Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет49/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   204
8сынып физика (2)

Екіншіден, бірдей жағдайда әртүрлі сұйықтың қайнау температу-
ралары әртүрлі болады.
Үшіншіден, сұйықтың қаныққан буының қысымы атмосфералық 
қысыммен теңескенде немесе одан сәл асқанда қайнау басталады.
3. Сұйықтың қайнау температурасы сыртқы қысымға тәуелді 
өзгереді. Мысалы, қалыпты атмосфералық қысымда (
p = 10
5
Па) су 100
о
С-
де қайнайды. Егер қысымды төмендете берсек, судың да қайнау темпера-
турасы төмендей береді. Мысалы, 32 гПа қысымда су 24
о
С-де қайнайды, 
қысым 6 гПа болғанда 0
о
С-де қайнайды.
Сұйықтардың төменгі қысымда кез келген температурада қайнау 
қасиеті практикада, мысалы, қант шығару өндірісінде қолданылады. 
Қант қызылшасын ұнтақтап суға салып, оның бойындағы қант молекула-
ларын диффузиялық жолмен ерітеді. Одан кейін сүзгіден өткен ерітіндіні 
суынан арылтып, таза қант кристалын алу үшін қайнатады. Қантты
судан ажыратудың осы кезеңінде оны 
төменгі қысымда қайнату тех-
нологиясы қолданылады. Мұндай технологияда ерітінді төменгі темпе-
ратурада қайнағандықтан, қант күйіп кетпей, сапалық қасиетін сақтап 
қалады. 
Қысым өскен сайын сұйықтардың қайнау температуралары да жо
-
ғарылай береді. Мысалы, 
автоклав деп аталатын қондырғыларда су 
200
0
С-де қайнайды. Автоклавтарды химия және тамақ өнеркәсіптерінде 
кең қолданады. Медицинада ота жасайтын құрал-жабдықтарды стери-
лизациялау мақсатында және қағаз шығару фабрикаларында ағаштарды 
жұмсартып өңдеу үшін пайдаланады. Тұрмыста қолданыс тапқан ас-
тағамдарды жылдам пісіретін ыдыстардың қақпақтары қысымды рет-
теуге арналған клапандармен жабдықталған. Мұндай ыдыстарда тамақты 
2000 гПа (2 атм) қысымда 120
о
С-де пісіреді.
4. Эксперименттік зерттеулер қайнау температурасында сұйықты 
буландыруға шығындалатын жылудың мөлшері оның массасына тура 
пропорционал өсетіндігін көрсетті:
Q ~ m.
Сонымен қатар эксперимент массалары бірдей әртүрлі сұйықтарды 
қайнау температураларында буландыруға шығындалатын жылу мөл-
шерінің бірдей болмайтынын да көрсетті. Бұдан әртүрлі сұйықтарды 
буландыруға шығындалатын жылудың мөлшері олардың тегіне бай-
ланысты әртүрлі болады деген қорытынды шығады. Физикада мұндай 
байланысты білдіретін шаманы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет