Минсизадамжок indd



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата12.12.2023
өлшемі6.16 Mb.
#486219
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
мінсіз адам жоқ

ҚАЖЫҒАН АСПАЗ
Мектептен соң Аружан домбыра сабағына қатысу үшін Зәуреш апайдың 
үйіне барды . Өткендегі байқаудан кейін бір жеті өткен болатын . Өзі 
бәрін бүлдірдім деп ойлаған соң, Зәуреш апайдың да менен көңілі 
қалды деп пайымдады . Аружан есікке қоңырау шалып тұрып, қатты 
қобалжыды .
– Кіре ғой, Аружан, – деді Зәуреш апай, есікті ашып .
Қолында ыстық таба .
– Қазір ғана бәліш пісіріп едім .
Бас сұққан Аружан тәтті бәліш иісі мұрнын жарып бара жатқанын сезді .
– Қане, бәліштен ауыз ти . . .
– Рақмет .
Ол бір шыны сүт ішіп, бәлішті жеп алды . Бос ыдысты үстелге қойды да
мұғаліміне:
– Өткенде күйді қате орындағаным үшін кешірім сұраймын, – деді . 
Сол кезде көзіне мөлдіреп жас келіп қалған еді .
– Оның несіне уайымдайсың, – деді Зәуреш апай . – Бәрі де қателеседі .
Аружан Зәуреш апай дәл бұлай айтады деп күтпеп еді .
– Тіпті үздік күйшілер де ара-тұра қателесіп қалады . Олар қателескенде не 
істейтінін білесің бе?
Аружан басын шайқады .
– Әрі қарай ойнай береді . Сендей кезімде домбыра мұғалімі айтып берген 
оқиға есіме түсті . Айтып берейін бе?
– Иә .


36
– Баяғыда түрлі тәтті-тұрым дайындайтын аспаз өмір сүріпті . Халық оның 
балдай тәтті бәліштерін және балкүлшелерін жақсы көреді екен . Ол тіпті 
құлпынай қосқан бәлішті дайындау жарысында үш жыл қатарынан бәйге 
алыпты . Аспаз әркез ең үздігі болсам деп жанталасыпты . Ірімшік бәліші 
жеп-жеңіл әрі үгіліп тұрғанда, өзге бәліштер қытырлап піскенде тоқ кө-
ңілмен сатуға кірісетін . Бірақ оның да тәттісі күйіп кететін кездер көп еді . 
Кейбір бәлішке қантты көбірек қосып жіберуі де мүмкін . Мұндай кезде 
аспаз оларды қоқыс жәшігіне тастай салатын . Қызарақтап, өзін-өзі кіналап, 
күйгелектеніп кететін . Сөйте-сөйте сіркесі су көтермейтін ашушаң болып 
алды . Тәтті-тұрымды қуана пісіретін мейрімді аспаздың мінезі өзгеріп 
бара жатты . Бірде дүкенге бір әйел кірді . Қандай тәтті-тұрымды сатып 
аларын білмей кідіріп қалды . Аспаздан: «Сізге қай өніміңіз ұнайды?», – 
деп сұрады . Аспаз не айтарын білмеді . Ол ашуланамын, күйгелектенемін 
деп жүріп, өзі пісірген тәттілердің дәмін татып көруді де ұмытқан екен . 
Баяғыда өзі жақсы көретін құлпынай қосқан бәлішінің де дәмі таңдайында 


37
қалмапты . «Білмеймін, бірақ құлпынай күлшесі үлкен сұранысқа ие», – деді 
ол абдырап . Сол кеште аспаз наубайхананы жауып, жинастырып жүріп 
бірнеше бәліш пен балкүлшесін жеп көргісі келді . Міне, ғажап! Таңдайыңда 
еритін тәттілер! Тілін үйіретін тәттілерді жеп отырып, ол баяғыда әр 
тәттісін жасап көрген сайын ерекше қуанатын кезді еске алды . Бүгін сол 
күндер қайта оралғандай . Бойын қуаныш билеп, наубайхананы сыпырып 
жүріп билеп алды . Содан шеті сәл күйіп кеткен тәттілерін де қоқыс 
жәшігіне лақтырмайтын болды . Олар тым дәмді еді! Сатып алушыларға 
әлгі тәттісін ұсынып, дәм татып көруін сұрайтын . Аспаздың атақ-даңқы 
аспандап, оның балкүлшесін сатып алу үшін халық түкпір-түкпірінен 
ағылды да, ісі өркендей берді . . .
– Аспаз мықты болып шықты, – деді Аружан еріксіз жымиып, – қателік-
тердің де жақсы болғаны ма?
Бірақ күйді қате орындағаны еске түсті де, жүрегі сыздап кетті .


38


39


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет