Автоматтандырылған тестілеу (компьютерлік тестілеу) – Автоматизированное тестирование
(компьютерное тестирование) – тестілеудің арнайы бағдарламалық жүйесі мен онда орналастырылған
тестілердің көмегімен оқушылардың білімін тексеру.
Ағынды аудио – Потоковое аудио (Streaming audio) – файл толығымен жүктелместен бұрын
браузер арқылы ойнала бастайтын аудио файл.
Ағынды бейне (Потоковое видео (Streaming video)) – сіздердің компьютерлеріңізге клиптің
тұтастай жүктелуінің аяқталуын күтпестен оны Интернет бойынша қарап шығуға болатын бейне.
Ақпараттық iздестiру жүйесi (Информационно-поисковая система; informtion retrieval system) –
форматталған сұраным бойынша мәлiметтердi сақтауға және iздестiруге арналған бағдарламалық жүйе.
Ақпараттық iздестiру тiлi (Информационно-поисковой язык; informtion retrieval language) –
компьютердің ақпараттық iздестiру жүйесiндегi құжаттарды немесе олардың үзінділерiн сипаттау үшін
арнайы әзiрленген жасанды тiл; оның көмегімен ақпаратты iздестiру жүйесiнің жадынан
пайдаланушылардың талап-тiлектерiне лайықты ақпаратты iздестiруге сұраныстар құрастырылады.
Ақпараттық анықтамалық жүйе (Информационно – справочная система; inguiry system) –
айрықша активтi режiмде жұмыс iстейтiн және тұтынушыны анықтамалық сипаттағы мәлiмдемелермен
жасақтайтын автоматтандырылған ақпараттық жүйе.
Ақпараттық база (Информационная база; information base) – автоматтандырылған жүйелерде –
сыртқы тасуыштарда орналастырылған және бағдарламалар мен компьютерде жұмыс iстейтiндердің
пайдалануына арналған мәлiметтер жиынтығы. Мыс., мәлiметтер банкiсiнде – ақпараттық база дегенiмiз
ақпараттық ресурстың бөлігi, ал оған мәлiметтер базасы мен оның сипаттамалары, яғни мәлiметтер туралы
ақпарат кiредi.
Ақпараттық білім беру ортасы (АБО) – Информационно–образовательная среда (ИОС) – бұл
Интернет ортасындағы кәсіби мамандықтан (ұсынылатын білім беру деңгейінен), ұйымдастыру-құқықтық
формалардан және оқу мекемелерінің меншіктілік формаларынан тәуелсіз оқу процесін жүргізудің біртұтас
технологиялық құралдары бар бағдарламалық-телеқатнастық және педагогикалық кеңістік. Оған тән үш
нышанды ерекшелейді: педагогикалық жүйемен қамтамасыз етілетін ішкі жүйелер: қаржылық,
материалдық-техникалық, маркетингтік, нормативтік-құқықтық; ақпараттық ресурстарды әзірлеуге
арналған иерархиялық әдістер және олармен жұмыс істеу; қашықтықтан педагогикалық іс-әрекетке
интерактивтілік қатынас құруға қызығушылық танытушы, мұндай қатынас құруға техникалық мүмкіндігі
бар және оған шынайы қатынас құруды қабылдаған бөліп үлестірілген кеңістіктегі субъектілер
қоғамдастығыC:\Documents and Settings\User\Мои документы\ДО\r1-1.htm - 1#1.
Достарыңызбен бөлісу: |