Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет95/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98
Кәсіпкерлік қызмет дегеніміз – тауар өндіру мен қызмет көрсету түрлері 
бойынша табыс табу мақсатымен тәуекелге баратын адамның өзіндік іс-
әрекеті мен қызметі. 
Кәсіп – дәстүрлі қазақи ортада қол еңбегімен айналысып, қосалқы табыс табу 
мақсатында белгілі бір материалдық құндылықтар өндірудің түрі. 
Көне Түркі жазуы (басқаша Орхон-Енисей жазуы) – V ғ. б.з.б. – X ғ. б.з. түркі 
тайпаларының жазуы. 
Көне түркі тілдері – Орхон-Енисей жазба ескерткіштері, көне жазба ескерткіштері. 
Контент – ақпараттық толтыру (мәтіндер, графика, мультимедиа және басқа 
ақпараттық мәнді толтыру).
«Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып 
кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің 
сипаттамасы берілген арнайы басылым. 
Қоршаған ортаны қорғау – ғарыш кеңістігі және табиғат ресурстарын қайта 
өңдеу мен тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми, құқықтық, техникалық 
шаралардың жиынтығы.
Қоршаған орта – тіршілік ету ортасы, табиғаттың барлық материалдық денелері, 
күштері мен құбылыстарының, заттары мен кеңістігінің жиынтығы, тірі 
организмдермен тікелей байланыста болатын адамның қызметі.
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, 
жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құс жолы – біздің Күн жүйеміз орналасқан, торланған спираль тәрізді галактика.
Құндылықтар 
адамның рухани-адамгершілік қасиеттерін, өмірлік бағытын, 
мақсатын, тілек-арманын білдіретін қажеттіліктер.
Мәдениет – рухани құндылықтар жүйесі, қоғамдық сананың, ұлттың даралығын 
қалыптастыратын негізгі құрылымдардың бірі.
Рухани қажеттіліктер – әрбір адамның жан дүниесінің тереңінде жатқан, оны 
түрлі әрекеттерге ұмтылдыратын өмірдің идеалды формасы.
 
Сайт немесе веб-сайт – бір ұйымға немесе жеке адамға тиісті және әдеттегідей, 
белгілі бір тақырыпқа арналған өзара байланысты веб-беттердің тобы. 
Туризм (франц. 
tourіsmetour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытында 
негізінен айтқанда жұмыстық немесе мәлім міндеттік мәжбүрлеумен емес, 
туысшылаумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау 
үшін, көріп қызықтау үшін, яғни субъективті рухани қажеттілік бойынша 
басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет