В. Г. Пугач Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық


астрономиялық  белгілер бойынша көкжиек тұстарын  анықтауды білесің



Pdf көрінісі
бет24/53
Дата13.12.2023
өлшемі5.69 Mb.
#486421
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53
Дүниетану

42
астрономиялық 
белгілер бойынша
көкжиек тұстарын 
анықтауды білесің.
Астрономиялық 
белгілер бойынша қалай 
бағдарлауға болады?
жұлдыз
star 
звезда
Күн
Sun 
Солнце
Жергілікті жерді бағдарлау деген не? 
Бейтаныс жерде адасып кетсең, үйге баратын жолды қалай 
табасың? Жергілікті жердің қандай белгілері саған жол табуға 
көмектеседі?
Астрономия – Күн, Ай, жұлдыз сияқты аспан денелерін 
зерттейтін ғы лым. Күн жүйесінің ортасында Күн орналасқан. 
Күн жүйесіне Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Са-
турн, Уран, нептун кіреді. Біз мекен ететін Жер планетасы – 
Күн жүйесіндегі үшінші планета. Күн көзінің жарығы – Күн-
нен тараған сәуле (жылу). Жарық пен жылудан өсімдік өседі. 
Күн көзі – тіршілік иесі ғана емес, жақсы бағдаршам. Күн 
арқылы бағытыңды дұрыс таба аласың.
Суретке қара. Көкжиек 
тұстарын Күн арқылы қа-
лай анықтауға болатыны 
туралы әңгіме құра.
Сен
сабақ

күнсағат үлгісін жасауды үйренесің.
Сен
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


43
Суретке қара. Темірқазық бойынша көкжиектің тұстарын 
қалай анықтауға болатынын әңгімеле. 
Өз күнсағатыңды жасап, қажетті ақпаратты сыныптас-
тарыңмен бөліс.
Өзіңнің сүйікті кейіпкеріңнің саяхаты жайлы жоспар 
бойынша әңгіме құрастыр.
1. Әдеби кейіпкер.
2. Қайда, не үшін сапар шекті?
3. Қандай көлікпен?
4. Жол үстіндегі бағытын анықтауға оған не көмектесті?
Турист тек табиғи бағдармен ғана өз бағытын анықтай 
ала ма? «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруге дәлел тап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет