Бірінші
кезең Абайдың өзі қайтыс
болған уақытынан бастап жиырма
шақты жылға созылды деуге
болады. Бұл кезең данышпанның
қалдырған даналығын халық зор
ынта-жігермен
танып-білуге
ұмтылған ең айшықты кезең еді.
Екінші кезең жиырмасыншы
жылдардың орта тұсынан
отызыншы жылдардың аяғына
дейін созылады. Бұл Абай
мұрасының
тағдырын келешекте
түнек жолға салған ең ауыр да
шешуші кезең еді. Себебі
абайтану тағдыры дәл осы
уақытта күрт өзгерді. Бұған елдегі
саяси ахуал себеп болды.
Абайдың рухани мұрасының зерттелу барысы еліміздегі
саяси ахуалдың құбылуына байланысты 4 кезеге бөлінеді.
Үшінші кезең өткен
кезеңнің салған сара жолынан
көп ауытқымай, отызыншы жылдардың аяғы,
қырқыншы жылдардың басынан бастап еліміздің
тәуелсіздік алуына дейін, яғни 1991
жылға дейін
созылды. Ол саяси қыспақтың әлсіреп, не болмаса
күшейгеніне байланысты толқымалы болды. Абайға
«ұлы ақын» деген жалпы көзқарас сол қалпында
сақталып, абайтану
саласында оның ойшылдығы шет
қағылып, барлық назар ақындық құндылығына
ауысты. Кеңес дәуірінде, 1985 жылға дейін, абайтану
саласында
жиырма төрт докторлық және
кандидаттық диссертация қорғалған екен. Бұлар,
негізінен, Абайдың ақындығын, сөз өнерін зерттеген
филологиялық бағыттағы жұмыстар. Әрине, Абайдың
ойшылдығына көңіл аударған Қ.Бейсенбиев,
А.Жиреншин, С.Мұқанов, Н.Смирнова, М.Сильченко,
Т.Тәжібаев тәрізді зерттеушілердің ірілі-кішілі
бірсыпыра жұмыстары болды.
Бірақ оларға заманның
тар арнасы ойшылдың рухани дүниесін толық ашуға
мүмкіндік бермеді.
Төртінші кезең еліміздің
егемендік алған уақытынан, яғни
1991 жылдан басталып, бүгінгі
күндерге дейін созылып келеді.
Бұл кезең — коммунистік
біржақты саясат жойылғаннан
кейінгі, Абайдың хакімдік
мұрасына жаңаша көзқарас
кезеңі. Мұның өзі Абайдың
ойшылдығын шын мәніндегі
рухани тұрғыдан зерттеу енді
ғана басталды дегенді білдіреді.
Абай шығармаларын әр түрлі
көлемде топтастырып жариялау,
оларды бірте-бірте толықтыру
жолымен бұл мұраның
түрақтана бастаған түпнұсқасын
туған халқына, дүние жүзі
тілдеріне
аудару арқылы тану;
Абай мұрасының зерттелу процесі ертеректен
басталғанымен, ол негізінен екі түрлі жолмен
жүргізіліп келеді:
Бүкіл әлемге танылып отырған
Абай шығармаларын арнайы
зерттеу нысанасына алып, түрлі
ғылым саласында да зерттеу
жұмыстарын қатар жүргізумен
бірге ол мұра жөніндегі әрқилы
деректер көзін де жинастырып,
молықтыра береді