К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Эпизоотологиялық деректері



Pdf көрінісі
бет68/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Эпизоотологиялық деректері. Альвеококкоз-табиғи ошақты ауру. 
Мәселен, ол Алакөл мен Балқаш көлдерiнiң маңында көп тараған. 
В.И.Бондарева (1986) Қазақстандағы альвеококкоздың табиғи ордаларын 
шартты түрде екi топқа бөледi: бiрiншiсi - iрi бөгендер мен өзен-көлдерi бар 
дала алқаптар, ал екiншiсi-тау қойнаулары. Қоздырғышты таратушылар 
негiзiнен тағы аңдар. Кезiнде қой мен iрi қараны кемiрушiлер сияқты
альвеококктың аралық иелерi қатарына қосқан. Бiрақ, үй тұяқтыларының бұл
гельминтоздың эпизоотологиясына ешқандай қатысы жоқ. Аңшы иттер аң 
аулау кезiнде альвеококк көпiршiктер бар кемiрушiлердiң iшкi мүшелерiнен 
зақымданады. Адам бұл дертке аңшылық-құсбегiлiктiң (түлкiнiң т.б. аң 
терiлерiнде гельминт жұмыртқалары болады) салдарынан, сондай-ақ орман-
далада өсетiн жемiс-жидектердi жумай жеудiң әсерiнен шалдығады. 
Аурудың дамуы. Альвеококкозбен көбiнесе бауыр зақымданады, ал дерт 
асқынған шақта басқа iшкi мүшелерге де кеселi тиедi, олар көптеген өзгерiске 
ұшырайды. Көпiршiктер өсiп, үлкейiп, саны көбейiп, бауырды қысады
қызметiн бұзады. Ағзаның аумағы кiшiрейiп, ұлпасы жансызданып, 
кемiргiштердің өлімін туғызады. 
Балау. 
Альвеококкоздың 
клиникалық 
клиникалық 
белгiлерi 
зерттелмеген. Өлексенiң iшкi мүшелерiнен құрт көпiршiктерiн тауып балау 
қояды. 
Емi жоқ. Адамды хирургиялық жолмен емдейдi 
Алдын алу шаралары эхинококкозға ұқсас жүргізіледі. 
 
2.23 Церебральді ценуроз 
Ценуроз (айналма) - Multiceps multiceps цестоданың Сoenurus cerebrаlis 
дернәсіл сатысымен туындаған қой, ешкiлердің ауруы. Ценурозбен iрi қара, 
сирек жылқы, шошқа, жабайы күйiсқайыратындар және өте сирек адамда 
ауырады. Ценурлар мида, сирек жұлында тiршiлiк етедi. Лента сатысында 
иттiң, қасқырдың, қорсақтың, түлкiнiң және көк түлкiнiң жiнiшке iшектерінде 
тiршiлiк етедi. Ценуроз мал шаруашылығына өте үлкең экономикалық зиян 
келтiредi, ал қой жаппай өлуiнен және ауырған малды амалсыз союдан, ауырғаң 
қойдын ұшалары өте арық болады, сол себебi оларды техникалық утилизацияға 
жiбередi.
Даму циклi. Дефинитивтiк иелер (шопандардың иттері) эксриментерiмен 
бiрге жұмыртқаға толған мультицепстiң толық жетiлген мүшелерiн бөледi, олар 
суға, жерге, шөпке түседi. Жұмыртқалары өте тұрақты және клиникалыққы 
ортада көпкедейiн сақталады. Аралық иелер жайлауда шөппен немесе сумен 
жұмыртқаларды жұтып эақымдалады. Жануардың iшегiнде жұмыртқаларын 
қабығы және онкосферасы бұзылады, содан кейiн ұрық iлгектерiмен iшектiн 
қабырғасына енедi. Қан тамырларына түсiп, қанмен бүкiл организмге таралады. 
Миға немесе жұлынға жетiп, ол iлгектерiн жоғалтып дамуын бастайды, 


80 
формасы көпiршiк сияқты дернәсілға дамиды. Көпiршiк баяу өседi. Бiр айдан 
соң ценурдың iшiнде сколекстар дамиды, ал содан кейiн iлгектер пайда болады. 
Инвазиялық ценурларды 3 ай өткеңсоң табуға болады. Иттер, қасқырлар, 
түлкiлер ценурозбен ауырған қойдың миын жеп зақымдалады. Соңғы иелердiң 
iшегiнде неше көпiршiктi басы болады, соншама паразит дамиды. Иттерде M. 
multiceps 40-50 күн дамиды, ал күшiктерде бұл цестода тез дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет