К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет84/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

клиникалық 
белгiлері. 
Неоскаридалардың 
механикалық, токсикалық және солардың антигендерінен зақымдалған 
бұзауларда ауыр клиникалық белгілері дамиды, сонымен қатар: іш өту, іш қату, 
тәбеті бұзылу, бүлшықеттердің жиырлуы, іш кебу, несептің және шығару 
ауаның жаман иісі, мазасыздану. 
Балауды малдың тірі кезінде Фюллеборн әдісімен нәжісті зерттеп немесе 
толық жынысты паразиттерді тауып қояды. Осымен бірге гельминтоздың 
Эпизоотологиялық деректеріне және клиникалық белгілеріне назар аударады. 
Өлгеннен кейін бұзау ішегінде неоскаридаларды тауып балауды анықтайды. 
Тағыда етті пісіргенде иісіне назар аударады (эфир, хлороформ иісіне ұқсатады) 
Емi. Неоскаридалар антгельминтиктер және іш айдайтын дәрілер әсеріне 
тұраксыз қеледі (ағылшын және глаубер тұзына). 
Алдын алу шаралары негізі – бұзау туратың қораларды күнде тазарта 
отыру және дезинвазия жасау керек. 20-күн жасынан бастап бұзауларға 
дегельминтизация өткізу керек. 
 
 
2.32 Шошқа аскаридозы 
Шошқа аскаридоз ауруы - Ascaridae тұқымдасына, Ascaridata 
подотрядына жататың дөңгелек құрттармен шақырылады. Қоздырушы ащы 
ішекте және бауырдың өт жолдарында мекеңдейді. 
Қоздырушы – Ascaris suum – ірі ұршық тәрізді нематода. Аталықтардың 
ұзындығы 10-25 см, аналықтардың 20-40 см жетеді. Ауыз қуысының үш еріні 
болады шеттері өткір тістерімен қапталған. Аталықтарының екі қысқа бірдей 
спикуласы болады. Жұмыртқалары сопақша келген, мөлшері (0,06-0,08)х(0,04-
0,05)мм, қабығы жуан, бұдырлы, қоныр түсті. 
Қоздырғышының даму биологиясы. Аскаристар - геогельминттер, 
иенің ағзасында тік жолмен дамиды. Толық жынысты аналықтар бір тәулікте 
200 мың жұмыртқаға дейін салады, олар нәжіспен бірге клиникалыққы ортаға 
шығады. Температура 24-26ºС және дымқыл болған кезінде жұмыртқада 21-28 
тәулікте инвазиялық сатысына дейін дернәсіл дамиды. Шошқалар инвазиялық 
жұмыртқаларды азықпен немесе сумен жұтып зақымдалады. Шошқаның 
ішегінде жұмыртқалардан дернәсілдер шығып қан тамырларға енеді. Қақпақ 
вена арқылы бауырға, содан кейін қуысты вена арқылы –
оң жақ жүрекшеге 
түседі. Оң жақ жүрекшеден өкпеге, ұсақ капиллярларға, альвеолаға, 
бронхиолаға, бронхтарға барады да, кілегеймен қосылып ауыз қуысына түсіп 
жұтылады. Ішекке түскең дернәсілдер 1,5-2,5 ай ішінде толық жыныс 
гельминттерге жетеді. Нематодалардың тіршілік ұзақтығы 4-10 айға тең. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет