В. Г. Пугач Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық


көшпелілердің  маусымдық жайы- лымдары туралы  білесің



Pdf көрінісі
бет19/53
Дата13.12.2023
өлшемі5.69 Mb.
#486421
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53
Дүниетану

32
көшпелілердің 
маусымдық жайы-
лымдары туралы 
білесің.
Көшпелілер мен 
отырықшылардың 
өмір салты
көшпелілер мен отырықшылардың өмір сал-
тын салыстыруды үйренесің.
кочевник
көшпелі
nomad
земледелец
егінші
farmer
Ерте замандардан бері адамдар көшпелі-малшылар 
және отырықшы-егіншілер болып бөлінді. Олардың 
өмір салты мен тұрмысы қандай кәсіппен айналысуға 
негізделгенін есіңе түсір.
Отырықшы-егіншілер жер өңдеумен айналыс ты. Малшы- 
лар көшпелі өмір салтын ұстанды. Олар жыл бойы малын 
бағып, жайылымдарын ауыстырып отырды. Мал жыл бойы 
маусымдық жайылымдарда жайылды. Көшпелілер қой, 
жылқы, түйе өсірді. 
Сен
Сен
сабақ

Сызбаға қарап, сұрақтарға жауап бер: Маусымдық 
жайылымдар қалай аталады? Ол қай жыл мезгілдеріне 
сай келеді?
Көктеу
Қыстау
Күзеу
Жайлау
С
О
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


33
Көрнекті қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов: «Көшпелі ел-
дің тұрмысында азығы да, сусыны да, киімі де малдан...», – 
деп жазды. ғалымның сөзін мысалдармен дәлелде. 
1. Сен суретшісің. «Егіншілер не өсіреді?» немесе 
«Малшылар не бағады?» тақырыбына сурет сал.
2. Малшы мен егінші кездесе қалса, не жайлы 
әңгімелесер еді? Малшы мен егіншінің арасындағы 
сұхбатты сыныптасыңмен бірге құрастыр. 
3. Малшы мен егінші арасындағы тауар алмасу 
ойынын ойнаңдар. Өз тауарыңды мақтап, мадақтап, 
жетістігін айтып, саудалауға тырыс. 
Өзен бойындағы жазықтар 
егін шілікке пайдаланылды. Сыр-
дария өзенінің жағасы – ежел-
гі замандардан бері адамдарға 
өмір нәрін сыйлаған құтты ме-
кен. Оның жағалауындағы егін-
шілер отырықшылық өмір салтын 
ұстанды. Олар тары, бидай, арпа, 
жеміс-жидек өсірді. Сонымен қа-
тар олар сиыр, жылқы, қой малын 
бақты.
Суреттерге қара. Малшылардың маусымдық жайылымдары 
қалай аталады? Ол қандай жыл мерзімдеріне сәйкес келді? 
Жайлау мен қыстау қай жерде орналасқан?
Жайлаудағы қой отары
Қыстаудағы жылқы үйірі
3–3427
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


– Отбасын қандай туысқандық байланыстар біріктіреді?
– Өз шежіреңді қалай құрастырасың?
– Спортпен айналысу үшін қандай жағдайлар мен мүмкіндік-
тер қажет? 
– Көшпелілер мен отырықшылар өмір салтының қандай айыр- 
машылығы бар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет