В. Г. Пугач Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық


Конституцияның  азаматтар үшін  маңызын білетін



Pdf көрінісі
бет14/53
Дата13.12.2023
өлшемі5.69 Mb.
#486421
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53
Дүниетану

22
Конституцияның 
азаматтар үшін 
маңызын білетін 
боласың.
Біздің Ата Заңымыз – 
Конституция
Конституция
Конституция 
Constitution 
– Конституция деген не? 
– азамат деп кімді атау ға болатынын талқылай-
сың.
міндеттер обязанности duties
Конституция – бұл мемлекеттің негізгі заңы, жоғары заңдық 
күшке ие Ата Заң.
Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші 
бетінде бұл заң ның кім және не үшін жасалғаны туралы 
жазылған. Оқып, таныс.
Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген
Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемле-
кеттiлiк құра отырып, 
өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұратта-
рына берiлген бейбiт азаматтық қоғам деп ұғына 
отырып, 
дүниежүзiлiк қоғамдас тықта лайықты орын алу-
ды тілей отырып,
қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары 
жауапкершілігімізді сезіне отырып,
өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып,
осы Конституцияны қабылдаймыз.
Сен
сабақ

Сен
құқықтар права
rights 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


23
Конституцияның 
кіріспесінде сипат тал -
ған халықтың мақ-
саттарын сен қа лай 
түсінесің?
Конституцияда біздің еліміздің басты құндылықтары 
адам, оның өмірі, құқығы мен еркіндігі туралы айтылған. 
Әрбір азамат өзіне берілген құқықтар мен еркіндіктерді 
пайдалана алады. Әр адам өзіне қажетті құқықты білумен 
шектелмей, міндетті де орындай білуі қажет. 
Әрбір азамат Конституцияны сақтап, басқалардың құқығы-
на, еркін дігіне, ары мен абыройына, мемлекеттік рәміздер-
ге құрметпен қарауға міндетті. Сонымен қатар тарихи және 
мәдени мұралардың сақталуына үлес қосуға және қорғауға 
міндетті; табиғатты қорғауға және табиғат байлықта рына 
қамқорлықпен қарауға міндетті. 
Қазақстан азаматы қандай құқықтарға ие? Қандай мін-
деттерді орындауы керек? Әр азамат тарихи және мәдени 
мұраларды қорғауды басты міндет етіп алу себебі неде? 
Мемлекеттің тегін медициналық көмек, тегін орта білім бе-
руді қамтамасыз ету себебі неде?
Тегін медициналық 
көмек алу
Тегін орта білім алу
Демалу
Қазақстан 
азаматының 
құқықтары 
Өмір сүру
Жекебасының 
еркіндігі
Еңбек ету
Біздің елімізде Конституция күні белгіленген. Ол қай күні, 
қай айда атап өтіледі? 
Төмендегі сызбада берілген Қазақстан азаматының құқық-
тарын оқып шық. Оның ішіндегі өзің қолданып жүрген 
құқықтарды ата. 
Қазақстан Республикасын қорғау – әрбір азаматтың қасиетті 
борышы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет