Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


Түсіндіру қылмыстық заңның әсер ету көлеміне сай таралуына



Pdf көрінісі
бет16/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72
Түсіндіру қылмыстық заңның әсер ету көлеміне сай таралуына 
байланысты бөлінеді: шектелген, таралған және дәлме-дәл. 
Шектелген (тар көлемдегі) түсіндіру — заңдағы өз мәтініндегі дәлме-дәл 
көрсетілгенінен гөрі тар мағына беретін және заң нормасының тар шеңберде 
қолданылуын сипаттайтын түсіндіру.
Таралған (кең көлемдегі) түсіндіру — заңға дәлме-дәл түсіндіруден гөрі 
және заңдағы анықтамадан гөрі кең мағына беретін түсіндіру болып табылады. 
Дәлме-дәл түсіндіру деп заңның өз мәтіні мен заң нормаларының оның 
мазмұнына және мәнісіне, оның сөйлем құрамына тура келетін түсіндіруді 
айтамыз. 
3 Тақырып: Қылмыстың ұғымы 
 
Мақсаты: білім алушыларды қылмыс ұғымымен таныстыру, 
қылмыс белгілерін, қылмыстың басқа да құқық бұзушылықтан 
айырмашылығын, қылмыс санаттарын түсіндіру 
 
Жоспар: 
1.Қылмыстың ұғымы және белгiлерi. 
2.Қылмыс санаттары. 
 
1. Қылмыстың ұғымы және белгілері. Қылмыс және қылмыстық теріс 
қылық ұғымдары ҚР ҚК-нің 10-бабында берілген. Осы бапқа сәйкес айыппұл 
салу, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру 
немесе өлім жазасы түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты 
жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп 
танылады. 
Ал, қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы 
зиян келтірген не адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке 
зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу 
жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көзделген, 
айыпты жасалған іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады. 
Қылмыстың құрылымы мен сипатының өзгеруі түрліше әлеуметтік 
жағдайларға, құбылыстар мен үдерістерге, мысалы: экономикалық жағдайға; 
қалыптасқан ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерге; қылмыс заңнамасының 
өзгеруіне, қылмыстың алдын алу бойынша жұмыс сапасына және басқа 
факторларға тәуелді болады. Адамның теріс қылығы ғана қылмыс деп 
танылады. Сырттай көрініс таппаған, қоғамдық қауіп тудырмаған ой-пікір, 
ниет-пиғыл қылмыс деп танылмайды.
Қылмыстық құқықтың материалды және формальды анықтамасы бар, 
яғни формальды анықтамасында әрекеттің құқыққа қайшы екендігіне басты 


22 
назар аударылса, материалды анықтамасында әрекеттің құқыққа 
қайшылығымен қатар оның қоғамға қауіптілігіне көңіл бөлінеді. 
Қылмыстың бірінші белгісі — оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға 
қауіптілік — қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға нақты 
қауіп төндіретін немесе зиян келтіретін қылмыстың объективті белгісі (әрекет 
немесе әрекетсіздік). 
Қылмыстың міндетті белгілерінің бірі құқыққа қайшылық — яғни 
қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) 
жасау болып табылады.
Іс-әрекет екі нысанда көрініс табуы мүмкін, олар: әрекет ( субъектінің 
белсенді ісі) немесе әрекетсіздік (адамның жасауға міндетті және жасай алатын 
әрекетті жасамаған енжарлығы).
Әрекеттің қандайын қылмысқа жатқызу, қандайын жатқызбау әр 
мемлекеттің өз еркіндегі іс. Бір елде қылмыс ретінде жазаланатын әрекет өзге 
мемлекетте қылмысқа жатпауы мүмкін. Мысалы, ішімдік ішу не зинақорлық 
жасау - ер мен әйелдің некесіз жақындасуы ислам мемлекеттерінде қылмыс 
ретінде жазаланса, батыс елдерінде бұл әрекеттер қылмысқа жатпайды. Тек 
әйел адамның еркінен тыс болған жыныстық қатынас қана қылмыс болып 
есептеледі. Ал ислам елдерінде бұл әрекеттер ер мен әйелдің өз қалауымен іске 
асса да қылмыс болып саналады. 
Құқыққа қайшылықпен байланысты қылмыстың екі белгісі: кінәлілік 
және жазалылық болып табылады. ҚК-тің 19-бабыны,үшінші бөлігіне сәйкес, 
қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмыстық құқық 
бұзушылық үшін кінәлі деп танылады.
Кінәлілік - құқыққа қайшылықтың міндетті шарттарының бірі 
болғандықтан, субъектінің әрекетінде кінәнің жоқтығы оның әрекетін және 
қылмыстық құқыққа қайшылық белгісін де жоққа шығарады. 
Қылмыстың ендігі бір міндетті белгісі — қылмыстық жазаланушылық 
болып табылады. Жазаланушылық – бұл атынан-ақ айтылып тұрғандай әрбір 
заңға қайшы, қоғамға, қауіпті әрекет не әрекетсіздіктер заңмен міндетті түрде 
жазалануы тиіс. Кейбір жағдайларда қоғамға қауіпті, заңмен тиым салынған іс-
әрекетті жасаушы кінәлі тұлға жазаға тартылмауы да мүмкін, яғни қылмыстық 
жауапкершілікке тартуға ескіру мерзімі өтіп кетсе, кешірім, рақымшылық және 
т.б. жағдайлармен. 
Бұл белгілердің қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін де қатысы бар, 
тек қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не адамның жеке 
басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған іс-
әрекетке (әрекет не әрекетсіздік) байланысты. 
Жоғарыда айтылғандарға негізделе қылмыс дегеніміз қолданыстағы
Қылымыстық кодексте көрсетілген баптардағы қоғамға қауіпті әрекет не 
әрекетсіздікті жасауға байланысты жаза қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет