- мұғалімнің кәсіптік шеберліктерін іске қосып, ашық сабақтар және
сыныптан тыс шаралар дайындау, ұйымдастыру арқылы жеткізу.
-
балаларды дербес шығармашылық қызметтеріне тарту, олар
зерделенетін пәндерге деген талпыныстарын арттыру.
- белгілі бір оқу пәніне шығармашылық
қабілеттерге ие оқушыны
айқындау.
Пәндік зерттеу: мектеп оқушыларына математикалық апталық өту.
Курстық жұмыстың құрылымы: Ұсынылып отырған курс жұмысы
кіріспеден, екі тараудан тұратын негізгі бөлімнен, тарау ішіндегі шағын
бөлімшелерден және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
I МЕКТЕПТЕГІ ПӘН АПТАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1 Пән апталық туралы жалпы түсінік
Мектептегі пән апталығы (циклдік комиссия апталығы) оқыту сапасын
арттыруға
бағытталған
педаогогтардың
мақсатты,
ұжымдық,
жеке,
практикалық қызметтерін көрсететін циклдік комиссия жұмыстардың бір түрі.
Әр оқушылардың ізденпаздығы мен ізденпаздық қасиетін дамыту, танымдық іс
– әрекетке деген сүйіспеншілігін арттыру – мектеп пен мұғалімнің алдында
тұрған маңызы зор және қажетті міндеттері болып саналады. Бұл міндетті
жүзеге асыру үшін сабақ уақытында, сыныптас тыс жүзеге асырылады. Бұл
апталықтарды өтілуі әрбір мектептерге таныс.
Мектепте өтетін пән апталықтарын немесе онкүндіктерін әдістемелік
бірлестіктер әр жыл сайын ұстаздардың кәсіптік
құзыреттіліктерін арттыруға
мақсатымен қойылған әдістемелік жоспар айналасындағ сондай – ақ
оқушылардың танымдық және шығармашылық бірлестіктерін қалыптастыру
үшін қолданады.
Оқушылардың оқу іс – әрекеттеріне мотивация арқылы әртүрлі
аспектілер қамтуы мүмкін жоғары баға алуға ұмтылу, ата – аналардың
мұғалімдерді мақұлдауы және т.б. Ең маңыщдысы – таным процесінің өзі үшін
тұрақты танымдық қызығушылықтарды қалыптастыру,
интеллектуальдық
ләззат алу формасы негіз ретінде танымға деген қатынасқа бекіту.
Дәстүрлі оқыту тәжірибесінде мұғалімдер қаласа да, қаламаса да
психологиялық – педагогикалық рөлдері алдын ала бекітіледі. Мұғалімдер мен
олар оқытатын педагогикалық кедергілері қарама – қайшы болып келетін
сәттерде орын алып тұрады. Қозғалысы жоқ кез келген қатты бекітілген
құрылым сияқты бұларда жансыз болып келеді.
Сол себепті де педагог пен
оқушы арасында бейресми білім беру әркетінің кез келген көріністері құнды
болып саналады. Өз пәнін жетік білетін маман ретінде емес, мамандығын
шынайы жақсы көріп, білім берсе сол құндырақ емес пе?
Пән апталығын ұйымдастыру және өткізу тәртібі:
- Пән апталығы мектептің жұмыс жоспарына сәйкес өткізіліп
отырады;
- Оны дайындау және өткізу басталардан
бұрын уақытын бір
аптаға кешіктірмей мектеп директоры бекітіп қою қажет;
- Пән апталығын ұйымдастырушы әдістемелік бірлестік
болады;
- Пән апталығына қатысушылар:
Ол бойынша пән апталықтары өткізетін пәнді немесе сол
мектептегі пәндер оқытатын барша мұғалімдер.
Ол бойынша пән апталығы өткізілетін пәнді немес білім беру
саласында білім алатын оқушылар болып табылады.
Пән апталығының айналасында:
- Пәндік олимпиада;
- Пән бойынша дәстүрлі емес сабақтар;
- Қатарлас өзге сыныптарда
сыныптан тыс шаралар;
- Мектепшілік іс-шаралар өткізілуі;
Пән апталығының міндеттері:
- Апталықты өткізуде барлық оқушыларды тарту;
- Танымдық деңгейін ояту үшін әр сыныпта іс – шара
ұйымдастыру;
- Балаларды дербестікке, шығармашылыққа баулу;
- Пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Апталық принциптері
- Әр бала апталықтың барлық іс – шарасына белсенді қатысу
- Әртүрлі рөлдерде бағын сынап көру
- Қолөнер, қиялдау, сурет салу т.б. жүзеге асыру
- Театрлық қойылымдар қою
- Логикалық жағынан даму
Өткізілген пән апталығының қорытындысы бойынша оқушылар арасында
қалалық пәндік олимпиадаларға, зияткерлік сайыстарға қатысушылар іріктелуі
әбден мүмкін. Апталық аяқталғаннан кейін әдістемелік бірлестіктер
отырысында пән апталығы барысында ұйымдастырылған іс – шараларға талдау
жасалады. Қорытындылар бойынша директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі
орынбасарына мәтіндік есеп тапсырылады.[1]
Достарыңызбен бөлісу: