В. Г. Пугач Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет25/53
Дата13.12.2023
өлшемі5.69 Mb.
#486421
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53
Дүниетану

иә
жОҚ
Дәлелдер
Дәлелдер
Кеме ка питандары ашық 
теңіз үстінде, керуеншілер дала-
дағы керуен жолында ер теден-
ақ жұлдыздарға қарап бағытын 
бағдарлай білген. 
Темірқазық жұлдызы әр-
дайым солтүстік бағытты нұс-
қайды. Темірқазық жұлдызын 
түнгі аспаннан табу қиын емес. 
нобайы шалқасынан жатқан 
шөміш тәрізді үлкен Жетіқа-
рақшы жарқыраған, жеті жұл-
дыздан тұрады. үлкен Жетіқа-
рақшының екі шеткі жұлдызын 
ойша жүргізілген сызықпен қос. 
Осы екі жұлдыздың арақашықтығын жоғары қарай – сол бағытымен 
бес есе созсаң, Кіші Жеті қарақшының шеткі ең жарық жұлдызына 
тіреледі. 
Ол – Темір қазық.
жұлДызға ҚараП БағДарла
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


– Елді мекендердің қандай түрлері бар?
– Қала мен ауылды не байланыстырады?
– Жергілікті жердің планын қалай жасайды?
– Күн мен жұлдыздар арқылы көкжиек тұстарын қалай анық-
тауға болады? 
әр алУан ТаПСырмалар
 
1.
Зерттеу жүргіз. Өз үйіңдегі киім, жиһаз, тұрмыстық заттар мен 
азық-түліктерді қарап, қорытынды жаса:
– қайсысын қала , ал қайсысын ауыл өнімдеріне жатқызасың?
– біздің елімізде қандай тағамдар өндіріледі?
2.
Күн арқылы жергілікті жерді бағдарлау. 
Сен досыңмен бірге Күн арқылы бағдарлауды үйреніп жүр-
мін деп ойла. Жаздыгүні аулаға 
шығып, таңғы сағат 7-де күнге қарап 
тұрдыңдар. Көкжиектің қай тұсы ал-
дыңда, арқа тұсыңда, сол жағыңда 
және оң жағыңда болады? Сурет бой-
ынша парталасыңа осыған ұқсас тап-
сырма ойлап тауып, шешуге ұсынып 
көр. 
3.
Картадан (95-бет) еліміздің кез келген қаласын таңдап алып, сол 
қалаға байланысты төмендегі сұрақтар бойынша әңгіме құрастыр:
– Қала Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
– Қаланың алып жатқан аумағы қандай?
– Қала қандай қызмет атқарады: облыс, аудан орталығы
теміржол торабы, курортты қала т.б.?
– Қалада қандай мәдени нысандар орналасқан?
4.
Ауылда, қалада кімдер жұмыс жасайды? Жұп болып ауылдық 
және қалалық тұрғындар дың мамандығын анықта. Ауыл немесе қалаға 
қандай мамандық иесі керек?
Тракторшы, кран жүргізуші, аспаз, экскаваторшы, металл 
балқытушы, механизатор, комбайнер, токарь, фермер, мұғалім, 
орманшы, малшы, дәрігер, мал дәрігері. 
сағат 19
сағат 7
сағат 13


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет