Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет14/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   98
 
11-тапсырма«Мен үшін құндылық деген ...» сөйлемін қолданып, бүгінгі 
сабақтан алған білімдеріңді, әсерлеріңді өз ойларыңмен жеткізіңдер. 
Сөйлемдегі интонацияға мән беріңдер. 
3–4-сабақ
АДАМ – ЕҢ ЖОҒАРЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
 
1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, төмендегі сұрақтарға сәйкес өз ойыңды 
жалғастыр.
 
 Адам өмірінің мәні мен мағынасы неде?
 Неліктен адамды «ең жоғары құндылық» дейді? 
 
2-тапсырма. Өлеңді дауыс ырғағына салып, мәнерлеп оқы. Өлең мәтіні 
бойынша сұрақ құрастыр, ойыңды дәлелде. 
2–3505
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


18
Аман болсын адамдар!
Айналайын Адамдар,
Болашаққа аман бар!
Жұмыр жерде ғұмыр бар,
Ғұмырлы бол, Адамдар!
Балдан тәтті балаң бар,
Бала баққан анаң бар.
Шошытпаңдар екеуін,
Айналайын Адамдар!
Айналайын Адамдар,
Келер күнге адал бар.
Бөбек өсіп келеді,
Алды-артыңа қараңдар!
Бала үшін өлеңім,
Ана үшін өлеңім.
Айналайын Адамдар,
Аман болсын бөбегің!
(Оспанхан Әубәкіров)
Интонацияның ең басты компоненті 
әуен (мелодика) деп атала-
ды. Әуеннің сөйлемдегі атқаратын қызметі әр алуан. 
Сөйлемнің жалпы 
мағынасын беру 
үшін маңызды
ӘУЕН
Сөйлемнің 
логикалық 
мазмұнын жеткізу 
үшін маңызды
Сөйлемнің 
эмоциялық 
мазмұнын жеткізу 
үшін маңызды
Интонацияның ең 
басты компоненті
Тілдік бағдар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


19
• Негізгі әуеннің жиілігімен қатар жүреді.
• Әуеннің кеңдігі мен тар деңгейін анық-
тайды.
• Дауыстың кең шығуының адамға әсері 
ерекше. 
• Көбінесе эмоциямен тығыз байланысты.
• Ұранмен айтылған сөздердің, лепті сөй-
лемдердің дауыс диапазоны көлемді 
болады.
Дауыс диапазоны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет