
Дата29.11.2023
өлшемі2.08 Mb.
#484899
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   79
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

 
7- сурет. Паркинсон ауруы (http://www.parkinsonizm.ru) 


18 
А суретінде – дені сау адамның миы көрсетілген, мидың қара заты жақсы 
пигменттелген.
В суретінде – Паркинсон ауруымен ауыратын науқастың миы көрсетілген, мидың қара 
заты пигментацияланбаған. 
 
Эпилепсия (қояншық) (грек тілінен ауд. epilepsia – ұстап қалу) – 
созылмалы психоневрологиялық ауру, қайталанатын ұстамалармен 
сипатталады. Ұстамалар дамуының негізінде нерв жасушаларының тым 
қуатты электрлік белсенділігі жатыр. Эпилепсиялық ұстамалардың даму 
механизміне негізгі 3 фактор қатысады: 1) құрысулық немесе 
пароксизмалы дайындық; 2) эпилепсиялық ошақ; 3) сыртқы эпилепсиялық 
тітіркендіргіштер. Эпилепсиялық ұстамалар сезімтал, қимылдық
вегетативтік және ойлау қызметтерінің уақытша бұзылыстарымен көрінеді.
 
Тақырыбы: Нерв жүйесінің сезімталдық қызметінің бұзылуы 
Ауырсыну сезімі – мидың жоғарғы бөлімдері мен ауырсыну сезімінің 
арнайы жүйелері арқылы іске асырылатын күрделі психоэмоционалдық 
жағымсыз сезіну. Бүлінген тіндер немесе олардың бүлінуін туындататын 
ықпалдар туралы белгі беріп отырады.
Патологиялық ауырсыну – ОНЖ-нің қыртыстық және қыртысастылық 
бөлімдерін бұзылуы нәтижесінде организмнің өзгерген ауырсыну 
импульстерін 
қабылдауы. 
Осындай 
бұзылыстар 
ноцицепциялық 
жүйелердің кез келген бөлімінде туындауы мүмкін. Сонымен бірге, 
ноцицепциялық өрлемелі құрылымдар мен антиноцицепциялық жүйелер 
арасындағы байланыстардың бұзылуынан дамиды. 
Ноцицепциялық жүйе (латын тілінен ауд. посеге – зақымдау+ сереге –
қабылдау) – ауырсыну сезімін қабылдайтын және тасмалдайтын жүйе. 
Антиноцицепциялық жүйе – ноцицепциялық жүйе құрылымдарының 
қызметін бақылайтын жүйе. 
Анестезия (грек тілінен ауд. an –болмауы + aisthesis – сезіну, сезім) –
кейбір нерв жүйесі ауруларында туындайтын сезімталдықтың жойылуы; 
хирургиялық операция шараларын орындау кезінде ауырсыну сезімін басу 
үшін қолданатын дәрілік заттарды енгізгенде дамуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет