Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет14/79
Дата29.11.2023
өлшемі2.08 Mb.
#484899
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   79
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

 
6- сурет
 Броун-Секар синдромы кезіндегі 
жұлын-мидың зардапталған 
аймағы 
(http://www.owoman.ru) 


17 
Спиналдық шок – жұлын-мидың үзілгеннен кейін сезімталдық, 
қимылдық және вегетативтік рефлекстердің толық жоғалуы, сонымен 
бірге, нәжіс пен зәрдің бөгелуі, анестезия және енжар салданумен 
байқалады. Қимылдық және вегетативтік рефлекстердің тежелуі мидың 
белсендіруші әрекетінің бұзылуымен байланысты туындайды. Спиналдық 
шоктың ұзақтығы бірнеше аптадан айларға дейін созылуы мүмкін.
Құрысқақ (грек тілінен ауд. spasmos – құрысқақ, спазм) – бір немесе 
бірнеше бұлшықеттердің еріксіз жиырылуы, ауырсыну сезімімен 
ұштасатын гиперкинездің түрі.
Тонусты құрысқақ – бұлшықеттердің ұзақ жиырылуынан, олардың сол 
қалпында (бүгілген немесе керілген күйі) қатып қалуы, науқастың денесі 
керілген, басы шалқайған немесе иілген күйі. 
Клонусты құрысқақ – жазылатын және бүгілетін бұлшықеттердің рет-
ретімен жиырылуы, нәтижесінде еріксіз қимыл-қозғалыстар байқалады. 
Клонустық құрысқаққа қарағанда аса қауіпті емес, өйткені онда жүрек, 
тыныс жүйесінің бұзылыстары байқалмайды. 
Тик (француз тілінен ауд. tic) – еркінен тыс, үйреншікті, жеке 
бұлшықеттердің немесе бұлшықет топтарының клоникалық тартылуы . 
Тремор (латын тілінен ауд. tremor – қалтырау) – аяқ-қолдардың
кірпіктердің, қол саусақтарының ырғақты еріксіз қалтырауы. 
Паркинсонизм 
– 
мидағы 
кейбір 
құрылымдардың 
дофаминдік 
нейрондарының тез ыдырауы және олардың өлуімен сипатталатын 
созылмалы нейродегенерациялық аурулар тобы (7- сурет, әсіресе, қара 
субстанцияның ықшамды бөлігі). Дофамин мөлшерінің өзгеруі басқа 
нейротрансмиттер (серотонин, норадреналин, ацетилхолин, глутамат) 
метаболизмінің бұзылысына алып келеді. Дофаминдік белсенділкің 
төмендеуінен 
және 
глутаматтық, 
холинергиялық 
жүйелердің 
белсенділігінің басым болуынан Паркинсон ауруына тән қозғалыстар: 
қозғалыстың баяулауы, қимылды бастаудың қиындауы, бұлшықет 
тонусының жоғарылауы, тыныштық жағдайда тремордың (қалтырау) 
пайда болуы, дене қалпын өзгерткенде немесе жүргенде тепе-теңдікті 
сақтай алмауы байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет