Д. К. Найманов, А. М. Калбаева Гендік және жасушалық инженерия


 Жануарлардағы гаметогенез



Pdf көрінісі
бет7/49
Дата21.12.2023
өлшемі1.81 Mb.
#487259
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49
Генетикалық инженерия оқу құралы (1)

1.4 Жануарлардағы гаметогенез
Жануарлардың жыныс жасушасы эмбриональды ұрық жасушаларынан 
пайда болады. Эмбрионалды ұрық жасушаларының бірнеше рет бөліну 
нәтижесінде сомалық та, ұрық жасушалары да пайда болуы мүмкін.
Соңғылары бірнеше қайталап бөліну нәтижесінде бірінші реттік, немесе 
примордиалды, яғни физиологиялық тұрғыдан әлі маманданбаған жыныс 
жасушаларын түзеді. Кей жағдайларда олар эмбриональды сомалық 
жасушаларына ұқсайды. Ұзақтығы әртүрлі болып келетін тыныштық 
мерзімінен кейін примордиалды жасушалар гониальды жасушалар – 
гонияларға айналады. Бастапқы кезде олар екі жыныста бірдей болғанымен, 
бірақ олар дифференциалданады: еркектерде – біріншілік сперматогониялар, 
ал ұрғашыларда – біріншілік оогониялар. Келесі митоздық бөлінулер кезінде 
олар екіншілік сперматогониялар мен оогонияларға айналады.
Біріншілік спертогониялар мен оогониялар қарапайым митоз жолымен 
көбейеді. Митоздық бөлінулер кезінде олар хромосомаларының диплоидты 
жиынтығын сақтағанымен, олардың көлемі кішірейіп, бөлінуді тоқтатады. 
Жасушалар өсу периодын бастап, көлемі ұлғаяды. Дамудың осы сатысында 
диплоидты хромосомалық жиынтығы бар еркектің жетілмеген жасушаларын 
бірінші дәрежелі сперматоциттер (сперматоцит І) деп, ал ұрғашы жасушасын 
– бірінші дәрежелі ооцит (ооцит І) деп атайды.
Ұрғашы және еркек жыныс жасушаларының қалыптасуында 
айтарлықтай айырмашылықтар бар.
1.5 Сперматогенез. 
Сперматоцит І мейоздық бөлінуге кіріседі; Жануарларда бұл үрдіс 
жетілу бөлінуі деп аталады. Өсу периоды кезінде сперматоцит І 
жасушасының ядросында жоғарыда көрсетілген мейоз фазаларындағы 
өзгерістер іске асады. Алғашқы жетіле бөлінудің нәтижесінде екінші 
дәрежелі сперматоциттер (сперматоцит ІІ) түзіледі. Олар хромосома санының 


15
екі есе азаюымен, яғни гаплоидты болуымен ерекшеленеді. Қалыпты 
жағдайда екі ұрпақ жасушаның біреуі хромосома жұбының гомологиялық 
хромосомасының біреуін иеленеді. Жетіле бөлінудің екінші сатысы – 
эквационды бөліну кезінде әр гаплоидты хромосома жиынтығы бар 
сперматоцит ІІ-ден гаплоидты хромосомалар жиынтығы бар екі жасуша 
пайда болады. Бұл жасушаларды сперматидтер деп атаймыз. Осылайша, бір 
диплоидты жасуша – сперматоцит І-ден мейоздық екі бөлінуден кейін 4 
гаплоидты сперматидтердің түзілуі жүзеге асады.
Сперматидтердің сперматозоидтарға айналу үрдісін спермиогенез 
немесе спермиогистогенез деп атайды. Оған ядро және цитоплазманың 
барлық элементтері қатысады. Жетілген сперматозоидтың басы, ортаңғы 
бөлік (мойыны) және құйырығы болады. Сперматидтің ядросы 
спермотозоидтың басына айналады. Цитоплазмалық органоидтардың 
құрылысы өзгере отырып, сперматозоидтың қозғалуы мен жұмыртқа 
жасушасына енуін қамтамасыз ететін оның органдарына айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет