Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет70/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

2-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
152
нақты бір педагогикалық зерттеудің терминологиялық жүйесінің құрылы мы 
зерттеу объектісімен, пәнімен, оның педагогика ғылымы мен педагогика-
лық іс-әрекетті жетілдіру үшін алынған нәтижелерінің маңыздылығымен 
тығыз байланысты.
Ұғымдық-терминологиялық жүйе болжау әдістері мен қайта құрулар, 
әдістемелер, алгоритмдер, модельдермен қатар зерттеудің ғылыми аппара-
ты ның бір бөлігін құрайды. Онда келесі рәсімдерді қолданған дұрыс:
– үдерістің негізгі белгілерін айқындау үшін жеткілікті зерттеудің 
ке шенді ұғымдарының қатарын анықтау. Олардың қатарына зерттеу өзге-
ше лігіне байланысты білім, әлеуметтену, жекелендіру, тәрбие, тұлғаның 
дамуы, қалыптасуы, мағлұмат, оқыту, белсенділік, парадигма және т.б. жа-
тады;
– мән-мазмұнына қарай кешенді ұғымдардың біртектестігін анықтау, 
егер олай болмаса, сәйкес келетін анықтамалар мен түсіндірулер беру;
– авторлық ұғымдарды, яғни автор енгізген зерттеулерді немесе ав тор-
лық түсіндірмелерде ұсынылған ұғымдарды түсіндіру және бөліп көрсету;
– қосымша ұғымдарды бөліп көрсету. Мысалы, «әлеуметтену» ке-
шен ді ұғымында мынадай ұғымдарды қолдануға болады: әлеуметтік бейім-
де лу, қайта әлеуметтендіру, девиация, әлеуметтік мінез-құлық және т.б.;
– ұғымдарды белгілі бір логикалық қатарға жинақтау, яғни ұғымдық 
қатарды анықтау. 
Мұндай қатарды құру үшін негіз болып негізгі теория (тұлғалық әре-
кет тілік теориясы, бағдарламалы-мақсатты басқару теориясы және т.б.) 
алы нады.
Зерттеудің ұғымдық аппаратын қалыптастырудың төрт шешуші кезеңін 
бөліп қарастыралық:
– зерттелуші үдеріс пен ұғымдардың құрылымын, оның құрамдас 
бөліктері мен зерттеу қырларын (ұғымдық матрица) анықтау;
– ұғымдардың мазмұнын, белгілі немесе қайта енгізілген терминдер-
дің терминологиялық түсіндірмелері мен олардың негізделуін анықтау;
– категорияларды (негізгі, кешенді ұғымдарды) анықтау, категория-
лық-ұғымдық жүйені құру;
– ұғымдық жүйе элементтерінің өзара байланысын, ол арқылы зерт-
теліп жатқан үдерістер мен құбылыстардың терең әрі тұтас айқындалу дең-
гейін ашу.
Педагогикадағы ұғымдарды өңдеу зерттеу пәні мен объектісі саласы-
на жататын негізгі педагогикалық құбылыстардың, үдерістер мен жүйенің 
болмысын сипаттау мен объективті зерттеуден тұрады. Педагогикалық 
әрекетті сипаттау және теориялық зерттеу формасының бірі бола тұра 
педагогикалық зерттеу, жинақтала келе, оның ерекшеліктерін ашатын зерт-
теу пәнінің ұғымдық айқындалуынан басталады. Сондықтан педагогикалық 


153
2.4. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ұғымдық-түсініктік алаңы
құбылыстардың мәні авторлық тұрғыда қарастырылған зерттеудің мақсат-
міндеттерімен айқындалған ұғымдардың көмегі арқылы нақтыланады. Тіпті 
бір зерттеу пәнінің шеңберіндегі зерттеу мәселелерінің әртүрлілігі ұғымдық 
жүйедегі педагогикалық әрекеттілікті көрсететін түрлі қырларының пайда 
болуының алғышарттарын жасайды.
Педагогикалық феноменді анықтауда зерттеуші, біріншіден, педаго-
ги калық зерттеу мен оның категориялық-ұғымдық жүйесінің мәнмәтінін 
үйлестіре отырып, педагогикалық феноменнің заттай және айрықша бел-
гі лерін көрсету арқылы педагогикалық ұғымның мәндік-логикалық талда-
уын; екіншіден, бұл феноменді кәсіби-педагогикалық ортада шын мәнінде 
қолдануды ұсынды.
Зерттеуші ұғымдарды таңдау кезінде ғылыми терминологияға қойы ла-
тын жалпы талаптарды ескеруі қажет:
– нақтылық – мағынасының бірегейлігі;
– анықтамалық (дефинитивность) – педагогикалық нысанның айрық-
ша қасиеттері мен белгілерін ашып, анықтама беру мүмкіндігі;
– жүйелілік – педагогика ғылымының ұғымдық аппаратындағы ұғым-
ның орнын айқындау.
Әрбір зерттеу ұғымдық жүйеде көрініс табатын тұйықталған педаго ги-
калық білім жүйесінің шеңберінде жүргізіледі. Жүргізіліп жатқан зерттеу 
пәніне қатысты кешенді ұғымдар мөлшері тақырыптың бірқатар сипатта-
рына: зерттелу көлемі, мазмұны, мәні, ауқымы, өзге ғылымдарда көрініс та-
буы және т.б. байланысты анықталады. Мұндай реттіліктің мәні зерттеушіге 
ненің ұғымда кеңінен дамығанына және зерттеу объектісі шеңберінде шы-
найы педагогикалық әрекеттіліктің қандай жақтары көрінбей қалғанына 
көз жеткізуге мүмкіндік береді. Жүйелі түрде категорияның, терминнің 
немесе ұғымның анықтамасы ғылыми-зерттеу жұмыстарының теориялық 
мәнге ие нәтижелерінің бірі болып саналады. Ұғымды анықтау дегеніміз – 
ұғым білдіретін құбылыстың немесе заттың мәнін ашу, нақтылау.
Жетілген ұғымдық-терминологиялық жүйенің маңызды сипаттарының 
қатарына жататындар:
– педагогикалық құбылыстың белгілібір қырларының мазмұнын 
ашудағы айқындылығы;
– ұғымның пәндік анықтылығы;
– ұғымды түсіндірудің бірыңғайлығы;
– шығармашылық – зерттеу нәтижелерін айқын түсіндіру құралы 
ретінде;
– терминдердің бірегейленуі, яғни мән-мағыналарының реттілігі.
Зерттеуші тарапынан таңдалған әрі реттелген барлық ұғымдардың 
жүйесі әдетте құрастырылып жатқан жүйенің негізі ретінде тереңдігі мен 
жалпылығын білдіретін ұғымдарға – категорияларға топтасады.


2-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
154
Ғылыми терминологиядағы ұғым белгілі бір педагогикалық теорияның 
құрамында немесе анықтама арқылы тұжырымдамада өз мәніне ие болады. 
Қарастырылып отырған зерттеу пәнінің мазмұнын аша отырып, ұғымдар 
жүйесін құрастыратын зерттеуші тұтас жүйеге педагогикалық объект тура-
лы жан-жақты білім жинақтайды. Зерттеушінің абстрактілеу әрекеті ұғымды 
қалыптастырудың логикалық тетігі болып табылады. Логикалық тұрғыда 
қалыптасқан, жинақталған мазмұнға ие ұғым әдетте қарастырылып отырған 
объектінің өзіне тән қасиеттері мен белгілері арқылы зерттеудің пәндік 
аумағын көрсететін анықтамадан тұрады.Ұғымдық қатарды құрастырудың 
өзге де әдістері бар, мысалы терминологиялық матрица құрылымының ба-
ғытталу алгоритмі төмендегі әрекеттерден құралады:
– кешенді ұғымдардың тізімін құру;
– бірегей өлшемдерді анықтау үшін салыстырмалы сараптамалық мә-
ліметтердің матрицасын құру;
– бар мәліметтерді ойша іздеу және матрица үйлесімділігі бойынша 
мәліметтердің жоқтығын анықтау;
– терминдерді толықтай немесе жартылай жинақтаудың жалпы кө-
рінісін есепке алу және осы негізде мәселенің қарастырылуын бағалау;
– ғылыми ізденістің келесі міндеттерін анықтау және нақтылау.
Зерттеушінің ұғымдық қатардың логикалық құрылымын таңдауда 
зерт теу пәнін басқа қырынан түсініп, оның табиғатын ашудың жоғары 
деңгейіне қол жеткізуі маңызды. Ұғымдық жүйе құрылымында зерттеуші 
пәндік нақтылық пен аспектінің айқындылық қағидаларына сүйенуі қажет. 
Зерттеуші ұғымдар талдауына, әсіресе зерттеудің мәселесін талдау кезеңіне 
қарайды. Мұнда терминдер қорынан негізгісі таңдалады, сосын негізгіден 
жоғары тұратын жалпы ұғымдар ескеріледі, ортақ ұғымдар (олар бірнешеу 
болуы мүмкін) мен қосымша ұғымдарды бөлуге болады. Бастапқы кезеңде 
зерттеуші зерттеу мәселесі көрініс табатын мәліметтерді библиографиялық 
іздестіру мақсатында ұғымдарды таңдауға мән береді. Қорытынды кезеңде 
ол ұғымдардың анықтамаларына, мазмұнына, көлеміне, өзге ұғымдармен 
байланысына маңыз бере отырып, осы ұғымдар арқылы берілетін тәжі ри-
белік әрекеттердің түсіндірмелерін түзуді қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет