Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет92/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   98
 
4-тапсырма. Мәтінді түсініктеме жасап, іріктеп оқы. Мәтін бойын-
ша сұрақтар дайында. Бір сөйлем соңына қабаттаса қойылатын тыныс 
белгілерін қойып, сөйлемдегі мағына қалай өзгеретінін дәлелде. 
Бүкіл әлемдегі сияқты біздің елімізде де мәдени туризм жеке 
бағытқа бөлініп, жыл сайын одан әрі дамып келе жатыр. Бүгінгі таңда 
елде республикалық 9 тарихи-мәдени қорық-мұражайлар қызмет етеді. 
Олар: «Әзірет Сұлтан», «Ұлытау», «Отырар, «Жидебай–Бөрілі», «Орда-
басы», «Таңбалы», «Ежелгі Тараз ескерткіштері», «Есік» және «Берел» 
тарихи-мәдени қорық-мұражайлары. Олар дың құрамындағы мәдени-
тарихи ескерткіштер атал ған Тұжырымдаманың туристік кластерлеріне 
енген. Мысалы, Алматы кластеріне ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мә-
дени мұра тізіміне енген Тамғалы петроглифтері, Есік қорғандары, 
Ешкіөлмес петроглифтері, «Жібек жолы» се риялық трансұлттық но-
минациясына енгізілген нысандар (Талғар қалашығы, Боралдай сақ 
қорғандары) ұсынылды.
(Баспасөз материалдарынан)
 
5-тапсырма. Мәтінді жалғастырып жаз, сөйлем соңын да қа баттаса 
қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолданып, жауаптарыңды дәлелде

Пунктуациялық норма бойынша сыныптасыңа сұрақтар қой.
Мәдениет – рухани құндылықтар жүйесі, қоғамдық сана ның, ұлттың 
даралығын қалыптастыратын негізгі құрылымдардың бірі, Қазақстан 
халқының рухани мұрасы мен мүмкіндіктерінің маңызды бөлігі. 
Әлемдік мәдени ке ңістікке ену дегеніміз – мәдени жетістіктердің ше-
телге танылуы, қазақстандық және әлемдік мәдениеттердің мақсат-
мүдделерінің тоғысуы, мәдени тәжірибелермен, ғылыми жобалармен 
және бағдарламалармен бөлісу.
 
6-тапсырма. Берілген суреттерді пайдаланып, «Қазақстан дағы мәдени ту-
ризм» тақырыбында диалог құрастырыңдар
.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


123


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет