36
жарияланып, жеке кітаптармен шығып отырған. Бірден бір танымал
тұлғасы ретінде логикасы, анықтылығы болды.
В.Д.
Спасович 1849 жылы Петербург
университетінің заң
факультетін тәмамдады. Оқуын аяқтағаннан кейін қылмыстық істер
бойынша чиновниктер палатасында қызмет қылды. 22 жасында
халықаралық құқық кафедрасы бойынша магистерлік диссертация
қорғады.
Педогогикалық
жұмыстармен
айналысты.
Поляк
жазушыларының еңбектерін орыс тіліне аударып отырған. Белгілі
ғалым-тарихшы К.Д.Кавелиннің жақын досы болған, нақ сол кісінің
нұсқау беруімен Петербург университетінің қылмыстық құқық
кафедрасына жұмысқа орналасты. Қылмыстық іс жүргізу саласындағы
өзінің белгілі теориялық жұмыстарымен
дарынды криминалист
Спасович орыстың қылмыстық құқық бойынша заманындағы бірден-
бір күшті оқулықтардың авторы болды. Спасович білімгерлер
арасында үлкен танымалдылыққа ие болған. Оның оқыған дәрістері
білімгерлердің басым көпшілігін өзіне тартып отырды.Спасович
қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу ғылымындағы
немқұрайлы, «барымен базар» деген көзқарас жасағандардың тікелей
қарсыласы болды, әмбе сонысымен университет басшылығының оны
ұнатпаушылығын оятып отырды.
1861 жылы Петербург университетін, білімгерлер толқуына
байланысты бір топ алғы шептегі ғалымдармен бірге тастап кетуге
мәжбүр болды. Содан кейін адвокатурада 1866 жылдан бастап қызмет
қыла бастады. Бірқатарсаяси істер бойынша қорғаушы есебінде
қатысты.
Бұл
керемет эрудициялы, энциклопедиялық білімі бар, шешен,
әмбе өзіне және жұмыс бойынша ұжымдастарына өте қатаң қарайтын,
тарих пен әдебиетті түбегейлі білуші, үлкен сөз сипатын бере білуші
суретші болды.
Спасович, қашанда өзінің ой-пікірлерін мұқият өңдеп алып
отырды. Оның сөздерінде ешқашан дүрдиген, шақылдақ сөздерді
кездестірмейсің, сөз қату стилі қарапайым, түсінікті, қисынды.
Орыс
тілінің байлығын ширақ және ұқыпты пайдаланып, өзінің сөздерін ол
қашанда қатал логикалық тәртіпте құра білді. Спасовичтың сөзінің
үлкен абзалдығы, ол оны сәтті жоспарлауында көрінеді, іс бойынша
жиналған дәлелдерді мұқият саралауы болып саналады. Үлкен
психолог бола тұра, ол дұрыс сарынды қашанда таба білген. Спасович
сотталушы өзінің қылмысқа қатысы жоқтығын айтып отырған,
сондай-ақ қылмыстың саралануы күмәнді болған жағдайда да немесе
қылмысты жасағандық жоққа шығарылған жағдайда да бірқалыпты
мықты болды.
Оның бірден-бір күшті сөздері – ол Нина Андреевскаяны өлтіруі
бойынша істегі сөзі. Мұнда қорғап сөз сөйлеудің тәсілі мен әдіс-
айлаларына дайындықтың үлгісін, істің материалдарымен шынайы
ғылыми тереңінен танысып шығуды көруге болады. Бұл сомдаулары
37
адвокаттың сотта сөз сөйлеуге керемет дайындық жұмысын көрсетеді.
В.Д.Спасовичтың
сондай-ақ
сотта
сөйлеуінің
медицина
сарапшыларымен пікір-таласушылық бөлігі өзіне үлкен назар
аудартады. Шешен арнайы медициналық танымдылығымен өте жақсы
қаруланған. Сарапшылармен жоғары деңгейде ғылыми пікір-таластық
жүргізу үшін, ол арнайы сұрақтарға арналған көптеген еңбектерді
қарастырып шыққан.
Осы пікір-таласта ол
іс бойынша жинақталған
көп сандық дәлелдік материалдарды игере алу үшін өзін жеткілікті
дайын сезінеді. Кейбір жеке жерлерінде айтылған сөз ұзақ ырғақты
болғанымен, бәрібір де сот дәлелдемесіндегі терең және мән-жайлық
сараптың үлгісі болып танылады.
Бұл
сөз үлкен теориялық және
тәжірибелік мүддеге ие. Ол жанама айғақтармен ерекше епті жұмыс
жасауы туралы куәландырады.
Оның офицерге бағынбағаны үшін әскери сотқа берілген, аға
фейерверкер Дементьевтің қорғауына айтылған сөзі психологиялық
күшті болып табылады. Спасович істің барлық мән-жайы бойынша
мұқият
талқыдан соң, әділ-қазылар алқаларына назар аударып,
керемет психологиялық аяқтама береді: «Еңбегі сіңген фейерверкерге,
георгий кавалеріне қарап ол былай деді, - ...түріктердің атқан оғының
алдында тұрғаннан бетер, бейбітшілік кезде өз армияңның офицері
алдында өмірің қиынырақ түсуде болды ғой рас па? деген екен.
Замандастары белгілегендей, сөзді бастай отырып, Спасович
басында тыңдаушылардың көңілін қалдырғандай болады.
Бірінші
сөздерді ол ылғи да үлкен ішкі кернеумен айтатын.
Шешен басында
тұтықтанып, сөздері дүлей болып,
даттары қиын туындап, құлаққа
жағымсыз естілетін, бірақ бірінші минуттар өткен соң, ол сөздерін
нық, нығыз, сенімді айтып дәрісхананы баурап алатын.
Байқалған сөз-
ақаулары жомарт, ашық кейіпті тілмен берілетін ой байлығымен
жуылып кететін.
Өз өмірінің 40 жылын адвокаттық қызметке беріп, Спасович осы
жұмысты әдеби және ғылыми қызметпен тіркестірді.
Оның
шығармаларының он томы білімнің ең түрлі-түрлі салаларына
арналды.
Мұнда сондай-ақ құқықтың сауалдарына арналған зерттеулер
және әдеби-таршылдық және публицистикалық мақалалар бар.
В.Д.Спасовичті әдеби еңбектері үлкен
дарын екенін және оның
қызығушылығының көпқырлылығында айғақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: