Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет18/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   98
 
2-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі астарлы ойдың мағынасын түсін-
діріңдер. Интонация компоненттеріне мән беріңдер.
1. Әр адам – өз өмірінің суретшісі, әр адам өз бақытын өзі іздеп табады, 
әр адам өз өміріне өзі жауапты. 2. Сол себепті өмірлік құндылықтарды 
таңдауда да адам өзіне-өзі басшылық жасайды. 3. Адамның өмірлік 
бағыты қоғамның материалдық, рухани және мәдени дәрежесімен 
анықталады. 4. Сондықтан адам өмірінің көп жағдайы өмірдің бағытына 
байланысты. 5. Әр адам өз өмірінің бағытын өзі анықтауға тиісті.
 
3-тапсырма. Мәтінді бір-біріңе сұрақ қоя отырып, талдап оқыңдар. Өздерің 
білетін басқа дәстүрлер туралы пікірлесіңдер.
Қарқын, кідіріс және т.б. 
интонация компоненттеріне мән беріңдер.
Жақсы дәстүр жайында
Балаға деген махаббатқа ештеңе теңдесе алмайды, ол – суын- 
байтын махаббат. Бұл қасиет – әр адамның бойына ана сүтімен бірге 
сіңген ұлы құндылық, мыңдаған жыл сақталып келе жатқан дәстүр. 
Осы белгілі жайды қайта-қайта айтудан, жастардың құлағына құя беру-
ден жалықпаймыз. Кәрілердің жағымды қылық, өнегелі істерін, жақсы 
дәстүрлерін жастар дамыта отырып, өзінен кейінгілерге табыс етуін ар-
ман етеміз. 
Жақсы дәстүр ұзақ уақытқа сақталады, ұзақ өмір сүреді. Кейінгілерге 
даңғыл жол болып қалады. Дәстүр жайында мұн ша сөз етуіміздің үлкен 
мәні бар, өйткені оны халық жа саған. Қазақ дәстүрі ата-ананы ғана емес, 
жалпы адамды сыйлауға баулиды. Үлкенге сәлем беру, орын беру, жол 
беру, кимелеп баса-көктеп өтпеу, үйіне келе қалса, атын байлап, есік ашу, 
төрге шақырып, жақсы қабақпен аттандырып салу, меймандос, жолдас-
жораға қайырымды болу сияқты салт-дәстүрлердің бірі де ескірген жоқ. 
Бұлар – өмір бойы ескір мейтін, адам іштей әркез дәметіп тұратын табиғи 
құлық-мі нездер. Біреулер сыйласуды, қайырымдылықты адамдық бо ры-
шым деп істейді. Міне, бұл – ең қымбат қасиет. Жастар осы қымбатқа 
ұмтылуы керек.
Біз жастарымыздың азаматтық сипаты келісті болуын, дос сүйсініп, 
дұшпан күйінетіндей болуын тілейміз. Шыңды шың еткен төбе-шоқылар 
болса, ұлы сипат та ұсақ сипаттардан құралып, ұлылыққа жетеді. Әрбір 
жас – ол дәстүрді қорғаушы, орындаушы әрі дамытушы болғай-ақ. 
(Ғабиден Мұстафин)
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


25


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет