Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет68/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   98
бұйрықты сөйлем дейміз. М ы с а л ы: Керек-жара ғын ала келсін! Ертең 
жиналысқа кешікпей кел.
Бұйрықты сөйлем – біреуге бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында 
айтылған сөйлем. Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді: 
бірде хабарлы сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті сөйлем ин-
тонациясымен айтылады да, соған сәйкес сөйлем соңында нүкте (.) я 
леп белгісі (!) қойылады. Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы етістіктің 
бұйрық рай тұлғасынан және бұйрық не шартты рай тұлғасына тілек-
өтініш мәнді -
шы, -ші жұрнағын жалғау арқылы жасалады. М ы с а л ы: 
Бар! Шап! Жиып кел тегіс! – деді… Отпен ойнама! Мөлдір, мені күтіп 
ал
Лепті сөйлем – айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, 
өкіну т.б.) білдіретін сөйлем. Лепті сөй лем ерекше әуенмен айтылып, 
дауыс ырғағы сөйлем соңында да көте ріңкі қалыпта болады. Соған 
сәйкес сөйлем соңында леп белгісі (!) қойылады. Мысалы: 
Құнанбай 
қатты зекіп қалып:Жә, тоқтат! – деді. (М.Ә.) Мысалы, Бей-
бітшілік жасасын! Мерекеңізбен құттықтаймын
 
2-тапсырма.
 Мәтінді мұқият тыңда. Тыңдаған мәселе бо йын ша өзіндік ой 
тұжырымда.
 Жай сөйлемдерді тап.
 
3-тапсырма. Тыңдалған мәтіннен ең қажетті ақпараттар ды бөліп қарастыр. 
Сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орында. Сұрақтарды жай 
сөйлемдерге айналдырып айт.
 Жасөспірім неліктен өзін үлкенмін деп есептейді? 
 Мектепке немесе ортаға бейімделу дегенді қалай түсі не сің? 
 Тәртіп бұзатын баланы сынып қалай қабылдайды? 
 «Қиын бала» деп кімді айтады? 
 
4-тапсырма.
 «Жасөспі рім. Ол – кім?» тақырыбына диалог құрыңдар. Диа-
логте жай сөйлем түрлерін пайдаланыңдар.
 
5-тапсырма. Келесі беттегі суреттерде берілген заңдардың қазақ қоға-
мындағы маңызы туралы ой бөлісіп, сыныптасыңмен әңгімелес.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


91


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет