75
2.21 Мал эхинококкозы (берiш, бершiмек)
Эхинококкоз үй жануарлары мен адамдар арасында кеңінен таралған
гельминтоз. Бұл дертке шалдыққан мал арықтайды, берер өнiмi күрт
төмендейдi, өлiм-жiтiмге ұшырайды. Қойдан орта есеппен 2,6 кг ет, 0,4 кг май,
0,4 кг жүн кем алынатындығы анықталған.
Сол сияқты эхинококкозбен
ауырған iрi қара 5,5 кг ет, 2,5 кг май кем бередi екең. Бұрынғы ет
комбинаттарының деректерiне қарағанда, етке тапсырылған iрi қараның 5 %,
ұсақ малдың 10 %, шошқаның 6 % эхинококкоз болып шығатыны анықталған.
Біздің елімізде эхинококкозға шалдыққан сауын сиырлар жылына 300 мың т.
сүттi кем беретіні дәлелденген. Берiш дертi адам үшiн де қауiптi.
Соңғы
жылдары адам эхинококкозы жиі тіркелетін гельминтозға айналғаны
хабарлануда.
Эхинококктың таспасы ит, қасқыр,
шие бөрi, қарсақ, түлкi ащы iшегiн
мекеңдейдi, ал көпiршiктерi (берiш-бершiмектерi) адам, үй және жабайы
тұяқтылардың өкпесiнде,
бауырында, кейде басқа да мүшелерiнде тiршiлiк
етедi.
Қоздырғышы.
Ересек
жетiлген
түрi
-
Echinococcus
granulosus(Batsch,1786), өте уақ гельминт, ұзындығы 2-6 мм (0,5 см), бар-жоғы
3-4 бунақтардан тұрады. Мойыннан
кейiнгi бунақ қосжынысты, соңғы
төртiншiсi пiсiп, жетiлгенi, ал оның қапшық секiлдi жатыры жұмыртқаға толы.
Аралық иесi ағзаларына жайғасқан бершiмектердiң көлемі бұршақ, жұмыртқа,
кейде нәресте басындай, iшiнде мөлдiр сұйығы бар.
Оның iшiн орасан көп
таспа құрттың протосколекстерi мекеңдейдi. Ал протосколекстерi жоқ
көпiршiктердi ацефалоцисталар деп атайды. Бұлар iрi қара мен жылқыда жиi
кездеседi. Әр ағзадағы берiштердiң
саны бiрнеше данадан ондаған, жүздеген
данаға дейін жетуі мүмкін, кейде бiр-бiрiмен қосылып, ағзаны жаппай
жайлайды.
Достарыңызбен бөлісу: