Реферат -апта дәріс. Ақпараттық білім беру ортасы- сағат


Автоматтандырылған тестілеу (компьютерлік тестілеу) – Автоматизированное тестирование



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата21.12.2023
өлшемі2.32 Mb.
#487195
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
ЖБББРӘ силлабус

Автоматтандырылған тестілеу (компьютерлік тестілеу) – Автоматизированное тестирование 
(компьютерное тестирование) – тестілеудің арнайы бағдарламалық жүйесі мен онда орналастырылған 
тестілердің көмегімен оқушылардың білімін тексеру. 
Ағынды аудио – Потоковое аудио (Streaming audio) – файл толығымен жүктелместен бұрын 
браузер арқылы ойнала бастайтын аудио файл. 
Ағынды бейне (Потоковое видео (Streaming video)) – сіздердің компьютерлеріңізге клиптің 
тұтастай жүктелуінің аяқталуын күтпестен оны Интернет бойынша қарап шығуға болатын бейне. 
Ақпараттық iздестiру жүйесi (Информационно-поисковая система; informtion retrieval system) – 
форматталған сұраным бойынша мәлiметтердi сақтауға және iздестiруге арналған бағдарламалық жүйе. 
Ақпараттық iздестiру тiлi (Информационно-поисковой язык; informtion retrieval language) – 
компьютердің ақпараттық iздестiру жүйесiндегi құжаттарды немесе олардың үзінділерiн сипаттау үшін 
арнайы әзiрленген жасанды тiл; оның көмегімен ақпаратты iздестiру жүйесiнің жадынан 
пайдаланушылардың талап-тiлектерiне лайықты ақпаратты iздестiруге сұраныстар құрастырылады. 
Ақпараттық анықтамалық жүйе (Информационно – справочная система; inguiry system) 
айрықша активтi режiмде жұмыс iстейтiн және тұтынушыны анықтамалық сипаттағы мәлiмдемелермен 
жасақтайтын автоматтандырылған ақпараттық жүйе. 
Ақпараттық база (Информационная база; information base) – автоматтандырылған жүйелерде – 
сыртқы тасуыштарда орналастырылған және бағдарламалар мен компьютерде жұмыс iстейтiндердің 
пайдалануына арналған мәлiметтер жиынтығы. Мыс., мәлiметтер банкiсiнде – ақпараттық база дегенiмiз 
ақпараттық ресурстың бөлігi, ал оған мәлiметтер базасы мен оның сипаттамалары, яғни мәлiметтер туралы 
ақпарат кiредi. 
Ақпараттық білім беру ортасы (АБО) – Информационно–образовательная среда (ИОС) – бұл 
Интернет ортасындағы кәсіби мамандықтан (ұсынылатын білім беру деңгейінен), ұйымдастыру-құқықтық 
формалардан және оқу мекемелерінің меншіктілік формаларынан тәуелсіз оқу процесін жүргізудің біртұтас 
технологиялық құралдары бар бағдарламалық-телеқатнастық және педагогикалық кеңістік. Оған тән үш 
нышанды ерекшелейді: педагогикалық жүйемен қамтамасыз етілетін ішкі жүйелер: қаржылық, 
материалдық-техникалық, маркетингтік, нормативтік-құқықтық; ақпараттық ресурстарды әзірлеуге 
арналған иерархиялық әдістер және олармен жұмыс істеу; қашықтықтан педагогикалық іс-әрекетке 
интерактивтілік қатынас құруға қызығушылық танытушы, мұндай қатынас құруға техникалық мүмкіндігі 
бар және оған шынайы қатынас құруды қабылдаған бөліп үлестірілген кеңістіктегі субъектілер 
қоғамдастығыC:\Documents and Settings\User\Мои документы\ДО\r1-1.htm - 1#1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет