272
Сипаттау мəтінінің баяндауыштары не есім сөзден жасалады немесе өткен жəне ауыспа-
лы осы шақ формаларындағы етістіктер қолданылады. Оның өзіне тəн ерекшелігі сол, онда
сипатталып отырған нəрсенің барлық белгілері сол сəттегі қалпында
бір-біріне байланыс-
сыз бөлек күйінде көрсетіледі. Мысалы: «
Бөлменің іші терезеден түскен күн сəулесінің жа-
рығымен ап-анық көрініп тұр. Төбеде алтын шынжырмен бекітілген, хрусталь тастары
жалтыраған сəнді аспалышам. Еденде қалың, ашық түсті қалы кілем. Терзеге сол кілемнің
түсіне үйлесімді етіп қымбат торғын перде ілініпті. Бөлменің оң жақ шетіне үлкен пиани-
но қойылған. Пианиноның жанындағы журнал үстелінің үсті толған нота қағаздары».Бұл
мысалда бір бөлменің ішіндегі заттар (шам, кілем, перде, журнал үстелі) жеке-жеке қалыпта
сипатталған.
Баяндау – нақты бір оқиғалар туралы хабарлай отырып, түрлі оқиғалардың, құбылыстар-
дың, əрекеттердің даму ретін көрсететін сөз саптау тəсілі. Мұнда оқиғаның сол сəттегі қалпы
осыған дейінгі басқа да оқиғалармен, əрекеттермен сабақтастықта, өзара бірлікте ашылады.
Баяндаудың формуласы:
Баяндау = 1-оқиға + 2-оқиға + 3-оқиға.... .
Баяндау сөздегі оқиғалардың жүйесі, өзара сабақтастығы сол оқиғалардың өту кезеңдерін
ретімен көрсетуге сəйкес қолданылатын етістіктердің
көмегімен ашылып отырады, түсін-
діріледі. Оқиғалар бірінен-кейін бірі баяндалып отырады. Мұнда сөйлемдердің құрылысы
жай да, күрделі де формада құрыла береді. Ол, əдетте, баяндаушы
адамның таңдаған сөз
стиліне, тіл байлығына, ойды жеткізу шеберлігіне байланысты болады.
Сөйлемдер бір-
бірімен байланысып, алдыңғы ой кейінгі сөйлемдерде жалғасын тауып отырады.
Баяндама сөзде етістіктер жиі қолданылады. Олардың шақ формалары оқиғаның баянда-
лу сəтіне байланысты өткен шақта, осы шақта, келер шақта қолданылып, нақты əрекеттерді
білдіреді. Мысалы: «
Ғалымның мерейтойын атап өту мəселесі өткен жылы қыркүйек ай-
ында жоспарланған болатын. Бүгін сол шешімге сай іс-шаралардың нақты жобасы бекітіл-
ді. Орындаушыларға да тиісті жұмыстар тапсырылып отыр. Үстіміздегі жылдың мамыр
айында республикалық деңгейде «Дөңгелек үстел» өтетін болды».
Достарыңызбен бөлісу: