Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет22/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   98
 
3-тапсырма. Мәтіндегі кейбір сөйлемдерді әуез арқылы өзгертсе, оның 
сөйлемнің сезімдік (эмотивтік) мазмұнын өзгеше беруге әсер ететінін 
дәлелдеп айт. 
Тілдік бағдар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


29
Ә
лем таныған Абай
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ғана емес, бүкіл адам заттың 
ақыны. Сондықтан ЮНЕСКО шешімі бойынша 1995 жыл «Абай 
жылы» деп аталды. Ұлы ақын Абайдың 150 жылдық мерейтойының 
аталып өтуі туралы ЮНЕСКО-ның бас директоры Федерико Майор 
былай деді: «Абай – әлемдік маңызы зор тұлға. Ол оқырманға өзінің 
ақындық сезімімен ғана әсер етіп қойған жоқ, ол – азаматтың сана-
сына даналықтың дәнін сепкен данышпан, ойшыл... Оның гуманистік 
идеялары Еуропаның классикалық философиясымен қалай үйлесіп, 
өріліп жатқанына таңғалмасқа шара жоқ. Бір кезде қазақ ақынын 
толғандырған мәселелер қазіргі таңдағы кез келген халық өкілінің 
көкірегінде күмбірлеп жа тыр десем, артық айтқандық емес. Егер біздің 
уақытымыз тұрғысынан қарасақ, Абай – әлемдік поэзия алыптарымен 
қатар тұрған ғаламат тұлға. Сондықтан біз Абайдың 150 жылдығын 
1995 жылы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде салтанатты түрде атап өтуді 
дұрыс деп таптық. Әлем таныған Абай өмірі, оның шығармалары – ке-
лешек ұрпақ үшін үлгі, өнеге».
(«Қазақ тілі» хрестоматиясы) 
 
4-тапсырма
. Мәтінді оқы. Әміре Қашаубаев туралы газет-журналдардан, 
энциклопедиялардан қосымша материал жинастырып, жинақы мәтін жаз. 
Интонация ком поненттеріне мән бер.
Әнші Әміре туралы шындық
...Жалпы, Әміре жайлы жазылған мақалаларды екі тұрғыда 
айшықтауға болады. Әуелгісі – әншінің көзі тірісінде жазылғандар. Қаныш 
Сәтбаев пен Әлкей Марғұланның Әміре туралы жариялағандары, Ромен 
Ролланның, Анри Барбюстің айтқан пікірлері, Александр Затаевичтің 
жазғандары және «Еңбекші қазақ» газетінде шыққан Мұхтар Әуезовтің 
әнші шығармашылығына арналған мақалалары Әміренің көзі тірісінде 
берілген шынайы баға әрі оған деген құрмет еді. Әміре жайлы жазылған 
мақалалардың екінші бір шоғыры ол қайтыс болғаннан кейінгі жылдары 
жазыла бастады. Ол кезең қырқыншы-елуінші жылдары еді. Бұған басты 
себеп – Біріккен Бас саяси басқарма (ОГПУ) тыңшыларының Әміре 1925 
жылы Парижге барғанда Мұстафа Шоқаймен жолыққаны, екеуін бір-
бірімен байланысы бар адамдар деп, тізімге іліктіріп жөнсіз көп мазалай 
бастағаны. Сөзіміз дәлелді болуы үшін ҰҚК-нің отставкадағы полковнигі 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


30
Әмірхан Бәкірұлы мұрағаттан тапқан Әміре Қашаубаевтың 1927 жылғы 
6 маусым күні басқармаға шақыртылып, тергеушілер алдында берген 
жауабын келтіре кетейік. «…1925 жылы мау сым немесе шілде айының 
бірінде мен барлық ұлттық республикалардан жиналған 14 актермен 
бірге Парижге бардым. Барған бойда «Дория» отеліне орналастым. 
Екінші күні қонақүйге Мұстафа Шоқаев келіп, менімен әңгімелесті. Ол 
Қазақстанда болып жатқан жағдайларды сұрады. Арасында: «Үкімет ба-
сында кімдер тұр? Қазақтар бар ма?» деген сауалдар да қойды. Мен «бар» 
деп жауап бердім. Бірақ олардың кімдер екенін айтқаным жоқ, ол да ме-
нен сұраған жоқ. Сосын ол менің білімімді сұрады. Мен оған «ешқандай 
білімім жоқ» деп жауап бердім. Әңгіме үстінде ол Ахмет Байтұрсынов 
пен Міржақып Дулатовтың хал-жағдайларын және немен айналысып 
жүргендерін сұрады. Мен: «Байтұрсынов Қызылордада мұғалім, ал Ду-
латов әдебиетпен айналысып жүр», – дедім… 
Осылайша Әміреден сан рет қолхат алынады. Сан рет үйін тінтіпті. 
Сан рет соққыға жығыпты. Сан рет қорқытып үрейлендіріпті. Сол тұста 
Әміре жайлы жазуға да шектеу қойылыпты... 
(Жарқын Шәкәрім)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет