К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Протозоидтық аурулардың патогенезі



Pdf көрінісі
бет110/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Протозоидтық аурулардың патогенезі 
Малдың протозоидтық ауруларының Патогенезі толық зерттелмеген. 
Ол мал (макроорганизм) мен қоздырғыштың (микроорганизм) бір - біріне 
қарым - қатынасынан туындайды. Жалпы мал организмінің паразитке қарсы 
жауап әсері, нерв жүйесі арқылы реттелетін иммундық қорғаныс жүйесінің
және ішкі мүшелердің физиологиялық қызметіне байланысты. 
Паразиттің мал организміне әсері, ең алдымен оның патогенділігіне 
байланысты (ауру қоздырғыштық қабілеті). Әдетте қарапайымдылардың бір 
түрі малдың белгілі бір түріне ғана патогенді болады, бірақ 
қарапайымдылардың кейбір түрлері, малдың бірнеше түріне жұғуы мүмкін. 
Мысалы, токсоплазмалар, көптеген мал мен құс түрлеріне жұғады. 
Әрбір патогенді қарапайымдыларда өзіне тән вируленттік (уыттылық) 
қасиеті бар, ол өзгеріп отырады. Оны физикалық немесе биологиялық 
факторлармен төмендетуге болады. Суықтық пен әсер етіп, кейбір мал 
пироплазмоздары қоздырғыштарының вирулентті қасиетін уақытша азайтуға 
болады. Иммундық жүйесі мықты, өте резистентті малға жұқтыру арқылы да 
паразиттердің вируленттілігін төмендетуге болады. Қоздырғышты бір малдан 
екінші малға жұқтырып (пассаж), кейде оның вируленттілігін арттыруға 
болады. 
Қоздырғыштардың вируленттік қасиетінің өзгеруі, олардың кейбір 
кенелерде өсіп-дамуында байқалған. Мысалы: Hyalomma plumbeum 
кенелерінен жұққан инвазияға қарағанда, Dermacentor кенелері тасымалдаған 
нутталлиялар жылқы нутталиозының ауыр түрін қоздырады. Рентген 
сәулесімен әсер еткеңде де кейбір қарапайымдылардың уыттылығы 
бәсеңдейді. 
Патогенді қарапайымдылардың вируленттік қасиеті көп қырлы және 
инвазияланған организмде ол әр түрлі байқалады. Оның уыттылығы 
қызбамен, жүйке құбылыстарымен, қан тамырларының қанталауымен 
байқалады. 
Қарапайымдылар организмде көбейіп, өз иесіне трофикалық (қоректік) 
әсер етеді. Қарапайымдылардың тіршілігінен, зат алмасуынан пайда болған 
улы заттар қан арқылы малдардың әр түрлі мүшелеріне, ұлпаларына 
тарайды. Бұл заттар бүкіл организмді уландырып, инвазияның ауыр түрін 
туындатады. Осылардың әсерінен малдың дене қызуы жоғарылайды, жүрек 
қантамыр және ас қорыту жүйелерінің және нерв жүйесінің қызметі 
бұзылады. Сонымен қатар, қарапайымдылар аллергиялық реакция туындату 
арқылы да мал организімін нашарлатады. 


118 
Торша ішінің паразиттері, мысалы пироплазмдар эритроциттер ішінде 
тез көбейіп, оларды ыдыратады. Ыдыраған эритороциттер ішіндегі 
гемоглобиннің бір бөлігі биллирубинге айналып, ал оның басым көпшілігі 
бүйрек арқылы шығарылғандықтан гемоглобинурия пайда болады. 
Ішек 
торшалары 
ішіндегі 
паразиттер, 
мысалы, 
эймериялар 
(кокцидиялар) ішектің эпителий торшаларын зақымдайды. Бұл паразиттер 
пиноцитоз арқылы қоректенеді, олар торшаның цитоплазмасын зақымдап
оны ыдыратады. Егер, эймериялардың саны тым көп болса, ішектің кілегей 
қабығы ыдырап, ас қорыту қызметі бұзылады, қан тамырлары қансырап
организмге патогенді микроорганизмдер енеді, ішек қыртысы қабынып, 
энтерит және колит белгілері пайда болады. 
Протозоидтық аурулардың жіті түрінде бауырда, бүйректе, жүректе 
және басқа органдарда өте күрделі паталогиялық өзгерістер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет