31
СПОрТ және Сен
Сен қандай спорт түрімен айналысасың? Ол спорттың
түрін таңдау себебің бар ма?
Бұл спортқа келер алдында
өзіңе қандай мақсат қойдың? Саған Айжан мен Асқардың
берген жауабы ұнады ма? не себепті?
Айжанның жауабымен келіссең, сенің жетістігіңнің 80
па й ызы дене бітіміңнің табиғи жаратылысына байланысты.
Мәселен, гимнастикада, конькимен
сырғанауда нәтижеге
жету үшін иілгіштік пен икемділік керек. Ал денсаулық ты
нығайту үшін кез келген
оқушының балалар спортымен
айналысуына болады. Ол: суда жүзу, жеңіл атлетика,
конькимен, шаңғымен сырғанау.
Әр 4 жылда бір рет олимпиадалық ойындар өткізіледі. Дүние-
жүзінің спортшыла ры кім күшті,
кім жылдам, кім төзімді екенін
анықтау үшін күш сынасады. Ең алғашқы олимпиадалық ойындар 3
мың жылдай бұрын Ежелгі Грекияда өткізілді.
Сен БілеСің Бе?
интернет ақпараттарын пайдаланып, соңғы олимпиада-
лық ойындарда жүлделі орындарға ие
болған қазақстан-
дық спортшылар туралы айтып бер.
Пантомима: қимыл-қоз-
ғалыс арқылы қандай да
бір спорт түрін бейнеле.
Сыныптастарың тапсын.
Мен шынығып,
денім
сау болу
үшін спортпен
айналысамын.
Мен
спорттық
жарыстарға
қатысып, жеңіске
жеткім келеді.
Өз мектебіңдегі спорт
жарыстарына қатысушылардан
сұхбат ал. Оларға қоятын сұрақтарыңды жүйеле.
Айжан
Асқар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217