К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Эпизоотологиялық деректері



Pdf көрінісі
бет85/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Эпизоотологиялық деректері. Аурудың тарату көзі – уақытында 
дегельминтизацияны өтпеғен ересек шошқалар. Негізінен зақымдалу 
залалсызданған шошқа қорасында өтеді, шошқа торайлары аскарида 
жұмыртқаларын азықпен және сумен жұтып зақымдалады. Дұрыс 
азықтандырмау (әсіресе витамин А және В жетіспеуі) торайлар ауруларының 


95 
таралуына әкеп соқтырады. Аскарида дернәсілдеріның көп саны олардың 
организмінде жиналады, сондықтан жауын құрттар резервуар болып саналады. 
Аскарида жұмыртқалары клиникалыққы ауа райының шарттарына өте тұрақты 
және өмір қабілеттігін 2 жылға дейін сақтайды (адамның аскарис 
жұмыртқалары 6 жылға дейін сақталады). 
Шошқа аскаридозымен зақымдалуы жылдың мерзіміне де байланысты. 
Патогенезі және иммунитеті. Патогенезі аскаридоз кезінде паразиттің 
даму биологиясына байланысты. Дернәсілдер ішек-бауыр-жүрек-өқпе-ішек 
схема бойынша миграция жасаған кезде ұсақ тамырларды, мүшелерді және 
ұлпаларды зақымдап, қабыну процесстерді және қан құйылуды тудырады. 
Миграция жасаған кезде дернәсілдер ұлпалық паразиттер болып саналады, 
бірнеше рет түлейді, өсіп дамиды, метаболизм өнімдерін бөліп шығарады, 
паразиттердің жартсы өліп қалады. Осы нәтижеден аллергия дамиды. Толық 
жетілген аскаристар ащы ішектің кілегейін механикалық зақымдап, кейбір 
кезде бекітеді немесе қабырғасын жарады. Аскаридалар бауырдың өт 
жолдарына жылжиды да өттін ағымын қинатады. Осы арқылы зат алмасудың, 
орталық жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады, жартылай салдану және тырысу 
байқалады. 
Жануардың жасы қосылуымен жүре пайда болған иммунитет төмендейді. 
Клиникалық белгілері. Паразиттің даму сатысына қарай аурудың жіті 
(миграциондық) және созылмалы (іШектеук) түрі болады. Аурудың жіті 
түрінде аллергия және бронхопневмония, жүйке құбылыстары (жартылай 
салдану, тырысулар), тіс қайрау, аяқтардың, қарынның бөлек бүлшықеттерінің 
дірілдеуі, тепе-тендік бұзылуы, жөтел (басында құрғақ, содан кейін дымқыл), 
жиі бетті дем алу белгілері білінеді. Дене температурасы көтеріледі. Торайлар 
төсеніш астына тығылып өлімге бас тартады. Торайлардың терісінде 5 - 6 
тәуліктен кейін ұсақ, шеттері қара немесе қоныр бұртпелер, папулалар пайда 
болады. 
Инвазияның созылмалы түрінде тәбеті төмендейді, ішек-қарын жолының 
қызметі бұзылады, жануарлар тез жүдейді (заморыш теп атайды). Ересек 
шошқаларда Клиникалық белгілері көзге көрінбейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет