К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Протозоидтық аурулар кезіндегі иммунитет



Pdf көрінісі
бет111/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Протозоидтық аурулар кезіндегі иммунитет 
Протозоидтық аурулар қоздырғыштарының малға жұқпауы, олардағы 
табиғи (туа пайда болған) немесе жүре пайда болған иммунитетке 
байланысты. 
Табиғи иммунитет (туа пайда болған) организмнің биологиялық 
ерекшеліктеріне байланысты, әдетте ол малдың (иенің) түр белгісіне 
байланысты. Организмнің патогендік әсеріне қарсы тұру қабілеті малдың 
жасына, тұқымына, табиғи төзімділігіне және тұрған жағдайына байланысты 
(азықтандыру, күтімі мен қоршаған ортаның ыстық, суықтығы). 
Табиғи иммунитеттің қоздырғыштарға ешбір шексіз (абсолютті)
немесе шек қойылатын түрлері болады. 
Шексіз иммунитеті бар малға организмнің ауруға төзімділігі 
төмендеген кезде де кейбір қоздырғыштар дарымайды. Мысалы: жылқыға ірі 
қара малдың тейлериоз қоздырғышы жұқпайды. Мұның себебі жылқыда, ірі 
қараның тейлериоз қоздырғышына қарсы, шексіз иммунитет бар. Шек 
қойылатын иммунитет, малдың табиғи төзімділігінен асып, ауру 
жұқтырғанда байқалады. Мысалы, ересек тышқандарға жылқы мен иттің 
пироплазмалары дарымайды, ал тышқанның балаларына жоғарыдағы 
қоздырғыштар (жұғады) жұққыш келеді. Яғни, мал пироплазмидаларына 
қарсы тышқандарда шек қойылатын иммунитет бар. 
Жүре (туа) пайда болған иммунитет протозоидтық аурулардың түріне 
қарай залалсыз (стерильді) және залалды (стерильсіз) немесе премуниция 
болып екіге бөлінеді. Организмдегі қоздырғыштардың жойылуымен бірге 
премуниция да тоқталады. 
Қоздырғыштың ауру қабылдаушы организмге енуі, инвазиялық 
процестің және иммунитет дамуының басы болады. Инвазиялық процесс 
және организмді қорғау тетіктерінің қоздырғышқа жауап реакциялары, 
инвазияланған мал организмі мен қоздырғыштың өзара қарым-қатынасынан 
туады. Инвазияланған организмде коздырғыштың өмір тіршілігі басылған 
жағдайда мал сауығып кетеді немесе қоздырғыш қисапсыз дамып, мал өлімге 
шалдығады. Инвазияланған организмде, ең алдымен орталық жүйке 
жүйесінің қатысуымен, оның қорғаныс тетіктері мен мүшелерінің 


119 
физиологиялық қызметін арттыру арқылы, паразиттің тіршілік кеңістігін 
азайтуға болады, оның нәтижесі инвазиядан сауығып кетуді қамтамасыз 
етеді. Керісінше, егер патогенді паразиттің әсерінен орталық жүйке жүйесі 
күйзелсе, И.П.Павловтың айтуы бойынша бұл мүшелердің физиологиялық 
қызметін бұзады, қорғаныс механизмдері әлсіреп, ауру мал өлімге 
ұшырайды.
Протозоидтық ауруларда жүре пайда болған иммунитет бір-бірімен 
тығыз байланысты торшалы және гумморальді иммунитетке жіктеледі. Бөтен 
антигендерді “жою” және антиденелердің түзілуіне фагоцитарлық 
торшалардың маңызы зор. Сондай-ақ, түзілген антиденелер фагоцитозды 
күшейтеді. 
Енесінің 
құрсағында 
жатқан 
төл 
көптеген 
патогенді 
қарапайымдылардан қорғаулы, себебі зақымданбаған шудан паразит өте 
алмайды, егер жануар ауру болсада. Шу арқыла антиденелер де өте алмайды. 
Жас туған төлде гуморальдік иммунитет әдетте болмайды, себебі 
глобулиндер туғаннан кейінгі кезеңде әлі өндірілмейді немесе қанға өте аз 
мөлшерде түседі. Иммуноглобулиндер төл организмінде 4 апталық жасынан 
бастап өндіріле бастайды. Бірақ, туғаннан кейінгі кезеңдерде төлде 
фагоцитарлық қабілет айқын байқалады. Бұл кезеңде жас төл организімін 
протозоидтлық аурулар қоздырғыштарынан қорғауға, ене сүтімен және 
уызбен келген фагоциттер мен антиденелер қатысады. Мысалы, күшіктер 
пироплазмалардың жұғуына өте сезімтал, ал бұзаулар ересек малға 
қарағанда, бабезиидтерге өте төзімді. Құстарда жас кезінде инвазияға қарсы 
гумаральді факторы аз, ал фагоцитоз белсеңді байқалады. 
Протозоидтық аурулар қоздырғыштарынан қорғауда, организмде 
қалыптасатын торшалық иммунитеттің маңызы өте зор. 
Протозоидтық ауруларда да иммунитет бактериалды және вирусты 
індеттердегідей болып дамиды. Малдың протозоидтық ауруларында да 
арнайы комплемент байлағыш антиденелер, аглютининдер, преципитиндер 
және басқа да антиденелердің барлығы бар. 
Қазіргі таңға дейін патогенді қарапайымдылармен инвазияланған 
жануарларда серотерапия және серопрфилактика ретінде қолдануға болатын 
антиденелер саны анықталмаған. Қоздырушысының жасырын түрінің болуы 
ауырып жазылған малдардың қан сарысу мен қанын протозойлық ауруларды 
алдын алуда қолдануға кедергі келтіреді. 
Протозоидтық ауруларда ұлпалық және гуморальдық жүйенің 
көмегімен инвазияланған организмде залалсыз және залалды имунитет пайда 
болады. Трипаносомдарға қарсы залалсыз иммунитет сүт қоректілерде 
туындайтыны дәлелденген. Көптеген протозоидтық ауруларға қарсы малда 
залалды (стерильсіз) иммунитет болады. Бұл иммунитет малға аурудың қайта 
жұғуынан сақтағанымен, көп жағдайда паразиттасымалдаушылар арқылы 
қоршаған ортаға парзит таратып, аурудың етек жаюына себеп болады. 
Протозоидтық ауруларда болатын премуницияның мерзімі бірдей емес. 
Паразиттің вируленттілігінің төмендеуі кейде залалды иммунит-теттің 


120 
23 сурет. Theіlerіa annulata (В.Л.Якимов бойынша) 
(премуниция) толық жоғалуына әкеп соғады. Мұндай мал қоздырғыштың 
қайта жұғуына бейім болады. 
Протозоидтық ауруларда иммунитет арнайы болады, қоздырғыш 
түріне немесе штамына байланысты антиденелер өндіріледі. Тіпті бір 
қарапайымдылар түрінің әртүрлі даму сатыларына қарсы түрлі антиденелер 
өндірілуі мүмкін. Мысалы, тейлерий кезінде шизонттармен инвазиялаған 
организм ішкіэритроцитарлық формаларға қарсы әсер етпейтін антиденелер 
шығарады. 
Егер мал қатты ауырып сауықса, залалды иммунитет соғұрлым тұрақты 
және ұзағырақ болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет