94
Тілдік
бағдар
5-тапсырма. Заңда жазылған мына қағиданы өз ойыңша тұ жырымдап
айтып бер. Осы заңға сәйкес өз міндетің мен құқы ғыңды кесте түрінде
көрсет.
«Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 49-бабы:
«Ата-аналар және өзге де заңды өкілдердің құ қығы мен міндеті: балаларға
өмірі мен оқуы үшін саламатты және қауіпсіз жағдай жасауға, олардың
ой-өрісі мен дене күшін дамытуға, имандылық тұрғысынан қалыптасуын
қамтамасыз етуге жауапты».
6-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жалғастырып жаз. Жай сөйлемдерді құры-
лысына қарай талда.
1. Біреуге ор қазба, ... .
2. Заңның құрығы ... .
Жай
сөйлемдер құрылысына қарай 7 топқа бөлінеді
Жалаң – тек
қана бастауыш пен
баянда уыштан тұра-
тын сөйлем.
М ы с а л ы:
Жаңбыр
жауады.
Жайылма – тұр-
лаулы және тұрлаусыз
сөйлем мүше лерінен
тұратын сөйлем.
М ы с а л ы:
Далада
жаңбыр жауады.
Жақты –
бастауы-
шы бар, кейде айтыл-
май тұрса да,
баянда-
уыш арқылы табуға
болатын сөйлем.
М ы с а л ы:
Ертең мен
театрға барамын.
Жақсыз – баста-
уышы
жоқ және
баяндауыш арқылы
табуға болмайтын
сөйлем. М ы с а л ы:
Осы сабақты оқу
керек.
Толымды – сөйлемде
ойға қатысты сөйлем
мүшелері
бар жай
сөйлем. М ы с а л ы:
Марат бір ытқып
сыртқа шықты.
Толымсыз – айты-
луға тиісті тұрлаулы
я тұрлаусыз мүшенің
бірі түсіп
қалған жай
сөйлем. М ы с а л ы:
Қазақстан Еуразия
құрлығында орналас-
қан.
Атаулы –
ойды білдірмей, тек соған байланысты зат тың, құбылыстың,
мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсе тілетін жай сөйлем.
М ы с а л ы:
Алтын күз.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
95
3. Ұрлық түбі – ... .
4. Тура биде ... .
5. Қолыңмен істегенді ... .
6. Тек жүрсең, ... .
7. Заңды сыйлаған ... .
Достарыңызбен бөлісу: