349
сын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тəжірибе жасау, ком-
муникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру
бағдарламасы
сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді жəне оны тиімді
жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту əдіс-тəсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау
жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пəнінің берілу жайы да өзгеше.
Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетіл-
діруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық əдісімен» орналастырылған
жəне бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады
жəне сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.
Біздің жоғары білім берудегі стратегиялық міндет – ол өзіміздің ұлттық білім беру жүй-
емізді сақтай отырып, оны əлемдік білім беру кеңістігіне сəйкес келтіру болып табылады.
Осыған байланысты білім беру технологиясын дамытудың стратегиялық басымдықтарын
анықтау мақсатында, оқу үрдісін ұйымдастыруды түбегейлі өзгерту қажет. Білім беруді да-
мытудың негізгі бағыттары мен инновациялық дамуын қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеу жұ-
мыстарының ықпалдастығы, ғылыми зерттеулерді қоғам сұранысымен тығыз байланыстыру,
білім беру жəне ақпараттық жүйелерді жетілдіруді көрсетеді.
Білікті маман – бұл қай кезде де ең алдымен кəсіби деңгей жоғары, интеллектуалдық,
шығармашылық əлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дай-
ын, оқу-тəрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі ретін-
де есептелінеді.
Кез-келген тілді оқыту грамматика арқылы жүзеге асады. Грамматиканы оқыту ерекше
əдіс-тəсілді талап етеді.
Грамматика ауызша жəне жазбаша сөйлеудің құрылыс материалы функциясын орындай-
ды. Мемлекет басшысы 2011 жылы Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылы 12 жылдық
мектеп толықтай қызмет етуі қажеттігін атап өтсе, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сəйкес
2016-2017 оқу жылынан бастап елімізде жаңартылған білім мазмұнына көшу жұмыстары
қолға алынды. 12 жылдық білім беруге көшудің негізгі мақсаты - 5-6 жастағы балаларды
0-інші сыныпта оқыту жəне мектепалды даярлықтың бірыңғай үлгі бағдарламасын енгізу. 12
жылдық білімнің сызбасы 0 сынып + 11 сынып қағидасына сəйкес құрылды[3].
Əдістемеде грамматикалық дағды продуктивті сөйлеу қызметінде грамматикалық ма-
териалдарды автоматты түрде қолданылуы деп анықталады. Шетел тілінің грамматикасын
оқыту – бұл сол тіл үшін арнайы механизмді қалыптастыру дегенді білдіреді. Студент белгілі
грамматикалық білімді меңгеріп, жұмыс істей алу жағдайында тұруы керек. «Грамматика»
сөзінің (грек. grammatike) бастапқы мəні «оқу жəне жазу өнері» болған. Ал орта ғасырларда
«еркін өнер» grammatika (лат.) кез келген білімнің бір компоненті болып есептелген.
ХІХ ғасырдың басынан «грамматика» түсінігі тіл білімінде де, тілді оқытуда да жаңа
мазмұнға ие болды. Лингвисттердің пайымдауымен ХІХ ғасырда грамматика мынадай
мағынаға ие бола бастады:
- тілдің грамматикалық қатары;
- грамматикалық қатарды зерттейтін тіл білімінің бір бөлігі;
- сөздердің өзгеру ережелерінің жиынтығы; олардың сөз тіркесіне,
сөйлемге, кейде
мəтінге бірігуі;
- ережелердің сипаттамаларынан тұратын оқулық.
Жаңартылған бағдарлама арқылы грамматиканы оқытуға құндылық бaғдap қaлыптacтыpу,
нəтижeгe бaғдapлaну, oқытуды бiлiм aлушының жeкe тұлғacынa бaғыттaу, aл oқыту əдicтepiн
тұлғaapaлық қapым-қaтынacтapғa бeйiмдей аламыз. Дeмeк, oқушы бiлiмдi дaйын күйiндe aл-
мaй, өзiнiң өмipлiк тəжipибeciнe cүйeнe oтыpып, тaнымдық «жaңaлық» aшуы, шығapмaшылық
тaпcыpмaлapды opындaу нeгiзiндe əp түpлi нəтижeгe жeтуi тиic. Coндықтaн бүгiнгi қoғaмдa
350
eлiмiздiң бiлiм бepу жүйeciн жeтiлдipу, oқуды өмipмeн бaйлaныcтыpу, oқушылapдың бiлiмге
қызығушылығын арттыру, бір сөзбен айтқанда білімге құндылық ретінде көзқарас қалыпта-
стыру тaлaп eтiлудe. ҚP Пpeзидeнтi Н.Ə.Нaзapбaeвтың «Нұpлы жoл – бoлaшaққa бacтap жoл»
aтты Қaзaқcтaн хaлқынa Жoлдaуындa: «Бiз Жaлпы ұлттық идeямыз - Мəңгiлiк Eлдi бacты
бaғдap eтiп, тəуeлciздiгiмiздiң дaму дaңғылын Нұpлы Жoлғa aйнaлдыpдық. Қaжыpлы eңбeктi
қaжeт eтeтiн, кeлeшeгi кeмeл Нұpлы Жoлдa бipлiгiмiздi бeкeмдeп, aянбaй тep төгуiмiз кepeк.
Məңгiлiк Eл - eлдiң бipiктipушi күшi, eшқaшaн тaуcылмac қуaт көзi. Oл «Қaзaқcтaн-2050»
Cтpaтeгияcының ғaнa eмec, XXI ғacыpдaғы Қaзaқcтaн мeмлeкeтiнiң мызғымac идeялық
тұғыpы! Жaңa Қaзaқcтaндық пaтpиoтизм дeгeнiмiздiң өзi - Мəңгiлiк Eл! Oл - бapшa Қaзaқcтaн
қoғaмының ocындaй ұлы құндылығы» дeп aтaп өттi. Мəңгiлiк eл идeяcының нeгiзi caпaлы
бiлiм бepудe жaтыp[4].
ХХI ғacыp – əлeмдeгi өзгepicтepгe нeгiздeлгeн бiлiмнiң дəуipлeу ғacыpы, өйткeнi,
2011жылы əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен конференцияда да осы
мəселе талқыланып, интеллектуалды ұлт құрудың үш базалық аспектісі атап көрсетілген бо-
латын. Олар: білім, ғылым жəне инновация[5]. Жастарды заманауи əдіс-тəсілдермен оқытып,
ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тəрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.
Қазір білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Ендеше, еліміздің
əлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін артты-
руда екені түсінікті.
Сонымен грамматиканы өзге ұлт өкілдеріне оқыту барысында грамматиканы жақтайтын
да, қарсы келетін де топтармен кездесіп мынадай кесте құруды жөн көрдік:
Өзге ұлт өкілдеріне грамматиканы жүйелі
түрде оқуды
жақтаушылардың аргументтері
Өзге ұлт өкілдеріне грамматиканы жүйелі
түрде оқуға қарсылардың аргументтері
1)Кішкентай кезінен бастап адамдарда кате-
гориялық ойлау басым бола бастайды. Грам-
матиканы, грамматикалық категорияны игеру
арқылы жүйеде оқу тілде жүйелік байланы-
старды орнатуға мұрсат береді жəне сөйлеу-
ді грамматикалық жағынан көп күш жұмса-
май-ақ таза етеді
2)Грамматиканы оқу өте қызықты жəне тар-
тымды, адамдарды жаңа ұғымдар əлеміне ен-
діреді.
3)Грамматиканы жүйелеп оқу сол тілде сөй-
леушілердің дінін, ділін, мəдени
ерекшелік-
терін түсінуге көмектеседі.
4)Өзге тілдің грамматикасын оқу өзіңнің ана
тіліңнің жүйелік ерекшеліктерін түсінуге
көмектеседі.
5)Грамматиканы оқу логикамен жадының да-
муына, ойлауды тəртіпке шақырады.
6)Жақсы қалыптасқан грамматикалық дағды
ауызша жəне жазбаша сөйлеудің өзара іс-қи-
мылы үрдісін жеңілдетеді.
1)Көптеген ана тілді спикерлер грамматика-
лық қателіктер жібереді, бірақ оны жарам-
сыз деп ойламайды. Грамматикалық жағынан
дұрыс сөйлеу білімді шетелдіктерді білдіріп
қояды.
2) Грамматикалық анықтамалардағы грамма-
тика түсініктемелері көп грамматикалық тер-
миндермен құрылғандықтан оны бір дегенде
түсіне салу өте қиын. Мұндай түсініктемелер
дайындықсыз оқырманға көмек бермек түгіл,
қайта оларды шатастырады.
3)Ережелерді механикалық түрде жазып жəне
оны шынайы коммуникативтік жағдаяттардан
алшақ еш мағынасыз абстракты мысалдар не-
гізіндегі аударма мен жасанды жүйедегі жат-
тығуларды жасаумен шынайы грамматикалық
сауаттылық келмейді.
4)Тіпті халықаралық емтихандар жүйесінде
грамматикалық дағдының қалыптасу деңгей-
іне деген талап соншалықты үлкен орын ал-
майды жəне қатты бақыланбайды.
351
Грамматиканы оқытуда грамматикалық материалдардың атқарар рөлі ерекше. Негізінен
грамматикамен жұмыстың негізгі төрт этапы болады.
І. Грамматикалық құбылысты ұсыну жəне келесі дағдыны қалыптастыру үшін
бағыттау
негіздерін құру этапы. Бұл этаптың мақсаты келесі шеберлікті қалыптастыру үшін бағыттау
негіздерін құру болып табылады.
1. оның коммуникативтік функциясын көрсету мақсатында оны ауызша жəне жазбаша
сөйлеуде презентациялау (ұсыну);
2. оның құрылым тəсілдерімен, мəн-мағынасымен жəне оның қолданыс аясымен таны-
стыру;
3. ереже бойынша немесе ережесіз осы құбылыстан тұратын іс-əрекеттің алғашқы
орындалуы.
Достарыңызбен бөлісу: