К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Қоздырғышының даму биологиясы



Pdf көрінісі
бет71/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Қоздырғышының даму биологиясы. Мал таспа құрттың пiсiп-жетiлген 
соңғы буылтықтарын өз нәжiсiмен бірге клиникалыққы ортаға шығарады. Әр 


82 
бунақтарда мыңдаған жұмыртқалар болады. Қоршаған ортада таспа 
проглотидалары үзiлiп, iшiндегi жұмыртқалары шашылады. Кенелер 
өсiмдiктердiң түбiнде органикалық қалдықтармен, мал тезегiмен қоректенiп 
жүріп, құрт жұмыртқасын қоса жұтады. Кене денесiне енгеннен кейiн
гельминт жұмыртқасынан онкосфера бөлiнiп iш қуысына енедi, одан әрi балаң 
құрттың келесi сатысы цистицеркоидқа айналады. 3-5 ай аралығында 
цистицеркоид өсiп жетiлiп, инвазиялық сатыға жетедi. Мал жайылымда 
шөппен бiрге мониезиоз құртымен залалданған орибатид кенелерiн жұтып
ауру жұқтырады. Қозы мен бұзаудың iшегiне түскең мониезия құрты тез өсiп, 
37-50 күн аралығында жетiлiп, ересек таспаға айналады. Бұл паразит ақтық 
иесiнiң iшiнде 2 айдан 6 айға дейiн тiршiлiк етедi.
Эпизоотологиялық деректері. Мониезиоз ауруының пайда болуы, 
таралуы құрттың аралық иесiнiң тiршiлiгiне, малдың төлдеу, отардың жаппай 
өрiске шығу мерзiмiне, ауа райы жағдайларына тiкелей байланысты. 
Мал бұл дерттi қора төңiрегiндегi қи, тезек шашылған жерлерден 
жұқтырады, өйткеңi өте ұсақ, жай көзге жөнді байқалмайтын сауытты кенелер-
орибатидтер шiрiген органикалық заттары мол топырақ қабатында өмiр сүредi. 
Топырақ кенелерi жер бетiнде бiркелкi тарамаған. Олар далалы, таулы 
алқаптарда, бұлақ, өзен аңғарларында жиiрек, ал шөбi шүйгiн, ылғалы мол 
жайылымдарда, жазық сазды жерлерде азырақ кездеседi.
Мониезиоз құрты малға өрiске шығысымен жұға бастайды, ал төл 
арасында аурудың алғашқы клиникалық белгiлерi 15-20 күн өткеңнен кейiн 
байқалады. Қазақстанда бұл гельминтоз 2-3 айлық қозыларды едәуiр дәрежеде 
шығынға ұшырататын iндет болып саналады. Сонымен қатар ол тоқтыларда 
және сақа қойларда да кездеседi. 
Iшқұрт ауруы қоздырғыштарының өздерiне тән айырмашылығы бар. 
Мысалы, жаз ортасына дейiн негiзiнен алғанда M. еxpansa, ал күзге қарай 
M.benedeni кездеседi. Құрттың бiрiншi түрi көбiнесе жас қозыларды зақымдаса, 
ал екiншiсi – сақа малды зарарлайды.
Қой мониезиозы Қазақстанның барлық территориясына тараған. Аурудың 
шығу мезгiлi, қозыларды жайылымға шығару уақытымен тығыз байланысты. 
Оңтүстiкте әдетте бұл мерзiм сәуiрдiң бас кезiне тура келедi, ал орталық және 
солтүстiк аймақтарында iндеттiң жұғу уақыты бұдан гөрi кейiнiрек. 
Қазақстанның оңтүстiгiнде, Оңтүстiк-шығысында мониезиоз жыл бойы 
кездеседi, бiрақ аурудың үдемелi кезеңi жас төлде жаз, тоқты мен ересек қойда 
көктем мен күз айларында өршидi. 
Лақтар қозыларға қарағанда бұл ауруға сирек шалдығады. Бұзаулар 
өрiске шығысымен мониезиоз қоздырғыштарын жұқтыра бастайды. Тамыз 
айында инвазия өзiнiң жоғарғы деңгейiне дейiн көтерiлiп, қыста күрт 
төмендейдi. Түйенiң мониезиозға шалдыққанын З.В.Шумилина (1955) Орал 
аймағынан байқаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет