В. Г. Пугач Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық


өзін-өзі басқарудың  не екенін білетін



Pdf көрінісі
бет13/53
Дата13.12.2023
өлшемі5.69 Mb.
#486421
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53
Дүниетану

20
өзін-өзі басқарудың 
не екенін білетін 
боласың.
Біз – әрқашан біргеміз!
сыныпта өзін-өзі басқару ережесін құруды
ұжымдық шешім қабылдай білуді үйренесің.
өзін-өзі басқару
самоуправление
self-management
Ұжым деген не? Сыныпты ұжым деп атауға бола ма? 
Отбасыңды ше? 
Ұжым үлкен күшке ие. Бірнеше адам бірлесіп, жалғыз 
адамның шамасы келмейтін жұмысты атқара алады. Бірле-
се білім алу да жеңіл. Сенің сыныбың да сол ұжымдардың 
бірі. Сен осы ұжыммен үшінші жыл бірге оқып жатырсың. 
Сыныпта достарың да көп. Оларды сен жақсы танып білдің.
Сыныптастарыңмен бірге қандай ортақ мақсат құра-
сыңдар? Ол мақсатты құруға кім белсенді атсалысады?
Суреттерге қара. Қандай ортақ істер бейнелеген? 
Сен және сыныптастарың бірге оқып қана қоймайсыңдар, 
үзілістерде, сабақтан соң, бірге демаласыңдар, мерекелік 
іс-шараларды бірге дайындап өткізесіңдер.
Сен
Сен
сабақ

Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


21
Сыныптағы іс-шараларды қалай ұйымдастыруға болады?
Сенің ойыңша, өзін-өзі басқарудың мағынасы қандай?
Сыныптағы кез келген мәселені өз күштеріңмен шешуге 
болады. Ол үшін өзін-өзі басқару ережесін қолдану қажет.
өзін-өзі басқару – атқаратын ісін өз еркімен жүргізу. 
Сыныпты басқару, маңызды шешімдер қабылдау ұжым-
мен бірлесе атқарылады. Мысалы, сыныпта аталып өтетін 
мерекелерді жүргізу іс-шараларын оқушылар бірлесе атқа-
руы керек. Сонда мерекелер қызық өтеді. Ұжымдық шешім 
мерекелік шараларға ғана емес, басқа да маңызды іске 
байланысты бірлесе қабылдануы керек.
Кез келген ұжымда бір мәселеге байланысты әр алуан 
пікірлер болады. Кей жағдайда сыныптастар арасында дау 
да туындайды. Осыны болдырмау үшін өзін-өзі басқарудың 
ережесін білу керек.
Сыныптастарыңмен бірлесе отырып, көпшілікке ортақ 
өзін-өзі басқару ережесін құрыңдар.
Суреттерге қара. Сыныптастар мен отбасы мүшелері қан-
дай ұжымдық шешімдер қабылдады? 
Сыныпты басқару деген не? Сыныпта тағы қандай іс-әре-
кеттерді бірге атқарасыңдар?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет