15
екі
есе азаюымен, яғни гаплоидты болуымен ерекшеленеді. Қалыпты
жағдайда екі ұрпақ жасушаның біреуі хромосома жұбының гомологиялық
хромосомасының біреуін иеленеді. Жетіле бөлінудің екінші сатысы –
эквационды бөліну кезінде әр гаплоидты хромосома жиынтығы бар
сперматоцит ІІ-ден гаплоидты хромосомалар
жиынтығы бар екі жасуша
пайда болады. Бұл жасушаларды сперматидтер деп атаймыз. Осылайша, бір
диплоидты жасуша – сперматоцит І-ден мейоздық екі бөлінуден кейін 4
гаплоидты сперматидтердің түзілуі жүзеге асады.
Сперматидтердің сперматозоидтарға айналу үрдісін спермиогенез
немесе спермиогистогенез деп атайды. Оған ядро және цитоплазманың
барлық элементтері қатысады.
Жетілген сперматозоидтың басы, ортаңғы
бөлік (мойыны) және құйырығы болады. Сперматидтің ядросы
спермотозоидтың басына айналады. Цитоплазмалық органоидтардың
құрылысы
өзгере отырып, сперматозоидтың қозғалуы мен жұмыртқа
жасушасына енуін қамтамасыз ететін оның органдарына айналады.
Достарыңызбен бөлісу: